Ашы? саба? ?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлем


2-сабақ Қазақ тілі 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. «Отан» модулі бойынша
әңгімелей білуге, осы тақырып бойынша сөздер
мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс
пайдалана білуге, қарсылықты салалас құрмалас
сөйлем туралы толық түсініп, тапсырмаларды
білуге үйрету.
«Отан» модулі бойынша
өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту,
сауатты жазу дағдыларын және ауызекі сөйлеу
тілін, салалас құрмалас сөйлем және оның
түрлерін дұрыс ажырата білу, сөйлемдерде
сөздердің орын тәртібін сақтай білу дағдыларын
дамыту.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға
және оны қастерлеуге, ұқыптылыққа
адал еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтық жұмыс,
ойын.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Ережелерді жаттау. 8- беттегі жазылымдарды орындау.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.
Сыныпты үш топқа бөлу. Дайындалған тапсырмалар ішінен әр топ өз тапсырмаларын алады. Дайындыққа 15 минут уақыт беріледі.
І, ІІ, ІІІ топ өздеріне берілген тапсырмалар орындайды.
Әр топтан бір оқушы шығып, үстелдегі конверттің бірін таңдап алады.
Конвертте ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге жазылған тапсырмалар бар.
Содан кейін жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмасын тексереді.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі.
1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік алу.
2. Жаттығу жұмыстарын орындау.
3. Бекіту.
4. Үйге тапсырма беру.
Ү. Материалды түсіндіру кезеңі.
1. Қарсылықты алалас құрмалас сөйлем

Қарсылыңты салалас құрмалас сөйлем екі нәрсенің — құбылыстың, оқиғаның бір-біріне қарама-қарсы екенін білдіреді. Оның құрамындағы жай сөйлемдер алайда, бірақ, дегенмен, сонда да, т.б. шылаулар көмегімен байланысады.
Мысалы: Асан анасының туған күнінде "бестік" баға алғысы келіп еді, алайда мұғалім оның жұмысын тексермеді. Үйде оны бәрі де тамаққа күтті, бірақ Әсия өте кешігіп келді.
1. Салалас құрмалас сөйлемдерді шылаулармен толықтырып жазындар.
1. Қожанасыр баладан теңгені алғысы келді, ... оны ренжіткісі келмеді. 2. Баласы теңгені өзіне алғысы келді, ... әкесі адалдықты талап етті.
3. Қажымұқан әлі жас еді, ... әке-шешесіне көмектесу үшін жұмысқа түрды.
4. Қожайын айлықты аз төледі, ... Қажымұқан келісті.
Керекті шылаулар: дегенмен, сонда да, алайда, бірақ.
2. Диалогты оқу.
3.Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестрінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
4. Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқып, түсіну.

ҮІ. Түсінгенін тексеру кезеңі.
5. Тілдесім. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құраңдар.
6. Мәтін бойынша «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты:
Алдын-ала жұп кеспелер дайындалады: біреуіне – сұрақтар,
екіншісінде – жауаптарға арналған тірек сызбалар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады.Оқушылар кез келген түсті кеспені таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзінің серігін тауып бірге отырып жұмыс істейді.
ҮІІ. Білімін тексеру кезеңі.
24-бет. Жазылым.Бата-тілекті оқып, салалас құрмалас сөйлемдерді
Анықтаңдар. Көшіріп жазыңдар.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі.
Ережелерді жаттау. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемге 4-5 сөйлем ойлап жазу.