Жер шарыны? географиялы? белдеулері. ?МЖ 6-сынып


Күні : 8.05.2016ж Пәні: Физикалық география Сыныбы: 6 „Г“
Тақырып Жер шарының географиялық белдеулері
Жалпы мақсат: Білім беру: Жер шарының географиялық белдеулері туралы түсінік алады.
2.Дамыту :Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын  еркін айтып қорытынды жасай білуге, картамен жұмыс істеуге  дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: ынтымақшылдыққа, адамгерішілікке бірлікке тәрбиелеу.
Шағын
міндеттер:
1. Жер шарының географиялық белдеулерге бөліну себептерін біледі.
2. Жер шарының қандай географиялық белдеулерге бөлінетінін біледі
3. Кескін картаға географиялық белдеулерді түсіреді.
4. Географиялық белдеулердің бір – бірінен айырмашылығын ұқсастығын ажырата алады.
5. Қазақстанның қандай белдеуде жататынын және қандай табиғат зоналар кездесетінін біледі.
6. „Табиғат зоналарның қазіргі кездегі жағдайы“ ой талқы жасайды
Сабақтың типі Жаңа сабақты меңгерту сабағы
Оқу
процесінің
технологиясы Сабақ түрі: жаңа білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру сабағы
Сабақ формасы: топтық форма.
әдістері: сұрақ-жауап, миға шабуыл, проблемалық-ізденушілік
Құралдар: слайд шоу,кескін карта, кестелер, тарқатпа материалдар.
Көрнекіліктер: Географиялық карта, АКТ, оқулық, кескін карта, интернет желесі.
Бақылау әдістері : сұрақ-жауап (жеке, фронталды), диалогтық, өзін-өзі реттелу, СТО, шығармашылық жұмыстар.
Бағалау: балл
Күтілетін
нәтижелер Жер шарының географиялық белдеулері туралы түсінік алады.
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
1.Үй тапсырмасын тексеу
Оқушыларға географиялық қабық туралы 15 сұрақтан тұратын тест сұрағы беріледі. Сұрақтар оқушыларға жеке-жеке таратылып сұрақтың дұрыс жауаптары тақтаға шығарылады. Мұнан кейін шағалау шкалысы бойынша оқушылар өздері тексеріп өз бағаларын қояды.
2. «Мағынаны тану» жер шарының белдеулеріне
Гео белдеу-р
белдеулер
кластер жасайды.
3. ДЖИГ СО стратегиясы (ой толғаныс).
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулық бойыша мәтіндерді оқып танысады.
4. Топпен жұмыс. Әр топқа түрлі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыс жасау. Қажетті мәліметті интернет желісінен алу. Оқушыларға топ ішіндегі рольді бөлуге көмектесу.
1.Топ «Экваторлық белдеу».
2.Топ. « Субэкваторлық белдеу»
3. Топ «Торпиктік белдеу»
4. Топ «Субтропиктік» белдеу
5. Постер құрастыру әр топ өздерінің тапсырмасы бойынша оқыған мәліметтерін қатыстыра отырып постер жасау.
6. Шығармашылық жұмыс
Негізгі белдеулерге арналған кесте толтыру
7.Венн диаграммасы
Экваторлық ұқсастығы тропиктік

8. Ой талқы
«Қазіргі кездегі табиғат зоналарының жағдайы туралы не айтасыз?, Қазіргі кездегі табиғаттағ өзгерістер осы зоналарға әсер етуде ме?
9. Рефлексия
Тест сұрақтарына жауап береді.
Жауап парақтарына дұрыс жауаптарын белгіліп, бағалау шкаласы бойынша бағаларын қояды.
1. «Мағынаны тану» әдісінде бұрынғы өздерінің білетіндері мен білгендерінен кластер жасайды
Ендік зоналық

Геогр
белдеу-р
Геогра-қ зоналылық
Биіктік белдеу

ДЖИГ СО стратегиясы (ой толғаныс).
3. Мәтінмен танысады. Әр топ мәтіндегі тақырыпшаларды оқып топ ішінде талдайды.
4. Әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша алған мәліметтері мен ғаламтордан географиялық белдеулер туралы мағұлматтар жинап алынған мәліметтерді жинап топтық жұмыс жасайды. Топ ішінде оқушылар өздері рольдерді бөліп алады. Өздері топтар ішінде бағалау жүргізеді.
5. Постер құрастырып, топ ішінен бір лидер оқушыны шығарып,
презентация жасайды
6. Кестені толтыру. Жеке жұмыс
7 .Венн диаграммасы
Экваторлық ұқсастығы тропиктік

8. Ойталқы оқушылар топ ішінде бір - бірімен пікірлесіп өз ойларын ортаға салу үшін ортадан топ спикерін шығарады.
9. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып смаликтерге жапсырады.
Нақты үйге берілетін тапсырмалар
Географиялық белдеулер тақырыбын оқып мазмұндау. Белдеулерді картаға түсіру