Климатты? ?алыптастырушы факторлар. Жер шарында?ы климатты? белдеулер та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспар
33394651905Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№ 1 орта мектебі
География пәнінің мұғаліміАбильдаева Жанаргуль Магадановна
00Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№ 1 орта мектебі
География пәнінің мұғаліміАбильдаева Жанаргуль Магадановна
Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жүргізген мұғалімнің
аты-жөні Абильдаева Жанаргуль
Магадановна 7 «Б» сыныбы
Оқушының саны - 23 Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы №1 орта мектеп
Пәні География Сабақтың тақырыбы Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Сілтеме География 7 Бейсенова Ә., Әбілмәжінова., К.Каймулдинова Алматы «Атамұра» 2012жыл
Жалпы мақсатыОқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге үйрету
Міндеттер:
Жер шарындағы климаттық белдеулер түрлерімен танысу. Өздері тұратын жерлерінің климаттық белдеулерін анықтай білуге үйрету.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
4. Климаттық белдеулер жайлы түсініктердің пайда болуы.
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Тапсырмалар Климаттық белдеулер, климат қалыптастырушы факторлар тақырыбын мазмұндап келу. Климаттық белдеулер картасын пайдаланып, арктикалық, субарктикалық және антарктикалық, субантарктикалық климаттық белдеулерге сипаттама беру.
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /1-2 мин/
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға түрлі – түсті ауа райы түрлеріне байланысты суреттер таратылады, сол суреттер арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
/2 мин/
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2
Мұғалім: Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «ыстық орындық» ойыны орындалады.
Интербелсенді тақтада төмендегі сөздер тұрады: жел, геосинклинал, атмосфера, тропосфера, плита, Вегенер, ауа массалары, изотерма, изобара, климат (8 минут)
Қызығушылығын ояту мақсатында миға шабуыл стратегиясын қолданамын. Тақтада жер шарындағы климаттық белдеулер суреті көрсетіледі, оқушылар осы суреттің не екенін анықтауы қажет. (3 минут)
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу - оқушыларды белсенділігін арттыру
ІІ. Мағынаны тану
Мағынаны тану мақсатында «Кластер» стратегиясын қолданамын.
Мұнда оқушылар плакатқа «климаттық белдеулер ұғымын» ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті етіп, материалды графикалық ұйымдастыру керек.
Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут
Сергіту сәті: Географиялық эстафета (2 минут).
Деңгейлік тапсырмалар: үш топқа үш түрлі тапсырма.
1 – топ жазбаша. 1. Белгілі климат зерттеуші .................................
2. Аса ірі континенттік шөлдер: .................. 3. Климат қалыптастырушы факторлар .............................. 4. Негізгі климаттық белдеулер................массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді.
2 – топ. Синквейн Климат, белдеу, субэкватор, қоңыржай, тропиктік
3 – топ. Сәйкестік сынақ.
№ Сұрақтары Жауаптары
1 Тропиктік белдеулер Қысым төмен, жыл бойы ауа температурасы жоғары болады.
2 Қоңыржай белдеулер Тұрақты жоғары қысым мен төмендеген ауа қозғалысы басым. Жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары.
3 Субэкваторлық белдеу Ауа массалары мен батыс желдері басым болады, салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады.
4 Экваторлық белдеу Жаз экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас.
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру ІІІ. Ой қорытынды
Бүгінгі сабаққа сараптама
Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?
Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?
Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?
Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?
Экспресс – тест
Белгілі климат зерттеуші? (Алисов)
Климаттық белдеулерді ата
Климат қалыптастырушы факторлар
Бағалау түрлері
оқушының өзін-өзі бағалауы;
топтық өзін-өзі бағалауы;
мұғалімнің бағалауы;
жалпы бағалау;
критерийлер арқылы бағалау Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні____________________________________
№ Оқушының аты-жөні Сыныптасыңды бағалау Мұғалімнің бағалауы
1 2 3 4 -сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру... Үй тапсырмасы: 11 Кескін картаға климаттық белдеулерді салу
/1,5 мин/
45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.
-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.
2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.
3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.
Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Чемодан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).