Климат ?алыптастырушы факторлар ашы? саба? 8-сынып
Қазақстанның климаты
Климат қалыптастырушы факторлар
Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға Қазақстан климаттының ерекшеліктерін түсіндіру.Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және "күн радиациясы" ұғымын қалыптастыру.Күн радициясының түрлерімен (туру,шашыранды, жиынтық )
таныстыру.Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радициясының таралуы заңдылықтарын түсіндіру.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы.Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радициясының картасы.
Негізгі ұғымдар: Климат.климат қалыптастырушы факторлар:географиялық ендік,ауа массалары,климатқа мұхиттар мен ағыстардың,жер бедері мен биіктіктің әсері.
Оқыту іс-әрекеттері мен әдістері: Қазақстан Еуразия құрлығының ортасына орналасуымен климатында өзіндік ерекшеліктерінің болуын түсіндіру.Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеуде бұрынғы сыныптарда өткен климатологиялық ұғымдарын естеріне түсіріп әңгімелесу.Физика курсындағы "Жылу құбылыстары "
тақырыбында алған білімдері негізінде" күн радиациясы" ұғымын түсіндіру. Сызбаны пайдалана отырып күн радиациясы түрлері туралы білім беру.Оқулық картасымен жұмыс істей отырып жиынтық күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:Мұғалім сабақты Қазақстан климатының ерекшеліктеріне сипаттама беруден бастайды.Қазақстан климатының шұғыл континентті екенін,оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады.Оқушылардың бұрынғы курстардан алған климатологиялық білімдерін жүйелей отырып,географиялық ендіктен,жер бедерінің, ауа массаларының,мұхиттардың және мұхит ағыстарының белгілі бір аумақтың климаттың қалыптасуындағы рөлін естеріне түсіреді.Ол үшін мынадай әңгімелесу сұрақтарын қояды:Климат дегеніміз не?,Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді?,Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің рөлі қандай?,Қазақстан аумағының мұхиттан алыс орналасуырның климатына қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға жауап ала отырып мұғалімнің негізгі міндеті оқушыларды климаттың қалыптасу себептерін,климат құрушы факторлар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашуға үйрету.
Қазақстан климатының қалыптасуын негізгі мынандай үш фактор анықтайды:күн радиайиясы,атмосфера алмасуы және төсеніш беттің сипатты.Төсеніш беттің сипаты туралы климат құрушы факторлардың арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу кезінде айтылады.Бүгінгі сабақта күн радиацияын оқып үйренейік.
Мұғалім оқушыларға мынандай сұрақ қояды: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай рөлі бар?Бұл сұраққа оқушылар Күннің Жер үшін энергияның негізгі көзі екенін, Күн жер бетін, суды, мұхиттарды қыздырып,күн сәулесінің әсерінен өсімдіктерде фотосинтез процесі жүретіндігі туралы жауап береді.Бірақ оқушылар Жер бетіне күн сәулесінің түсуімен,күн жылуының таралу процестерін түсінбейді. Сондықтан мұғалім күн радициясы ұғымына анықтама беріп,оның өлшем бірлігін айтады.Оны мына жоспар бойынша баяндайды:
Радиация дегеніміз не?
1.Күн радиациясының түрлері:
а) тура күн радиациясы,
ә) шашыранды радиация
б )жиынтық радиация,
в) тұтылған радиация,
г )шағылысқан радиация.
2.Күн радициясының географиялық ендікке байланыстылығы.
3.Күн радициясының атмосфераның мөлдірлігіне және жыл мезгілдеріне байланысты таралу заңдылықтары.
Күн радициясының түрлері туралы білім қалыптастыруда мынандай сызбаны пайдалануға болады:
жиынтық күн радиациясы
шашыранды күн радиациясы
тұтылған күн радиациясы
шағылысқан күн радиациясы
тура күн радициясы
Күн радициясының географиялық ендік бойынша таралуында оқулықтың 79-бетіндегі Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радициясы картасымен жұмыс істеуге тапсыфрма
беріледі:
·Картадан Петропавл, Астана,Қарағанды, Жезқазған, Тараз, және Шымкент қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.
·Қазақстан аумағындағы 66 меридианы бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?
·Бір ендіктің бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?
·Алынған фактілерді пайдалан отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.
Үйге тапсырма: Кескін картаға жиынтық күн радициясын түсіру.
Климат қалыптастырушы фактор
Мұхиттардың ықпалы
Жер бедерінің сипаты
сипаты
Ауа массаларының
қозғалысы
Географиялық ендік