«Топты? ж?мыс – м?селені бірлесіп шешуді? негізгі ??ралы»
Коуч: Аханова Меруерт Ахановна
Коуч-сессия
тақырыбы: «Топтық жұмыс – мәселені бірлесіп шешудің негізгі құралы»
Мақсаты: Мұғалімдерге топтық жұмыстың- мәселені бірлесіп шешудегі тиімді әдіс екенін жеткізу.
Түйінді идеялар: Мұғалімдер сабақтарында топтық жұмысты пайдаланып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыра алатын болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытады.
Оқыту нәтижесі: Топқа бөлудің әдістерін үйренеді, топ ережесін сақтауды, бағалау түрлерімен таныс болады.
Уақыт Коуч-сессияның мазмұны Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті Бақылаулар
3 минут Психологиялық ахуал тудыру «Әндететін фонтандар» видеосын көрсету Тыңдап, эстетикалық ләззат алады Барлық тыңдаушылар мұқият тыңдап отырды, ұнады.
3 минут «Миға шабуыл» Әр мұғалімге жеке-жеке, әртүрлі саладан тапсырма беріледі. Сұрақтарға әр мұғалім жауап іздеуге тырысады Мұғалімдер жеке- жеке отырып, сұрақтарға жауап іздегенде қинал-ды.
2 минут Топқа бөлу Қолдарыңыздағы сұрақтардың түріне байланысты «Техник-тер» және «Гуманитария» топтарына бөлу. Қатысушылар екі топқа бөлініп отырады Мұғалімдер жылдам бөлінді
10 минут Топтық жұмыс Әр топқа МАН-нан алынған топтық жұмысты ұйымдас-тыру ережесін таратып беру Топ мүшелері мәтінмен танысады, постер құрайды, өз тобынан елші сайлап, келесі топқа түсіндіруге жібереді. Постер қорғаған кезде «Гуманитария» тобы уақытты тиімді пайдала-на алмады, «Техниктер» тобы жақсы жұмыс жасады.
2 минут Сергіту сәті «Көңілді күн» сергіту сәтін қосады Қатысушылар барлығы қайталап орындайды, көңіл-күйлерін көтереді Барлық қатысушылар белсенді болды
2 минут Топқа бөлу «Молекула» стратегиясын пайдаланып, топқа бөледі Қатысушылар қайтадан екі топқа бөлінеді «Атомдар» және «Молекулалар» топтарына бөлінеді 3 рет шапалақтаса екі адамнан, 5 рет шапалақтаса 5 адамнан тұратын топ құрылады.
5 минут «Пікірлер алаңы» «Әткешек» стратегиясын пайдаланып, әр топқа екі түрлі плакатқа «Топтық жұмыс тиімді» деген пікірлер, ал келесіге «Топтық жұмыс тиімсіз» деген пікірлерді стикерлерге жазу ұсынылады Әр топ мүшелері бірігіп, өз пікірлерін стикерлерге жазып постерге жапсыра-ды, сосын келесі топқа береді, олар ол пікірмен келіссе «+» таңбасын, келіспесе «-« таңбасын қояды, сосын плакаттар топтарға қайтып оралып, қайтадан талданады. Барлық пікірлер топ мүшелерінің пікірле-суімен жазылды, талқы-лау да топ мүшелерінің толық қатысуымен жүрді
3 минут Қорытынды Стикерлер таратып «Топтық жұмыс- мәселені бірлесіп шешудің негізгі құралы» деген пікірмен келісесіздер ме?- сұрағына жауап алу Мұғалімдер өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іледі. Барлық қатысушы келісетіндерін жазды
2 минут Рефлексия Коучинг барысын бағалау:
- ашық алақан – мақсатқа жеттік, түсінікті;
- 2 саусақ жоғары - жартылай түсіндік, әлі де білсек дейміз;
- жұдырық- ештеңе түсінген жоқпыз;
Қатысушылар алақан, саусақ немесе жұдырықта-рын көрсете отырып, коуч-сессия барысын бағалайды Бірнеше мұғалім мақсатқа жеттік десе, біразы әлі де біле түссек деген бағалау ұсынды.