Коучинг С?ра? ?ою ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлауын дамыту
Сессияның тақырыбы Сұрақ қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Жалпы мақсаты Әріптестерге түрлі жұмыстарды жүргізу арқылы сұрақ қою сыни ойлауға дамыту туралы мәлімет алу
Қолданылатын материалдар Слайд түрлері, бейнетаспа, салфетка, ойыншықтар, жемістерден жасалынған бұйымдар, маркер, постер, кері байланыс парағы
Оқу әдістері Топтық жұмыс, миға шабуыл, мағынаны тану
Дереккөздер Видео,слайд, стикерлер
Негізгі идея Сұрақ қою-сыни ойлауға үйретудің басты тетігі екенін түсінеді.
Сессия кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
І. Кіріспе кезең
7 минут Қатысушыларға салфетка таратылады. Салфетканы бүктеп әдемі бүршіктер (снежинка) жасауды ұсынады. Жасаған бүршіктер бірдей болған жоқ. Сіздер әр түрлісіздер және пікірлеріңіз әр түрлі.
«Аяз ата сыйлығы» бейнетаспасын көрсету. Әрбір қатысушы Аяз ата қалтасынан сыйлық алады. Топ алған сыйлық бойынша үш топқа бөлініп алады.
Қатысушылардың бүршіктер (снежинка) әр түрлі жасайды.
Мұғалімдер үш топқа бөлінеді
ІІ. Негізгі бөлім
30 минут Миға шабуыл
Бейнетаспа көрсету «Как задавать вопросы?»
1 жүргізілетін жұмыс
І, ІІ, ІІІ топқа
Сұрақ қою
Төменгі дәрежелі сұрақтар:
Ашық сұрақтар: Не? Қашан? Кім? Қанша? Қалай?
Жабық сұрақтар: Менікі дұрыс па? (Ия, жоқ)
1.Бұл бұйымдар жемістен жасалған ба?
2.Қанша жеміс қолданған?
3.Бұл бұйымнан не байқадыңыздар?
4.Қандай ой саласыздар?
Барлық топ ізденіп болған соң өз жұмыстарын алдарына берілген қағазға түсіреді және ортаға шығып қорғайды
(10 минут)
«Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топтар бір-бірлерін бағалайды
(1 минут)
2 жүргізілетін жұмыс
Слайд (№2)
Телехикая кейіпкерлерінің бейнетаспасын көрсету. («Келін», «Сүйген жар», «Қыз ғұмыры») Сомдау
Топ өзара 2 жұлдыз 1 тілек арқылы бағалау
Ашық, жабық сұрақтар туралы түсінік беру (слайд№3)
а) Жабық сауалға «иә», «жоқ» немесе басқа бір сөзден тұратын деген жауап
қайтарылады.
ә) Ашық сауалдарға: қалай?, қалайша?, қашан?, қандай?, қай жерде?, неге?, неліктен?, не үшін?, қанша? және т.б. сұрақ сөздері жатады.
М: Сабақта оқушылардың сыни ойлауға үйрету үшін жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтардың маңызы зор.
Сергіту сәті(«Шырша)
3 жұмыс түрі
«Бәрін білгім келеді»ойыны
(3 мұғалім шығады)
Осы «Бәрін білгім келеді» ойынында қойылған сұрақтар қандай сұрақтар деп ойлайсыз? Бейнетаспаны көру арқылы ой бөліседі
Әр топ өз ойларын ортаға салады (қорғайды)
Талдайды, ой бөліседі, пікірлеседі, бір тоқтамға келеді
Өзара бағалайды
Тыңдайды және өз пікірлерімен бөліседі
Топпен жұмыс жүргізіледі
Формативті бағалауды жүзеге асырады
Шыршамен би билейді
Мұғалімдердің
ой-пікірлері тыңдалады
ІІІ Қорытынды
• Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Снежинка» ойыны түрінде алу.Қатысушыларға 2 түсті маркер беріледі.
Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған әсерлеріңізді өздерің жасаған бүршіктерді(снежинка) 3 түске бояу: ақ түс – жақсы әсер алдым; сары түс – орташа; қызыл түс – әлі оқуым керек, толықтыруым керек
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен қандай әсер алғандарын көрсетеді.Рефлексия
Құрметті әріптестер! Деңгейін анықтау үшін сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз.
Мұғалімдердің пікірлерін, көзқарастарын білу көзделеді
Сұрақтарға жауап алынады, мұғалімдер өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Кері байланыс жасалады.