С?ра? ?ою ар?ылы о?ушыларды? сыни ойлауын дамыту
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының физика және информатика пәнінің мұғлімі Байғуатова Шынар Мауленовна
Коучинг жоспары: Сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Мақсаты: Сабақтарға талдау жасай отырып, қолданылған сұрақ-жауап әдісі туралы мәлімет беру. Сұрақтардың түрлерін ажырата білу, тиімді әдіс-тәсілдер ұсыну. Оқушылардың тиімді сұрақтар арқылы сапалы жауап қайтаруға дағдыландыру және сыни ойлауын қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Нәтиже: Сұрақ қою маңыздылығын түсінеді, сабақтарында сұрақ түрлерін тиімді қолданады, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға сапалы білім беру жолдарын қарасыруға ойланады.
Кезеңдері Мақсаты Сұрақтары
«Көршінің суреті» тренингі Мұғалімдер бір-бірімен танысу және жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі.
Топқа бөлу -Көршіңіз туралы не білесіз?
-Көршіңіздің бойында қандай жақсы қасиет бар?
Бағдаршам түстерін таңдау арқылы топқа бөлінеді
Кіріспе
Тұлғаралық қатынасты орнату -Бүгінгі коучингтан не күтесіз?
-Қандай мақсатпен келдіңіздер?
Тақырып бойынша білім деңгейін анықтау. Сыныптағы оқушылармен әңгімені дамыту үшін, оқушыны сыный ойландыру үшін мұғалім нені қолдану керек деп ойлайсыздар?
-Сұрақтың қандай түрлерімен таныссыздар?
-Сұрақтың маңыздылығы қандай?
-Оқушыны сыный ойлата алама?
Қиындықтарды анықтау Мұғалімдер топ ережесін сақтай отырып, табыс критерийлерін құрады. Бүгінгі тақырыбымызға табыс критерийлерін құрайық.
1. Сыни ойлауды дамытамын.
2. Сұрақты нақты қоямын.
3. Уақытты үнемдедім
Тұсаукесер Екі сабақ туралы ертегі таратылады.
Екі сабақ туралы ертегі таратылады.
-Неге екі түрлі мәтін таратылды деп ойлайсыздар?
-Екі мәтіннен қандай өзгешелікті көріп тұрсыздар?
-Бұл сабақта мұғалімнің іс-әрекетін қалай бағалайсыз?
-Оқушыдан не көріп тұрсыз?
Негізгі бөлім Берілген мәтін бойынша рөлге бөліп көрсетеді. Топтарға ресурстар таратып, топта талқылайды.
1 топ А мұғалімінің іс-әрекетін рөлге бөліп көрсетеді.
2 топ В мұғалімі нің іс-әрекетін рөлге бөліп көрсетеді.
3 топ Екі топтағы іс-әрекетті талдайды.
-Мәтінде әңгіменің қандай түрлері қамтылған?
-Сұрақтың қандай түрлері қолданған?
-Оқушыда қандай өзгеріс болды?
Қиындықтарды анықтау. Сұрақ қоюда қандай қиындықтармен кездестіңіз?
Қорытынды Коучингтің өзектілігін анықтау Сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыта алдыма?
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім қандай нәтижеге қол жеткізеді?
Қосымша бейне жазба көрсетіп, тыңдатылады.
-Бұл жайлы не ойлайсыз?
-Сіз бұл тәжірбиеден не алдыңыз?
-Сіздің көзқарасыңыз қандай?
-Оқушы үшін маңыздылығы қандай?
Коучингті саралау
«Рефлексиялық нысана» техникасы бойынша бүгінгі тақырып бойынша алған біліміңізді стикер жапсыру арқылы көрсетесіз. 1.Бүгінгі коучингтен не алдыңыздар?
2.Коучинг барысында қойған мақсаттарыңызға жете алдыңыз ба?
3.Сұрақ қоюдың қандай маңыздылығын білдіңіз?