Ш.М?ртаза интернат наны
Күлімжан Ақжолқызы Қырықмылтықова №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш класс мұғалімі.
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Интернат наны. Ш.Мұртаза
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Т.Рысқұлов өмірі жайлы оқығанды еске түсіре отырып, Ш.Мұртазаның «Интернат наны» әңгімесін түсініп оқуға , өз ойын жеткізе білуге үйрету.
2.Мәтінді дұрыс құрауға, дұрыс ойлауға, ойын тиянақты жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.
3.Шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Джиксо, әңгімелеу, араласып кеткен оқиғалар, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Т.Рысқұлов , Ш.Мұртаза суреттері, слайдтар, бейнежазба
Сабақ барысы:
1.Қызығушылықты ояту.
Күн жарығын алақанға саламын ,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, осы күннен алған жылуымызбен сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөліну: конфет түріне қарай бөліну.
2.Үй жұмысын тексеру.
1 топ. Ж.Жабаев туралы не білеміз?
2 топ Ж.Жабаев мәтінде өз туған жерін қалай сипаттаған?
3 топ Ж.Жабаевтың еңбектері.
4 топ Мәтінді баяндау
3.Мақсат қою кезеңі:
-- Ас атасы не?
--Дастархан сәні не?
Онда бүгінгі сабағымыз «нан»сөзімен байланысты Ш.Мұртаза ағамыздың «Интернат наны» әңгімесімен танысамыз
Автор туралы ой –қозғау.Ассосация.
Ш.Мұртаза
Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысыШерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы.
4. «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша мәтін бөліктерін құрастыру.
5.Мағынаны тану . Джиксо әдісі бойынша.
11111 22222 33333 44444 55555
Бөлікке ат қою.
Өз топтарына қайта оралу 12345 12345 12345 12345 12345
Топта мәтінді талқылау, қорғауға дайындалу.
Жеребе суыру арқылы әр топ өз бөлімін айтып шығу.
6. Сөздік жұмысы
Ебі келсе - ыңғайы,реті келсе.
Интернат – ауылы алыстағы балалар жатып оқитын орын.
Ауқат – ас.
Жаси бастайды – жуаси бастайды.
Қанар – қап.
Палундра! – Аттан!
7. Ойтолғаныс.
«Мәтін туралы сенің пікірің» атты кестені топта талқылау арқылы толтыру.
Мәтіндегі оқиға қай кезде болды деп ойлайсын? Неден қатты әсер алдым? Тереңірек білгім келеді Нені толықтырғым келеді?
«Шебер қалам иегері» Топ жұмысын қорғау
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Интернат наны», «Жаңа жылдық жаңаша түс»әңгіме құрастыру.