План урока казахскому языку на тему Ё ё дыбысы ж?не ?ріпі
Ё ё дыбысы және әрпі
0
Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ё дыбысын дұрыс айтып, әріпті дұрыс жазуға үйрету. Ё әрпінің басқа әріптерден ерекшелігін түсіндіру.2. Дамытушылық. Балалардың ойлау, есте сақтау, музыкалық қабілетін дамыту. Оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.3. Тәрбиелік. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа білімді хабарлауСабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауапСабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы, шырша мен ойыншықтары, доп, плакат, әліпби, ойыншықСабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі- Сәлеметсіздер ме, балалар?! Қалдарың қалай?- Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар.Үй тапсырмасын тексеру.- Балалар өткен сабақта қандай әріппен танысып едік? Х әрпінен басталатын сөздерді айтып беріңдерші. Үйде сендер хоккей туралы мәтінді оқу керек болғансыңдар. Қане, оқиық.Мәтінді оқыту.Қызығушылықтарын ояту.- Балалар, ал хоккей ойынын қайда ойнайды? Қай мезгілде хоккей ойнауға болады? Қыс мезгілінде. Міне бізге де қыс келіп қалды. Ауа райы қандай? Алдымызда қандай мейрам жақындап келеді? Ал Жаңа жылда біз нені безендіреміз? Мен сендерге бүгін шырша жасап әкелдім.Біреу есік қаққан сияқты. Көрейікші. Бізге қонаққа сиыр келіпті, сиырдың аты Буренка, ол бізге шыршаны безендіруге ойыншық әкеліпті. Бірақ ойыншықты алу үшін алдымен жұмбақтарды шешіп, мына сөзжұмбақ кестесіне толтыруымыз қажет.1. Қысы – жазы бүр түсте. Ол не? Шырша2. Біздің еліміздің Астанасы? Астана3. Алыстағы досыма мен не жазамын? Хат4. Дәм сезу мүшесі. Тіл5. Шырша орысша қалай айтылады? Ёлка6. Апаң сенің базардан, алма сатып әкелді, ең қызылын, тәттісін саған таңдап берді. Не айту керек мұндайда? РахметСөзжұмбақ шешу. Шыршаны безендіру.ІІ. Жаңа сабақ.- Сөзжұмбағымызда қандай сөз жасырынған екен. Шахтер деген кім? Шахтёр, ёлка және Бурёнка сөздерінде қандай ортақ бізге таныс емес әріп бар екен? Демек біз бүгін Ё әрпімен танысатын болдық, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.Ё дыбысын бірге айтайық. Ол екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалды. Й және О дыбыстары бірге айтылып, бір Ё әрпімен таңбаланады.Ё әрпінің баспа және жазба әріптерін көрсету.Плакатпен жұмыс. Тірек сөздер беру арқылы сурет бойынша әңгіме құрғызу. Тірек сөздер: шахта, көмір, шахтер, күрек, қазу, жылу.Оқулықпен жұмыс. Оқулықта берілген Шахтер мәтінін оқыту.Сергіту сәтіМузыкалық сергіту сәтін өткізу. Қамажай әуеніне қимылдар жасау.Дәптермен жұмысё әрпін бастырып, өздігінен жазуды үйрету.«Сөз ойла, көп ойла» ойыны.Барлық балаларға жеке доп лақтырылады дыбыс айтып, оқушы айтылған дыбыстан басталатын сөз ойлап табуы қажет.«Жұбын тап» ойыны- Қазір әрбіреулерің шығып, бір сурет таңдайсыңдар. Суреттегі затты атап, қай әріптен басталса сол әріптің жанына ілулерің керек.Қорытындылау- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?- Ё дыбысы қандай дыбыс екен?- Ё дыбысы бар қандай сөздер білдіңдер? Жазып алайық.Оқушыларды жұлдыздармен немесе төртбұрыштармен бағалау.- Ал, енді балалар, алған жұлдыздарыңмен шыршаны безендірейік. Қандай әдемі. Мұндайда неге ән айтпасқа.Шырша әнін айтып, шыршаны айналу.- Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.