Биология. Та?ырыбы: Г?лді? ??рылысы


Гүлдің құрылысыСабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне  толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: араласСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңіСынып оқушылары 2 топқа бөлінеді:
1.«Қызғалдақ»                    2. «Раушан»
I. Жаңа сабақМұғалім гүл бөлімдерін, олардың маңызын түсіндіредіII. Жарыс сабақ түрінде екі топ арасында өрбиді1.Кітаппен жұмыс35, 36, 37, 38, 39 – суреттерімен танысады2.Зертханалық жұмыс “Гүлдің құрылысымен танысу”
Нағыз гүлден, жасанды гүлден бөлімдерін табу
3.Оқушылардың  теориялық алған білімдерін пысықтап, сабақты бекіту үшін биологиялық ойындар, тестік сұрақтар қойылады.
1.”Кім шапшаң” ойыныМақсаты: Оқушылардың гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін бекітуОйынның шартты: Екі топқа  гүлдің мүшелерін жазылған қиық қағаздар таратылады, осы қағаздарды магнитті тақтаға жазып, тұстарына сәйкес сандарын жазады, және өздеріне берілген гүл бөлімдерін таблицадан көрсетеді2. ”Ым білмеген, дым білмейді” ойыныТақтаға шыққан  оқушының өзіне көрсетілмей гүлдің мүшесінің суретті маңдай тұсына қолмен ұсталып тұрады. Қарама – қарсы топ мүшесінің бірі тұрып суреттегі гулдің бөлігін ыммен түсіндіреді. Оқушы гүл бөлігінің атын табуы керек3. ”Тапқыр болсаң тауып көр” ойыныОйын шарты:
Еденге бормен екі дөңгелек сызылады. Бірінші шеңбердің ішіне  ”Жайгүлсерік”, екінші шеңберге ”Қос гүлсерікті” деп жазылған. Оқушыларға өсімдіктің аты жазылған қағаз таратылады. Мұғалім белгі берген кезде әр оқушы өсімдікке тиісті шеңберге тез кіруі тиіс.
4. ”Сиқырлы сандық” ойыныОқушылар сандық ішіндегі тестік сұрақтарға жауап береді. Қарсы топ мүшелері 70 – беттегі ”біліміңді сына” сұрақтарынан сұрақ қойып,оқушының өткен тараулардан алған білімдерін сынайды.
”Оқушылардың білімін бағалау” парақшасына топ жетекшілері баға қойып отырады.
5.  ”Жас ғалымдар” ойыныҰлғайтқыш әйнекті пайдалана отырып бүршіктің, пияздың ішкі құрылыстарын айтып шығады.
6.  ”Біліміңді тексер” ойны 74 – бет
7. Гүл туралы мақалдардан сайыс8. Жұмбақтар9. ”Гүл сыйлай білеміз бе? ” ойыны10. Голландия. Гүл саудасы. Бизнес қызғалдақ”Қайың сауған, қозықұйрық жеген” Жоңғар шапқыншылығыӘнКүлтенің маңызы←                 ,     ,
Оқушы білімін бағалауІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңіСынып оқушыларын 3 топқа бөлу арқылы «Өсімдіктің вегетативті мүшелері» тақырыбында білімдері текеріледі 
 
ІV. БекітуОқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін әр топқа тапсырма беріледі.
1-топқа – Аталықтың құрылысы2-топқа – Аналықтың құрылысы3-топқа – Гүлдің құрылысы№12-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.
Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.
Құрал-жабдықтар:нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.
Жұмыстың барысы:
1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.
2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.
3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.
4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.
Нәтижесі:1) Гүлдің құрылысын жаз:
2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.
2. Тозаң ұясы бар.
3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.
4. Үлпекке айналған бөлігі.
5. Жәндіктер қоректенеді.
6. Шірне бөлетін бөлігі.
7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.
8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.
9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.
10. Хош иіс шығаратын бөлігі.
11. Мойны бар.
3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?
Қорытынды:
Үй тапсырмасы.  §22 оқып, гүл бөліктерін түрлі қағаздан әзірлеп, қатты қағазға жапсырып әкелу.