Биологиядан Г?лшо?ырлар, г?лшо?ырларды? биологиялы? ма?ызы та?ырыбыны? саба? жоспары (6-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Гүлшоғырлар, гүлшоғырлардың биологиялық маңызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды күнделікті кездесетін гүлдерден гүлшоғырларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Гүлшоғырлардың түрлерін ажырата алуға дағды қалыптастыру
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: В.Ф.Шаталовтың технологиясы, сын тұрғысынан ойлау әдістемесінің элементтеріСабақтың көрнекіліктері: презентация слайдтары, тест, тапсырмалар
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма: § 21 оқу, біліміңді тексер тапсырмысын жазбаша орындау
Сабақ барысы:
Биологиялық диктант
Суретте не бейнеленген
Жаңа сабақ
Тірек-сызба
Ізден тап
Кім жылдам
Сәйкесін тап
Бағалау
Рефлексия
1. Биологиялық диктант
Тостағанша мен күлтені қосып гүлсерік деп атайды.
Гүлде тостағанша мен күлтенің біреуі ғана болса,
жай гүлсерікті гүл, ал екеуі де болса қос гүлсерікті гүл дейді.
Егер гүлсерігінің пішіні бірдей болса, дұрыс гүл (қызғалдақ, алма, т.б.)
Гүлсеріктерінің пішіні әр түрлі болса, бұрыс гүлдер деп аталады.
Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген қысқарған өркен
гүл деп аталады.
Көбею мүшелеріне гүл, жеміс, тұқым жатады
Биологиялық диктант (жазбаша)
1.Гүлдің барлық бөлімдері ....... бекінеді. 2.Күлтенің ашық реңі тікелей күн сәулесін шағылыстырып қызуын бәсеңдетіп, ...... пен ..... қызып кетуден сақтайды. 3.Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақша ...... деп аталады.4.Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды ......... дейді.5. Жай гүлсерікті гүлде ..... немесе ..... болмайды. 6. ....... гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі 7. ..... көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. 8. ..... сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша. 9. .....гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі, гүлдің дәл ортасында орналасады. 10.Гүл жазықтығында бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе ...... деп аталады. 11.Әрбір аталық -.... ...... және ..... тұрады.
Кілті: 1. Аталық ,аналықты; 2.табанына; 3.гүлсеріксіз гүлдер.4.Аталық, аналық
5. гүл серігі. 6.тостағанша, күлте. 7.Тозаң. 8.тостағанша. 9. аталық жіпшесінен, тозаңқаптан. 10.аналық. 11.дұрыс гүл.
2. Суретте не бейнеленген,түсіндір

3. ЖАҢА САБАҚ «Гүлшоғырлар, гүлшоғырлардың биологиялық маңызы»
1)

2)
Шашақгүл (слайд)
масақ (слайд)
собық (слайд)
қалқанша (слайд)
атыршагүл (слайд)
шоқпарбас (слайд)
себетгүл (слайд)
күрделі шашақ-сыпыртқыгүл (слайд)
күрделі масақ (слайд)
сырға гүлшоғыры (слайд)
күрделі шатыр (слайд)
3) Гүл мен гүлшоғырдың маңызы
Гүлзарларда әсемдік
Эфир майы
Медицина
Парфюмерия
Қалампыр, банан гүлшанақтарынан татымды дәм жасалады
Балдың дәмін кіргізеді
Тозаңдануға қолайлы
4) Тірек-сызба «Гүлді өсімдіктер» (слайд)
5) Ізден тап(слайд)
6) Кім жылдам(слайд)
7) Кім тапқыр
8) Сәйкесін тап(слайд)
9) Сәйкестігін кестеге толтыр Өсімдіктердің қайсысы қай гүл шоғырға жататынын рет санына сәйкес тұсындағы санын белгіле
1.Бақбақ, 2.Күнбағыс, 3.Қараған. 4.Бидай, 5.Қарабидай. 6. Пияз. 7. Мойыл. 8.Беде. 9.Наурызшешек. 10. Мия.
І Шашақ ІІ Жай шатыр ІІІ Шоғырбас ІҮ Себет Ү Күрделі масақ 10) үйге тапсырма §21 оқу, біліміңді тексер тапсырмасын дәптерге орындау
11) бағалау