Открытый урок по казахскому языку на тему Н н дыбысы мен ?рпі


Күні: 19.10.2016 ж
Тобы: МАД «Б»
Оқу іс-әрекеті: сауат ашу және жазу
Мұғалімнің аты-жөні: Бижанова Райкүл Ерханқызы
Оқу іс-әрекеттің тақырыбы: Н н дыбысы және әрпі
Мақсаты: Н дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. Логикалық ойындар арқылыбалалардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру.Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.       
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, іздену
Көрнекілігі: презентация,кеспе әріптер, электронды оқулық, текшелер, пішіндер. 
Билингвизм: Нар – верблюд – camel Найзағай – молния – lightning
Қоян – заяц – hare Нан – хлеб –bread
Іс-әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
ЫнталандыруСезімін ояту Балалармен сәлемдесу.
Шеңбер құру
«Ақ тілек. Әсем күлкі»
-Көңіл күйлерің қалай?
-КЕРЕМЕТ! (бас бармақтарын көрсетеді)
-Оқу іс-әрекетіне дайындықтарың қалай?
-ТАМАША! (қолдарын шапалақтайды)
-Ынталарың қалай?
-ҒАЖАП! (қолдарын бұлғайды)
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше осындай тамаша көңіл-күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық
Балалар сәлемдеседі.
Қимылмен сұрақтарға жауап береді.
Ізденістер, ұйымдастыру
 
Пішіндерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу.
.
     - І топ - ІІ топ - ІІІ топ
                                                   
Топ ережесі*Күлімсіреу;*Бір - біріне кедергі жасамау;*Өзгенің пікірін сыйлау;*Сөзді бөлмеу, тыңдай білу;
Ой қозғау
Өткен сабақты пысықтау.
Балалар, дыбыс дегеніміз не?
Ал,әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?


дауысты дыбыс дауыссыз дыбысБалалар, өткен оқу іс –әрекеттерде қандай дыбыстарды өттік, оны есімізге түсіріп қайталап өтейік! Әріптерді әр топқа таратамын,сендер қандай дыбыс екенін текшелерді көтеру арқылы айтасыңдар!Тақтада ілінген үйшіктерге дыбыстарды орналастырамыз.Аталған дыбыстар кездесетін сөздерді айтасыңдар.
А а , Т т , П п
І топ. А а әрпі
ІІ топ. Т т әрпі
ІІІ топ. П п әрпі
-Балалар, бұл кім?( Алдар көсенің суретін көрсету)
Дұрыс,балалар!Алдар көсе сендерге бағана тапсырмалар беріп кетті. Әр топқа тапсырмалар бар екен.Орындауға дайынбыз ба?
I тапсырма.
Бұл ненің суреті? Жауабы: (аттың суреті). Ат сөзін буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау. Қызыл-көк текшелермен көрсет
II тапсырма. Ana сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау. Қызыл-көк текшелермен көрсет.
IIІ тапсырма. Aта сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау. Қызыл-көк текшелермен көрсет.

ІҮ тапсырманы орындау үшін Алдардың келесі тапсырмасын орындайтындарын хабарлаймын.. Бір балаға қоржыннан хатқалтаны алып ашқызамын. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады. Нан сөзін бірнеше рет хормен және бір-екі балаға қайталатқызып айтқызамын.
Нан сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Н н әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту  
Н дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.Көк текшемен көрсету.
Нанның қасиетті ас екені айтылып,тыйым сөздермен таныстыру:
Электронды оқулықты көрсету.
Ауада Н әрпін жазу.
Ендеше , балалар қазір сендерге әр топқа тапсырмалар беремін.
І топтың тапсырмасы: Нан қайдан келеді? деген сұраққа жауап беру.
ІІ топтың тапсырмасы Нан түрлерін атау.
ІІІ топтың тапсырмасы. Нан туралы тақпақ айту.
Нан – хлеб –bread
Сергіту сәті орындалады. «Көңілді күн»
«Ойлан , тап» ойынында жұмбақ жасыру.
Өзі үлкен жануар, Үстінде бір тауы бар. (Нар) Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (найзағай) .     
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.  (Қоян)
Нар – верблюд – camel
Найзағай – молния – lightning
Қоян – заяц – hare
-Балалар, қоян нені жақсы көреді?
Сәбізден Н әрпін құрастыру.
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталыпАяқталған қарашы. (Н)
Ойын «Ұйқасын тап!»
Алмастан тыным,
Шабады…  (Құлын)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы…  (Арыстан)
Орыннан орынға ауысқан
Қара ала ... (сауысқан)
- Н дыбысы қай жерде тұр? Сөздерге дыбыстық талдау жасау
Дәптермен жұмыс.
 
Балалар өздеріне ұнаған пішіндерді таңдап алады.
Сұрақтарға жауап береді.
Топпен жұмыс жасайды
-Алдар көсе
Жұмыс жасайды
Қоржыннан тапсырманы алады.
тыңдайды
тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Жұмбақтарды шешеді.
қайталайды.
-сәбізді
ұйқастарын табады.
дәптермен жұмыс жасайды
Рефлексивті түзету  
І- топқа   «Н» әрпі бар сөздер айтуІІ- топ   «Н»  әрпі бар сөздерге  сөйлем құрау
ІІІ–топ..Н әрпінен басталған сөздерді  табу
А)жапырақ
Ә) Нан
Б)көктем  тапсырмаларды орындайды.
 
Бағалау Жетістік ағашы
Балаларға жұлдызшалар тарату
бағалайды
қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Н дыбысы және әрпімен танысты.
Қандай түсініктерді меңгерді: Н әрпі кездесетін сөздерді және сөйлем құрауды меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздік қорлары, ойын толық жеткізе білуді,бірлесе жұмыс жасауды меңгерді.