2-сынып. Математика п?нінен ашы? саба? жоспары. Та?ырыбы: 10 саныны? ??рамы
Ажиханова Лаззат
Пәні математика
Сыныбы 1
Сабақтың тақырыбы 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік оқушыларға 10 санының құрамын білуге, сурет бойынша
теңдік құруды үйрету; 10 цифрын дұрыс жазуға
машықтандыру.
Дамытушылық 10 санының құрамы жайлы түсінікті екі санның
қосындысы түрінде жазуды, тиісінше кері азайту амалдарын
дұрыс жазуды қалыптастыру. Тәрбиелік цифрды дәптерге дұрыс жазуды, тиянақтылыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың түрі практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,ойын элементтерін пайдалану, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: 10-ға дейінгі цифрлар, суреттер, дидактикалык материалдар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
ІҮ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Ү. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
ҮІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
ҮІІ. Үй тапсырмасын хабарлау және орындау бойынша нұсқау беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың керекті құралдарын алдыру.
Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Бас бармағым – әкем,
Балан үйрек – шешем,
Ортан терек – ағам.
Кішкентай бөбек достарым.
Шылдыр шүмек-біздер
Сәлем бердік сіздерге.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар, өткен сабақта қандай санды өттік ?
-10 саны және цифрын.
Үйге 10 цифрын жазып келу тапсырылған.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі
10-ға дейін тура сана.
1- ге дейін кері сана.
10 саны қай саннан кейін келеді?
10 саны қандай сандардан құрылған?
1 және 0 сандарынан құрылған.
10 см – де неше дециметр бар?
10 см – де 1 дм бар.
ІҮ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі
«Айырмашылықты тап!» ойыны
10 айырмашылықты табу.
Ү. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Сонымен бүгінгі сабағымыз 10 санының құрамы.
Суретке қарайықшы, қорапшада неше жаңа жылдық ойыншық болған екен?
1-тапсырма:
Бірінші қорапта неше ойыншық бар?
9 ойыншық екен.
Ал екінші қорапта неше ойыншық?
1 ойыншық екен.
Барлығы неше болады?
10 ойыншық болады екен.
Қалай таптық?
Қосу амалы арқылы таптық. 9+1=10
Яғни, 10 = 9+1
10 шырша ойыншығын алып,оны қалай қораптарға бөліп салу керектігі қарастырыла отырып, (10=?+?) қосындылары құрастырылады.
10=0+10 10=10+0 10-0=10 10-10=010=1+910=9+1 10-1=910-9=110=2+810=8+2 10-2=810-8=210=3+710=7+3 10-3=710-7=3
10=4+610=6+410-4=610-6=4
Сурет бойынша теңдіктер құру. Оларды оқыту.
2-тапсырма:
Қызыл түсті кесінді 10 см,көк кесінді 9 см,оларды салыстыр.10 см * 9см 9см * 10смКөк кесінді 1см қысқа,ал қызыл кесінді 1см ұзын.
Сергіту сәті
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел санайық ал мұны
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды сонда бесеуі.
Дәптермен жұмыс
Математика үлгі дәптерлеріндегі тапсырмаларын орындату.
№1. Сандарды әдемі етіп жазып шығу, фигураны бастыру, бояу.
№2. Санның құрамын табу. Қима қағазға орындалады
№3. Тапсырма тақтаға орындалады және дәптерге жазамыз.
3-тапсырма:
Салыстыр.
0*1010см * 8см7*101см * 1см
10*101дм * 10см10*91см * 10см
4 тапсырма:
№4. Үлестірмелі қима қағаз таратып беру арқылы орындалады.
Шығармашылық тапсырма
10-1 * 3+410-3 * 6+110-5 * 3+1
8+2 * 4+26+4 * 10-010-8 * 7-5
Тиісті санды тауып қой:
8 - < 410-5 < 9 - 8 > 10 -
ҮІ Жаңа білімді бекіту кезеңі.
Жаңа жыл шыршасына сандардың құрамын табу арқылы сабақты бекіту.
8
9
10
ҮІІ Үй тапсырмасын хабарлау және орындау бойынша нұсқау беру.
10 санының құрамын жазып, жаттап келу.
Бағалау: сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды атап-атап мадақтап шығу.