Математика 2 сынып Саба?ты? та?ырыбы: 76-х=6 т?ріндегі те?деуді шешу. Саба?ты? ма?саты: Те?деу — белгісіз саны бар те?дік екенін, белгісіз санны? м?ні те?деуді? т?бірі екенін я?ни те?деуді? шешуі болатынын ме?герту. Дамыт


«Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартовна
Тақырыбы: Дос және достық
Мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Маркер, сұраунама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.
ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.
1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достық жасқа байланысты ма?
7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8) Досыңды неге теңер едің?
9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
10) Сіз үшін ең маңызды мәселе?
11) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.”
2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”
- Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?
- “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық. (Пікірталас кезі)
ІІІ. Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.
А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады
IV. “Жалғастырып көр” ойыны.
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...б) Сыйластық бар жерде...
V. Сауалға жауап іздеу.
1) Біздің сынып қандай?
2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Хат қоржын (Хаттарға жауап).
а) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.
ә) Мен досымды қатты аяймын. Досым көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатын емес. Мен бірінші рет дәрменсіздік дегеннің ауыр екендігін сезіндім.
б) Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.
VII. (Мақал – мәтел тыңдалады)
1) Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
2) Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.
Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
5- оқушы: Дос адам артық сұрамайды.
Махмұт Қашқари.
6- оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.
Жүсіп Баласағұн.
7- оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Абай.
8- оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.
Мұзафар Әлімбаев.
9- оқушы: Қоссыз қазақ болса да,
Доссыз қазақ болмаған.
10- оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,
Жау табу оңай - тоқтауы қиын.
Жүсіп Баласағұн.
11- оқушы: Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.
Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос.
Таршылықты қайырылған дос та өзгеше.
Абай.
VIII. Досым саған арнаймын… (ақын өлеңдерінен көркемсөз оқу)
Ән: Достарым менің (хормен)
IX. Қорытынды
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.
а) Достық, сыйластық туралы ұлы адамдардың айтқандары.
ә) Өздері қалаған адамына өз қолынан даярлаған сыйлығын тапсырады.«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты
райко 13 сәуір 2013 45429 0
0
Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың
салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз
Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге
шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта
басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде
көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік
ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Хор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
Жанбота: Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
ӘдІлет: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Рысгүл: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Диас: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Нұрасыл: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би «Қамажай»
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
Аружан: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Диана: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Асылзат: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Әлихан: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Ару: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Ән « Шақырады көктем»
Ойын «Орамал тастамақ»
Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.
Айдарбек: Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
С. Гауһар: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.
Т. Гауһар: Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
Айкөркем: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Есенжан: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Бекзат: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді.
Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Ойын: «Сақина салу»
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Домбырасыз ән қайда»
Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!
Денсаулық - зор байлық
ramuk_b 4 сәуір 2014 68976 0
20
Тақырыбы: Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ На правах рекламы
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.
МЕНІҢ СҮЙІКТІ АҚЫНЫМ
012345
Жариялады: Акмарал|Пікірлер: 0|Оқылды: 22
Сабақ жоспары
Сабақ: 1
Күні: 01.07.2015 ж
Сынып: 8
Мектеп: Ә.Тәжібаев атындағы № 36
мектеп - лицейі
Мүғалімнің аты – жөні: Серікбаева А.С
Оқушылар саны: 15
Оқу мақсаты: Ж6Бейнебаяндарға қатысты өз ойын сипаттай отырып, қысқаша түйіндеме жазу
Сабақ мақсаты:Барлық оқушылар істей алады:
Бейнебаянға қатысты өз ойын сипаттайды
Көпшілігі істей алады:
Видеода айтылған кейбір сөздерді басқа сөздермен ауыстыра алады
Кейбіреуі істей алады:
Бейнабаянға қатысты өз ойын басқа сөздермен ауыстыра отырып, түйіндеме жаза алады
Алдыңғы оқу:«Менің сүйікті ақыным» тақырыбында зерттеу жұмысын орындатамын («Автобус аялдамасы» әдісі арқылы)
Жоспар
Басы:
Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ барысы:
Сынып оқушыларын «Бір сөзбен» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін. Яғни оқушылар жүрек парақшаның артында жазылған есімдерді оқып, оның жазушы не ақын екенін ажыратулары тиіс. Және соған сәйкес олардың ерекшеліктерін қысқаша айтып кетеді.
І топ «Ақындар»
ІІ топ «Жазушылар»
(М. Мақатаевтың бір әнін жай ғана қосып қоямын)
Ой шақыру:Оқушыларға жаға тақырыпты өздері түсініп, анықтау мақсатында 2 минуттық видео көрсетемін. Бұл видеода әншілер М. Мақатевтың сөзіне жазылған әндерді орындайды.
Ортасы:
Негізгі бөлімИнтерактивті тақтада М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы арнайы видео көрсетіледі. 2 топ оқушылары да «Зердеге тоқу» әдісі арқылы алдарындағы параққа видеода айтылып жатқан сөздерді түртіп алып отырады.
Осы кезде оқушыларлың алдарына тапсырманың орындалу жолы мен оның жетістік критерийі беріледі.
Жеке бағалау түрі қолданылады
Тапсырма № 1
Оқушы алдарына түйіндеменің формасы (шаблоны) берілген парақтар қойылады. Ал оқушылар естерінде қалған сөздерін сол формаға салып, жазады.
(Түйіндемені ресми формада емес, әдебиетке қатыстырып отырып жазады.)
«Сергіту сәті»Оқушыларды аздап сергіту мақсатында орындалады.
СоңыБүгінгі өтілген тақырыпты қорытындылау мақсатында «5-5-1» әдісі орындалады.
Кері байланыс«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы топ оқушылары бір – біріне кері байланыс береді. Келесі бетіне мұғалімге ұсыныс немесе тілек білдіреді. Сөйтіп үлкен жүрекке апарып жапсырады.
Үй тапсырмасы: М. Мақатаев жайлы презентация дайындау
Түйіндеме
1.Аты – жөні:
2.Туған жылы, айы, күні:
3.Ұлты:
4.Мекен – жайы:
5.Азаматтығы:
6.Білімі:
7.Өлеңдері:
8.Жеке қасиетері:
9.Қызығушылығы:
10.Мінезі
Жетістік критерийі
Жетті:
1.Тақырыпқа сәйкес өз ойын сипаттай алады
2.Кейбір сөздерді басқа сөздермен ауыстыра алады
3.Соған сәйкес түйіндеме жаза алады
Талпынады:
1.Тақырыпқа сәйкес өз ойын айта алады.
2.Түйіндеме жазуда қиналады
Денсаулық - зор байлық
ramuk_b 4 сәуір 2014 68976 0
20
Тақырыбы: Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ На правах рекламы
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.
"Денсаулық - зор байлық" тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттары 15 қаңтар 2015, 22:36
Батыс Қазақстан облысы Орала қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі Жадыра Асқарқызы
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық — зор байлық.
Сабақтың мақсаты: а) Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білуге үйрету.
ә) Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
б) Ой — өрістерін шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану
Тех.жабдық: интерактивті тақтаСабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері
Қош келдіңіз, қонақтар!
Бізге келсек…
Сабақтан біз сабақтан қалмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Айтқан ақылды ойға түйіп,
Денсаулықты сақтаймыз:
— Ендеше, оқушылар және біздің құрметті қонақтар! Біздің мына өлең жолдарынан сабағымыз денсаулық туралы болатынын байқады деп ойлаймын. Ал, оқушылар тақырыбымыз «Денсаулық — зор байлық» деп аталады және бұл сабақтан біз денсаулық туралы әңгімелесіп, мақал — мәтел айтып, өз ойымызды қосамыз. Денсаулықты бағалап, сақтай білуге үйренеміз. Сабағымыздың дәйек сөзі «Тәуелсіз ел тірегі — дені сау санасы уланбаған, саналы ұрпақ».
2. Қызығушылығын ояту
— Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (оқушылар жауап береді)
Дені сау адамның көңілі шат, ол — бақытты. Денсаулық — зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады.
Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Сызба көрсетіледі, сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады.)
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.С ондықтан 3топқа бөлініп отырайық.
1-топ «Шымыр»
2-топ «Денсаулық»
3-топ «Сымбат»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық.
1-бөлім «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қслыңда»
2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1-оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2-оқушы: Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
3-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық– ақ жаулық
Үшінші байлық-он саулық
4-оқушы: Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
5- оқушы: Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
6- оқушы: Жалқаулық — жаман ауру.
3-бөлім. Карточкамен жұмыс
1 — карточка.
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс — жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 — карточка.
Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.
3-карточка.
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
4-бөлім. «Жарнама»
(1-топ айранды жарнамалайды)
1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
(2-ші топ құртты жарнамалайды)
2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 — топ сабынды жарнамалайды)
3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады.
5-бөлім. «Салауатты өмір салты»
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар:
«Шымыр»тобына:
Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Одан сақтанудың жолдары:
— біреудің аузындағы сағызын шайнамау.
— әр адамның жеке орамалы. Сабыны, тіс щеткасы болуы керек.
— үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.
«Денсаулық» тобына»:
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
Жауап:
Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат»тобына:
Нашақорлықтан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Нашақорлық – адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ жүруіміз керек. Ол адамның миын улап, әр түрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша М.Дулатов атамыздың денсаулық жайында айтқан ақыл-кеңестерін қайталайық.
1-оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2-оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін сүртіп, құрғат.
3-оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4-оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5-оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма.
6-оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Щаңды, я, ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла — бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз — ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет — аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
— Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре бо емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдарар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі – ерте тұру.
Екіншісі – орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі – дене шынықтыру.
Төртіншісі – дене тазалығы.
Бесіншісі – сергектік.
Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі – көп ұйықтамау.
Қысқы Азиада ойындарына тоқталып кету (слайд).
Қорытынды:
— Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, « Денсаулық – зор байлық » екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы, шынайы күлкі адамның өмірін ұзартады дейді. Сондықтан…
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
— Ал, ендеше, оқушылар, орнымыздан тұрып, шеңдер құрайық.
«Жүректен — жүрекке» шеңбері:
Отанды біз сүйеміз,
Денсаулық сақтай білеміз.
Кішкетай ғана жүрегімізден,
Бақыт, шаттық тілегіміз.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/
© www.ZHARAR.comСПИД – ХХІ ғасыр індеті (тәрбие сағаты)
Merlan 23 қаңтар 2012 72542 0
0
Тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ На правах рекламы
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.
Гүлмаржан: СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.
Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.
Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Гүлдана: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі -
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.
Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айдеб) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азияб) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балаларв) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсанб) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канадаб) Қытай
в) Куба
Қорытынды:
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Жарияланды 9-04-2015, 10:36 Категориясы: Бастауыш сынып
"Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна
Ашық сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Дені сау болып өсуі үшін дұрыс қоректену керектігін түсіндіру;
Білімділігі: Адам денсаулығының қымбаттылығын түсіну, дәрумендер туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып
денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту
Тәрбиелілігі: Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, мақал - мәтелдер,
САБАҚ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі /950 - 953/ 2 - 3 минут
Сәлеметсіздер! Дүниетану сабағына қош келдіңіздер!
- Балалар, қол ұстасып шеңбер құрайық. Қане, бір - бірімізге қарайық досыңның күлімдей қарағаны саған қуаныш әкелмей ме? Ендеше шат көңілмен өлеңімізді бастайық:
Біздің топта ұл - қыздар, Тату – тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп, Тек жақсылық ойлаймыз.
Армысың Алтын Күн! Армысың көк аспан!
Армысың Достарым! Сендерді көріп қуанам!
ІI. Үй тапсырмасын тексеру /953 - 1005/ 10 - 12 минут
- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
- «Қонақжайлылық» дегенді қалай түсінесің?
- Қазақ халқының «жылу жинау» дәстүрі туралы әңгімеле.
- «Адамгершілік» және «мейірбандық» дегенді қалай түсінесің?
Слайд: «Отбасы мүшелерінің міндеттері»
Қазақ халқы өте қонақжай, келген кісіні үйге шақырып дастарқан жайып, тағам ұсынады.
III. Жаңа сабақ «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» 1005 - 1030 /20 - 25 минут/
Ой қозғау: 1030 - 1033 /2 - 3 минут/
Дұрыс тамақтану - дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай тамақ түрлерін білесіңдер? Өзіңе қандай тамақ ұнайды?
ІV. Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
Сен адамдар толық немесе жүдеу, дені сау немесе аурушаң болатынын байқаған боларсың. Оның бәрі тамақтануға байланысты. Дені сау болып өсуі үшін адамға қоректік заттар керек. Олар азық – түліктің әр түрінде болады. Біз жануар тектес азық түліктер - ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сары май жейміз, сүт ішеміз. Сонымен бірге нан, жарма, көкөніс, жеміс, қант, өсімдік майын, саңырауқұлақтарды пайдаланамыз. Бұлар - өсімдік тектес азық - түліктер. Адамға белгілі бір мөлшерде тамақ керек. Күніне 4 - 5 рет уақтылы тамақтану қажет. Сонымен бірге маңызды ережелерді есте сақтаған жөнАсқазанды артық тамақпен ауырлатпа.
Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеме.
Дастарқан басында жақсы көңіл күймен отыр.
Маңайыңдағыларға астарының дәмді болуына тілек білдіруді ұмытпа. Ас дайындаған адамға алғысыңды білдір.
Жаңа сабақты қорытындылау.
- Ас дайындайтын адамды кім дейміз?
- Мектептегі ас дайындайтын адамдар кімдер?
- Ал үйде тамақты кім дайындайды?
- Өсімдік тектес азық - түлікті кім атап береді?
- Жануар тектес азық - түлікті кім атап береді?
Слайд: Өсімдік тектес және жануар тектес азық түлікВидеофильм көрсету. «Дұрыс тамақтану туралы білу» /1 минут/
Тамақтанудың негізгі ережелері: Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді
1. Қыдырып келдің бе, Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында, Қол жууды ұмытпа!
2. ӘділКештетпей уақыттан, Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын, Артады қуатың.
Осындай ереже, Түрлентер өмірді.
Тәрбие беріп ол, Көтерер көңілді.
3. Мадина:
Ояндың
4. Ақжігіт:
Сүт пен ірімшік, Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай, Аласың қайдан нәр?
Сиырға алғыс айт, Ол саған осындай.
Сан түрлі ас берген, Ең жақын досыңдай!
5. Асар:
Табиғат сыйлаған, Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған, Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді, “Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнді, Сүйсініп жегейсің!
6. Жансар:
Ата - Ана, құрметті, Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін, Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте, Бұларды тауып бер!
7. Еламан:
Ботқаны дайындар, Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп, Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер, Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге, Бұл тағам пайдалы!
8. Аружан:
Көп сусын ішесің, Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның, Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су, Асыңды қортады.
“Химия” қосылса, Асқазан “қорқады”.
Қосымша деректер:
Тамақтанудың ережесін есте сақтаған жөн. Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі кесте арқылы, тамақты қанағаттықпен тұтыну керектігін ұсынады.
Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын арттырады дейді.
Сергіту сәті: «Бізбен бірге қайтала!»
Мұғалім сөзі: Жеміс пенен көкөніс
Нан, сүт, ет берер күн.
Витамин - тағам нәр берер
Оны жұрт бағалар.
Видеофильм – слайд көрсету «Дәрумендер сыры»
Дәрігерлермен кеңес:
Сұрақ:
1. Қандай дәрумендерді жиі қолданған дұрыс?
2. Қандай тамақ түрлерін жиі қолданған дұрыс?
3. Бой өсу үшін қандай витаминдер көп жеу керекпін?
4. Мен неге көп терлеймін?
5. Тіс ауырмау үшін не істеу керек?
Мақал - мәтелдермен жұмыс:
• Денсаулық - зор байлық.
• Тазалық - саулық негізі, саулық – байлық негізі.
• Тазалық бар жерде денсаулық бар.
Өзіндік жұмыс
Гүл күлтелеріне денсаулық құпияларын жазыңдар.