Мен ж?не таби?ат. Е дыбысы мен ?рпі.
Күні:08.12.2016ж
Сынып: 1 «Б» Қатысқандар саны: 17
Қатыспағандар саны:
Пәні:
Мектеп:
Мұғалімнің есімі: Сауат ашу№105
Байменова Гүлзира
Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айтуСабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлеріАйтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарытуОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысӨнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Е дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет РесурстарСабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Сергіту сәті. 2 мин
Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері.
Оқушылармен сәлемдесу.Үш тілде амандасу.
Бүгінгі көңіл-күйді сұрау
Өткен сабақты қайталау
Е дыбысы мен әрпі
«Сұрақ-жауап» әдісі 3 мин
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге
-Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбысДауысты дыбыстарды қандай дөңгелекшемен белгілейміз?
-Қызыл
-Дауыссыз дыбыстарды ше?
-Көк
-Буын дегеніміз не?
-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.
-Е дыбысы қандай дыбыс?
-Е дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
Шаттық шеберіСабақтың ортасы8 минут
Жұмбақтар 1)Басында үшкір істігі бар,Өзіне лайық тон пішкен,Секіріп тастан түскен.(Ешкі)2)Қалғиған қос құлақты, Теңбiл түрi көрiктi, Мекен жерi бұлақты, Бiлемiсiң… (Елiктi)
Электронды оқулық
«Балық аулау» ойыны«Сөз ойла,көп ойла»
Тақтамен жұмыс
Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарап салынады: Е Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады: е
Топтастыру әдісі
Е,емен,ерте,сен,мен.
Оқулықпен жұмыс
№1 Мақалды түсініп оқы.
Ер қанаты-ат.
Мақалдың мазмұнын бір-біріңе түсіндіріп көр.
№2 Сызбаның көмегімен Есеннің не істегенін болжа.
Сөздік диктант
Ее,ер,ес,ел,де,те,ме,се,мен,сен,ерте. Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
19 минут
Баспалдақ ойыныЕ
Ер
Мен
ЕртеЕрлан№3 Төмендегі жауаптарды қандай сұрақтар қою арқылы алуға болады?
-Ерлан.
-Алтыда.
-Ақылды.
«Орнын тап» ойыны1 буынды –ер,ме,ел,мен,сен2 буынды-емен,сенім,ерте,ешкі,елік3 буынды-терезе,немере,ертеде.
№4 Жұптық жұмыс
Сурет мазмұны бойынша ертегі құрастырып көріңдер. Ертегіні «Ерте,ерте,ертеде» сөздерімен бастауды ұмытпаңдар.
Дәптермен жұмыс
«Ыстық орындық» әдісі
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау СмайликтерДифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.