Ашы? саба? ?ліппе та?ырыбы: К к дыбысы мен ?рпі ( 1 сынып)
№ 4
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысы мен әрпін таныту. К дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру. Есте сақтауға үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мәні: 1. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
2. Ұқыпты, жинақылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Әдісі: Түсіндіру, оқыту, сауат ашу.
Көрнекілігі: суреттер, әріп, кесте, буындар, оқулық.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру
II. Өтілгенді тиянақтау ( Ее )
III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық.
Балалар мен жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар:
Қызықтап күнде сен
Суретін көресің,
Оқисың одан сен
Ертегі, өлеңді. Ол не? (кітап)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұын шашады. (күн)
Өте дұрыс. Енді осы күн, кітап сөздері бізге таныс емес қай дыбыстан басталады?
К.
Дұрыс. К дыбысынан басталып тұр.
К (кі) дыбысы қалай айтылып тұр?
К дыбысы қысылып, таңдай арқылы айтылады.
Демек онда К дыбысы дауыссыз қатаң дыбыс.
Бүгін біз К дыбысы және әрпімен танысамыз. К дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан шартты белгісі көк түс. Қане, қайталаймыз: К к к.
К к дыбысының таңбасымен таныстыру. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.
Оқулықпен жұмыс. Сөздер тақтаға ілінеді. Кеме, кит, көбелек сөздеріне дыбыстық талдау жасалып, түсіндіріледі. Сөздер буынға бөліп хормен оқытылады.
Ке – ме, те – рек, ме –ре – ке, ке – бе – же,
ке – се, ше – лек, бе – ре – ке, те – ке – мет.
Оқушылардан кеме туралы не білетіндерін сұрау. «Кеме» мәтінін оқып беру. Әр қатардан оқушыларға оқыту.
Сергіту сәті.
«Жоқ буынды тап» ойыны
Ке..... мек... ше....
Кес..... ең.... те.....
Осы сөздерден 3 сөйлем ауызша айытқызу.
Дәптермен жұмыс.
К әрпін ауада жазып көрсету. Тақтаға жазып көрсету .
Дәптерді дұрыс көлбей қою, дұрыс отырып әдемі жазу.
Қорытынды бөлімі.
Қазір қай мезгіл?
Күз.
Күз сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
К.
Күз мезгілі туралы әңгімелету. Күзде еңбектің қызу жүргізілетіні, қысқа дайындық болатыны айтылады.
Еңбек туралы мақал-мәтел айтқызу:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Күш білімде. Және т.б.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға әдемі көбелектер тарату. Мадақтау.
IV. Қорытынды.