?аза? хал?ыны? ?алыптасуыны? басталуы, ?аза? ж?здері, ру — тайпалы? ??рамы.
Қазақстан тарихы 10-сынып
34-сабақ 15.01.14 ж.
Сабақтың тақырыбы: & 12. Қазақ халқының қалыптасуының басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы.
Сабақтың мақсаты: Қазақтардың халық болып қалытасуында этносаяси қауымдастыықтың рөлін көрсету. Халық болып құрылуды жеделдеткен факторларды анықтап, қазақ халқының қалыптасуының басталуын түсіндіру;
- Бәсекеге барынша қабілетті білімді, білікті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеуОқушылар зейінін сабаққа аударуІІ.Үй тапсырмасын сұрау: & 11. Ашық тест өткізу.
Алтың Орданың бірінші орталығы? А) Сарай Берке В) Самарқан
С) Сарай Бату Д) Янгикент Е) Сарайшық
2. 1312-1342 жылдары Алтын Орданы билеген? А) Берке В) Өзбек
С) Жәнібек Д) Бату Е) Тыныбек
3. Алтын Ордада салық жинауға жауап беретін адамдар?
А) Ноян мен бек В) Баһадур мен беклербек С) Даруға
Д) уәзір Е) түменбасы
4. Орда Ежен билік құрған мемлекет? А) Алтын Орда В) Ақ Орда
С) Моғолстан Д) Әбілхайыр мемлекеті Е) Ноғай Ордасы
5. 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған Ақ Орда ханы?
А) Ерзен В) Ұрұс С) Барақ Д) Мүбәрак Е) Орда Ежен
6. Моғолстанның өмір сүрген уақыты? А) XII-XVIII ғғ B) XIII-XIV басы C) XIV ғ. ортасы-XVI басы D) XVI ғ. Ортасы-XVII E) XVII-XVIII
7. Моғолстанды билеген әулет? А) Темір В) Шайбани
С) Орда Ежен Д) Жошы Е) Шағатай
8. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған хан?
А) Тоғылық Темір В) Әмір Поладшы С) Уәйс Д) Есен Бұға Е) Ілиас Қожа
9. Моғолстанның астанасы? А) Суяб В) Сығанақ
С) Алмалық Д) Шаш Е) Тараз
10. Тоғылық Темірдің Мәуереннахрға жорық жасаған жылдары?
А) 1360-1361 жж. В) 1348-1350 жж. С) 1350-1352 жж.
Д) 1352-1353 жж. Е) 1353-1355 жж.
11. Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт? А) XIII ғ. B) Xғ. C) XV ғ. Д) XIV ғ. E) XII ғ.
12. Ноғай Ордасының Алтын Ордадан бөлінуі осы билеушінің тұсында басталды? А) Нураддин В) Уақас биС) Едіге Д) Мұса мырза Е) Жаңбыршы13. Маңғыт елі шығарған эпос? А) «Ер Қосай» В) «Ер Тарғын»
С) «Алпамыс батыр» Д) «Едіге жыры» Е) «Қобыланды батыр»
14. Ноғай Ордасы ыдырау кезінде халқының кейбір бөліктері қосылды?
А) Орта жүз құрамына В) Моғолстан құрамына С) Үгедей облысына
Д) Кіші жүз құрамына Е) Ұлы жүз құрамына
15. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды?
А) XV ғ. ортасында B) XIV ғ.басында C) XVI ғ. басында
Д) XV ғ. аяғында E) XV ғ. басында
16. 1428 жылы Дешті Қыпшақта билікке келген ? А) Тоқмамыс
В) Шайбани С) Барақ Д) Әбілхайыр Е) Ұрұс
17. 92 ру-тайпадан құралған хандық?
А) Қазақ хандығы В) Әбілхайыр хандығы С) Ноғай Орда
Д) Қазан хандығы Е) Сібір хандығы
18. Әбілхайыр хандығының Орда Базарға дейінгі астанасы? А) Тура
В) Сарайшық С) Сығанақ Д) Орда Базар Е) Түркістан
19. Едігенің билігін мойындаған Батыс Сібір ойпатындағы тайпа?
А) Керей В) Уақ С) Меркіт Д) Тайбұға Е) Дулат
20. Моғолстан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі? А) Темір В) Поладшы
С) Дува Д) Жүніс Е) Қызыр Қожа
Дұрыс жауаптар кілті: 1) С 2)В 3)С 4)В 5)Д 6)С 7)Е 8)А 9)С 10)А 11)В 12)С 13)Д 14)Д 15)Е
16)Д 17)В 18)А 19)Д 20)В
III. Сабақтың жоспары:
Қазақ халқының қалыптасуының басталуы.
Қазақ жүздері
Ру тайпалық құрамы.
Қазақ халқының қалыптасуы түркі дәуірінің алғашқы кезеңінен басталады. Бұл кезеңнің маңыздылығы- қазақтардың арғы ата-бабалары- үйсін, қаңлы тайпаларының шығыстан келген ғұндармен араласуы. Соның нәтижесінде, жергілікті тайпалар антропологиялық жағынан өзгерістерге ұшырады.
Қазақ халқының қалыптасу жолындағы екінші кезеңінде жерімізге түркі тайпалары қоныс аударып, жергілікті тайпалармен біржолата араласып кетті. Осы араласудың нәтижесінде, жергілікті тайпалар саны жағынан көбейіп, сонымен бірге түркеш, қарлұқ, дулат, шушеби, шігіл, ягма, болат, т.б. жаңа тайпалар пайда болады. Ежелгі қазақстан тұрғындарының этностық құрамы осылай өсе түсті.
Қазақтардың халық болып қалыптасуындағы үшінші кезеңі-халықтардың саны жағынан көбейе бастаған кезі. Бұл кезеңде- дамыған орта ғасырларда (X-XIII ғғ. арасы) Моңғол хандығының күшеюінің әсерінен шығысына найман, керей, меркіт, жалайыр сияқты тайпалар келіп орналасады.
Қазақ этностық құрамының халық болып қалыптасуындағы соңғы кезеңі(XIII-XIVғғ.) жерімізде моңғол дәуірі кезіндегі этностық топтардың пайда болуымен сипатталады. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан халқының этностық құрамының күрделілене түсуіне және оның антропологиялық түр-тұрпатының моңғолоидтік сипаты арта түсіуне себеп болды.
Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар XV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.
Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы нақты деректер жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі «жүз» сөзінің мән-мағынасын тануға әрекет жасауда. Кейбір зерттеушілер оны арабтың бір нәрсенің басты бөлігі немесе тармағы деген ұғыммен байланыстырады. Ал екінші бір топтағы зерттеушілер жүз сөзін сандық жүзбен (100) салыстырып зерттеуді ұйғарады. Үшінші бір ғалымдар адамның жүзімен байланыстырып, бір жағы жүзі деген ұғыммен салыстырып зерттеуді ұсынады. Жүздердің шығуы туралы Сәрсен Аманжолов моңғол шапқыншылығына дейін пайда болды десе, этнолог ғалым Н.А.Аристов жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды дейді. Академик В.В.Бартольд қазақ жүздері әлеуметтік экономикалық жағдайға байланысты туды дейді. Бұл пікірді тарихшы М.Вяткин одан ары дамытып, жүздердің құрылуына саяси факторды қосып, ордалардың саяси одақтар құруын XVI ғасырдың соңына жатқызады. Бұл пікірді XIX ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов айтқан: қазақтар өздері көшіп қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын сақтау үшін үш жүзден одақтар құрған дейді. Ал үш жүздің құрылуын Алтын Орданың ыдырау кезімен байланыстырады. Тарихшы Т.Сұлтанов моңғолдар енгізген ұлыстық басқару жүйесінің орнына қазақ жүздері пайда болған деп келіп, жүздің орын алған кезін XVI ғасырдың екінші жартысы деп көрсетеді. Т.Сұлтановтың жүздің пайда болуын XVI ғасырдың екінші жартысымен байланыстыруы шындыққа жақын. Бұл кезде хандықты Хақназар хан (1538-1580 жж.) билеген еді. Хандықтың жер көлемі батыс және оңтүстік жағынан кеңейіп, ру тайпалар қосылып, тайпа басшылары билікке тартылған еді. Тайпалық одақтар құрылып, олар ішіндегі негізгі ірі тайпа атымен белгілі болды. Мысалы, XV ғасырда Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр ханнан бөлініп көшуіне ссебеп болған Ақжол бидің өлімі болса, мұндағы арғын тайпасының көрнекті өкілі Ақжол бидің есімі Орта жүздің ұранына айналған. Ал Ұлы жүз атақты тайпасы үйсіннің биі Бақтиярдың атын ұран етіп көтерсе, Кіші жүздің атақты алшын руының биі Алдияр аты да ұранға айналып, үш жүз құрылған. Ал жалпы қазақтың ұраны «Алаш» деп аттан салғанда, бүкіл үш жүздің ұландары атқа қонған.
Үш жүздің құрамы ежелден өмір сүріп келе жатқан жергілікті ру тайпалар бірлестігінен құралды. Ұлы жүзде (Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан)- сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, т.б.; Орта жүзде (Орталық және Солтүстік Қазақстан)- арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ, т.б.; Кіші жүзде (Батыс Қазақстан), ірі рулардың бірлестігі- байұлы(12 ата), әлімұлы(6 ата) және жетіру(7 ата).
IV. Сабақты бекіту:
1. «Жүз» сөзінің мағынасы қандай?
2. Жүздер қандай территорияларда орналасқан?
3. Қандай рулар Кіші жүзге жатады?
V. Үйге тапсырма беру: & 12.