Географиядан ?ос саба? жоспары Д?ниеж?зіні? хал?ы §20. Д?ниеж?зі хал?ыны? саны ж?не ?дайы ?суі, демографиялы? саясат §21. Халы?ты? жасты?-жынысты? ??рамы. Е?бек ресурстары (10 сынып)


Күні: 26.11.15
Сыныбы: 10
Дүниежүзінің халқы
§20. Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат
§21. Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі, халықтың жастық-жыныстық құрамы туралы білім беру. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе, адамның шығу тегі, даму ерекшеліктері, әр түрлі елдердегі халықтың табиғи өсімінің, әлемдегі қазіргі күнгі демографиялық дамудың барысы және соған байланысты туындайтын проблемалар, «халықтың ұдайы өсуі», «демографиялық жарылыс», «демографиялық саясат» ұғымдарын ашып көрсету. Демографиялық жарылыстың салдары және оның географиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: Статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалану және сандық көрсеткіштерді топпен талдай білу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекі құралдары: Дүние жүзі халықтарының картасы, кесте, сызбанұсқалар. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу(фигураларды таңдау бойынша), топ басшы сайлау.
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:
Дүниежүзілік өркениет дегеніміз не?
Қазіргі уақыттағы өркениеттің бөлінуі
Саяси география дегеніміз не?
Саяси географияны ғылымға енгізген ғалым
Саяси қатынастар, геосаяси жағдай
ҚР геосаяси жағдайы
БҰҰ қашан құрылды? Штаб-пәтері қай қалады?
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым қалай аталады? Штаб-пәтері қай қалада?
Халықаралық еңбек, дүниежүзілік денсаулық сақтау, азық-түлік пен ауылшаруашылық жөніндегі ұйым қалай аталады?
ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік мен ынтымақтастық ұйымы) қандай ұйым? Құрылған жылы мен штаб-пәтері
Жауап берген оқушылар өз тобына мұғалім берген жетондарды жинайды.
Жаңа сабақты меңгеру.
№1-тапсырма:
4 топқа жеке-жеке тақырыптар беріледі. Топтар алғашында жекелей оқып шығады. Кейін жұппен талқылайды, содан кейін топпен талқылап постер жасайды. Бір оқушы постерді қорғайды.
1-топ: «Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарында таралуы. Халық санағы»
2-топ: «Дүниежүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер»
3-топ: «Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат»
4-топ: «Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары»
Постердің бағалануы 3 балдық жүйеде:
Топтар Постер
дизайны Постердегі мәліметтердің маңыздылығы Тақырыптың
ашылуы
ІІ ІІІ ІҮ Барл ІІ ІІІ ІҮ Барл ІІ ІІІ ІҮ Барл
1-топ І ІІІ ІҮ Барл І ІІІ ІҮ Барл І ІІІ ІҮ Барл
2-топ І ІІ ІҮ Барл І ІІ ІҮ Барл І ІІ ІҮ Барл
3-топ І ІІ ІІІ Барл І ІІ ІІІ Барл І ІІ ІІІ Барл
4-топ №2 тапсырма: (анықтау, кескін картаға белгілеу)
1) Атластан халық саны көп «Алғашқы ондық елдерін» анықтау, кескін картаға сызу.
2) Атластан  ұдайы өсуінің 1,2 типіне жататын елдерді анықтау, кескін картаға сызу.
3) «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін анықтау, кескін картаға сызу
4) Халықтың жастық-жыныстық құрамы картасын пайдалана отыра, ер адам, әйел адам, қарт адам көп елдерді анықта, картаға сыз.
№3 тапсырма: (тірек сызба сызу)
1-топ: Дүниежүзі халық санына әсер ететін факторлар
2-топ: Халықтың табиғи өсуі төмен елдердің басты проблемалары3-топ: Халықтың табиғи өсуі өте жоғары елдердің басты проблемалары
4-топ: Жоғары дамыған елдердің демографиялық саясаты негізінде жүргізілетін жұмыстар
Бекіту. Рефлексия арқылы сабаққа қорытынды жасау. Стикермен ұсыныс ілу.
Бағалау. Әр топтың топ басшысы критериялар бойынша өз тобының мүшелерін бағалайды
Үйге тапсырма беру: 20-21 параграфтарды оқу.
Жауап парағы:
Реті Оқушы аты-жөні Үй тапсырмасы №1 тапсырма:
Постер қорғау №2 тапсырма №3 тапсырма Барлығы Бағасы
(әр жауапқа
1 ұпай) Талқылауға қатысу (3 ұпай) Сызуға қатысу (3ұпай) Қорғауы (3 ұпай) Белсенділігі (5 ұпай) Белсенділігі (5 ұпай) 1 2 3 4 5 6 7 Жауап парағы:
Реті Оқушы аты-жөні Үй тапсырмасы №1 тапсырма:
Постер қорғау №2 тапсырма №3 тапсырма Барлығы Бағасы
(әр жауапқа
1 ұпай) Талқылауға қатысу (3 ұпай) Сызуға қатысу (3ұпай) Қорғауы (3 ұпай) Белсенділігі (5 ұпай) Белсенділігі (5 ұпай) 1 2 3 4 5 6 7 1) Атластан халық саны көп «Алғашқы ондық елдерін» анықтау, кескін картаға сызу.
2) Атластан  ұдайы өсуінің 1,2 типіне жататын елдерді анықтау, кескін картаға сызу.
3) «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін анықтау, кескін картаға сызу
4) Халықтың жастық-жыныстық құрамы картасын пайдаланып, ер адам, әйел адам, қарт адам көп елдерді анықта, картаға сыз.
1-топ: Дүниежүзі халық санына әсер ететін факторлар
2-топ: Халықтың табиғи өсуі төмен елдердің басты проблемалары3-топ: Халықтың табиғи өсуі өте жоғары елдердің басты проблемалары
4-топ: Жоғары дамыған елдердің демографиялық саясаты негізінде жүргізілетін жұмыстар