?аза? хал?ыны? мерекелері мен ?лтты? ойындары. ?аза? хал?ыны? ?дет-??рпы мен салт-д?ст?рлері 8-сынып
Сабақ: Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері Мектеп: Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: 08.02.2016ж. Мұғалімнің есімі: Толегенова Базархан Баймуханқызы
Сынып: 8 «А» сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерімен танысып, олардың қоғам өміріндегі маңызын ашады.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Оқушылар қазақтардың мерекелері мен ұлттық ойындары, халық емшілері, атақты қазақ спортшылары жайында біледі. Қазақтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жайында мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін сипаттап, әңгімелей алады.
Кейбір оқушылар:
Қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне әсер еткен факторларды анықтап, салыстырып, талдай алады.
Тілдік мақсат Оқушылар: Тарихи - әдеби тілмен қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін сипаттай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Мерекелер
Ұлттық ойындар
Қазақтардың денсаулығы
Халық емшілері
Атақты қазақ спортшылары
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
Жасы үлкендерге құрмет көрсету
Тамырлық әдет-ғұрпы
Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Бата беру, Бала тәрбиесі
Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?
Қазақтардың мықты денсаулығының сыры неде еді?
Қазақтардың өмірінде бата берудің маңызы қандай?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдыңғы оқу Қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы біледі.
Жоспар
Жоспарлан-ған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
0 – 5 Оқушылар түрлі-түсті қима қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді.
«Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымын , есте сақтау қабілетінің деңгейін байқау мақсатында сұрақтар қою.
«Ұлт»ұғымын қалай түсінесің?
Мәдениет неше түрге бөлінеді?
Рухани мәдениет дегеніміз не?
Материалдық мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
Салт-дәстүр деген не?
Әдет-ғұрып ұғымын қалай түсінесің? Түрлі-түсті қима қағаздар
Интербелсенді тақта
Ортасы
6-40 Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз: Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
Ұлт дегеніміз- адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі.
Ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар:
Адамдардың материалдық тұрмыс жағдайлары
Территориясы, экономикасы
Тілі, мәдениеті
Этникалық ерекшелігі
Ұлттық жан-күй үйлесім үш бөліктен тұрады:
Ұлттық сезім
Ұлттық салт-дәстүрлер
Ұлттық мінез
Ұлттық салт-дәстүр, ғұрып дегеніміз-әр халықтың сенім-нанымына, тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты қалыптасып, уақыт сынынан өтіп, табиғи түрде, өздігінен бір жүйеге келтірілген, сондықтанда сақталуы міндетті болып есептелген әдеттер мен ырым, кәделердің ерекше түрі. Салт-дәстүр ұлттың рухымен бірге жасасып, заман талабына сай жаңарып, өзгеріске ұшырап отырған. Нағыз мәдениетті белгілі бір ұлттың тарихи болмысы тудырады.Осы тұрғыдан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халқымыздың ғасырлар бойы жинап, бір жүйеге келтірген әдептілік ережелері іспеттес.Олардың қай-қайсысы да адамдарды ибалылыққа, имандылыққа, адамгершілікке жетелейтін аса маңызды тәрбие құралы.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.1- тапсырма. «Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша постер қорғау.
1-топ. Мерекелер. Ұлттық ойындар
2-топ. Қазақтардың денсаулығы
3-топ. Халық емшілері
4-топ. Атақты қазақ спортшылары
2-тапсырма. «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша көрініс көрсетеді.
1 топ. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет - ғұрыптары.
2 топ. Әдептілік пен сыпайылық әдет - ғұрпы
3 топ. Жасы үлкендерге құрмет көрсету, тамырлық әдет - ғұрпы.
4топ. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер. Бата беру. Бала тәрбиесі. Интербелсенді тақта
А3 форматты қағаз
Интербелсенді тақта
Аяқталуы
40-45 Әр топ бірін-бірі 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы бағалайды. Стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Үлгерімі төмен оқушыларға арнайы деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Қабілетті оқушылармен жұмыс: «Бізден-сұрақ, сізден-жауап», «Тұлғалар», постермен жұмыс тапсырмаларды орындау бары-сында оқушылар өз қабілеттерін көрсете алады. Бағалау - Оқушылардың үй-ренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау парағын пайдалана отырып, бүкіл сабақ барысында формативті бағалау жүреді. Оқушының өзін-өзі бағалауы және мұғалімнің бағалауы сабақ барысында бірге асырылып жатады.
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы
Байланыс
Қазақ әдебиеті, музыка пәндерімен пәнаралық байланыс жоспарланған.