Ма?саты: Хал?ымыз аса ?лкен дайынды?пен ?арсы алатын, ?аза? хал?ыны? меркесі Наурыз мейрамы туралы т?сінік бере отырып, ?аза? хал?ы д?ст?рін к?рсету ж?не оны бойларына дарыту ар?ылы, шынайылылы??а, адамгершілікке, ?лтжандылы??а, имандылы??а, инабаттылы??
Мақсаты: Халқымыз аса үлкен дайындықпен қарсы алатын, Қазақ халқының меркесі Наурыз мейрамы туралы түсінік бере отырып, қазақ халқы дәстүрін көрсету және оны бойларына дарыту арқылы, шынайылылыққа, адамгершілікке, қлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққ а тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұжымдастар! Бәріміздің асыға күткен ұлттық Наурыз мейрамы да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! «» атты мерекелі кешімізге қош келдіңіз!
Наурыз келді, көктем келді ағайын
Жадырайды, жаңғырады маңайым
Назды, сазды науан наурыз армысың
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.
Ән: «Дастархан»
Тақпақ:
Мейіржан: Көктем келді көктем келді далама
Қуанып жүр ата-ана да балада
Қар,мұз еріп жағалардан су ағып
Үйрек қаздар жайылып жүр жағада
Анар: Көктем көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
Назарбек:Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз
Перизат: Көктем қандай көңілді
Көктем жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылды
Күннің көзі көрінді
Жарайсындар балалар,ендігі кезекті биге берейік.Қазақтың ұлттық биі « Қара жорға».
Тақпақ:
Мөлдір: Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды
Іңкар: Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді
Бау-бақшада орманда
Құстар әні төгілді
Ендігі кезекті ұлттық ойынымызға берейік.
Ойын:Қыз қуу.
Рәсім:
«Тұсау кесу»
Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.
Қаз-қаз, балам, қаз балам, Қадам бассаң, мәз болам. Қаз-қаз, балам, қаз балам Тақымыңды жаз балам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін, Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық,
Қаз-қаз, балам, жүре ғой...
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбеҚыздарымыздың биін тамашалайық
Би: Қазақ биі.
Жарайсыңдар балалар.Наурыз мейрамы құтты болсын.Келесі жылға аман есен жетейік.Хош сау болыңыздар.№7 «Құлыншақ» тобының «Наурыз -тойы құтты болсын» атты ертеңгілігіміз аяқталды.