фестиваль стихов о весне на английском языке Hello, Spring!


Сабақтың тақырыбы: Көктем. 3-сынып
Сабақтың мақсаты: Білімдік:жыл мезгілдерін атауды,онымен байланысты жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдануды үйрету.
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімін арттыру.
Дамытушылық:тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту, тілге деген қызығушылықты арттыру
Тәрбиелік :табиғатты сүю, аялай білуді үйрету.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, жаттықтыру, оқу, аудару, жазу,деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!
2.Жағымды орта қалыптастыру.
Барлығымыз қол шапалақтаймыз.
Тек қана қыздар...........
Тек қана ұлдар.......
Жақсы оқитын балалар.....
Көктемде туылғандар.
Көңіл –қүйі жақсы балалар...
2. Тілді жаттықтыру кезеңі. Сұрақ-жауап арқылы
1....... жылда неше мезгілі бар?
-Жылда төрт мезгіл бар.
2.Ол қандай жыл мезгілдері?
-Қыс, көктем,жаз, күз.
3.Қазір қай жыл мезгілі?
Қазір қыс.
4.Қыс айларын кім атайды?
-Желтоқсан,қаңтар, ақпан.
5.Қазір қай ай?
-Қазір ақпан айы.
6.Бүгін ақпанның нешесі?
Бүгін ақпанның жиырма бесі.
Дәптерлеріңдер ашыңдар ,бүгінгі күнді жазыңдар.
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөз:
Қар,мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай –салада ағады,
Бүршік шашып
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Оқушылар: бұл көктемде болады.
Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз осы «Көктем» тақырыбына арналады.
Сабақтың мақсаты: Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысасыңдар. Мәтіннің мазмұнын меңгересіңдер.Деңгейлік тапсырмалар орындайсыңдар. Дидактикалық ойын ойнайсыңдар.
2.Өткен сабақ пен жаңа сабақтың тақырыптарын байланыстыру.
-Көктем айларын кім атайды?. .
-Наурыз, сәуір,мамыр
Кім көктем айлары туралы тақпақ айтып береді?
Наурыз.
Наурыз келді шуақты,
Шаттанбаған бар ма алап
Жылғалармен су ақты.
Бүрін жарды тал-дарақ.
Сәуір.
Сәуір келіп жетті енді,
Дала гүл-гүл жайнады,
Жырға қосып көктемді,
Әнші құстар сайрады.
Мамыр
Мамыр келді ән-думан,
Көлде аққу қалқыды.
Орақ түскен шалғыннан
Жұпар иіс аңқыды
3.Сөздік жұмыс
Мезгіл-время
Гүлдеді-зацвели
Құстар-птицы
Ұшып келе бастады-начали прилетать
Суға толды-наполнились водой.
1.Мен жаңа сөздерді оқимын, оқушылар қайталайды.
2.Оқушылар жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып алады.
3. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
4.Музыка әуені
5.Мәтінмен жұмыс.
Көктем келді. Күн жылынды.Қар еріді.Жылғалар суға толды.
Ағаштар гүлдеді.Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады.
Көктем-жылдың ең әдемі мезгілі.
А)Оқу, аудару.
6.Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
7. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
1.Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.

1.Бұл қай жыл мезгілі?
2.Көктем айлары қандай?
3.Жерде не жатыр?
2.Өлеңді мәнерлеп оқы.
Бәйшешек .
Бәйшешектен білеміз
Көрсек гүлін жарғанын
Мәз боламыз,күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын
Н.Әлімқұлов
3.Көп нүктенің орына тиісті әріпті қойып, көшіріп жаз.
К.кт.м, қ.стар, гүлд.ді, әд.мі, ер.ді, .
ІІ деңгей
1.Сөйлемдерді аудар.
Пришла весна. Весной дни теплые. Тает снег
Прилетают птицы.
2.Сөйлем құрастырып жаз.
1. Келді,көктем,жылы.
2.Ән, құстар,айтады.
3.Жинады,қызғалдақ, қыздар.
3.Өлеңді түсініп оқы.
Көңілді-веселый (-ая, -ое, -ые)
Күміс жаңбыр- серебрянный дождь
Мөлдір-чистый –(ая, -ое, - ые).
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді. С. Жиенбаев
ІІІ деңгей.
1.Дұрыс па әлде бұрыс па?
1. Көктемде ағаштар гүлдейді.
2.Көктем жылдың ең ыстық мезгілі.
3.Көктем мезгілінде мерекелер жоқ.
4.Қыстан кейін көптен күткен күз келді.
2.Жұмбақты шеш.
-Осы гүлден білеміз, көктем келіп қалғанын.
3.Тест.
1.Көктем айлары қандай?
А) Желтоқсан, қаңтар,ақпан ; Ә) Маусым, шілде, тамыз;
Б) Наурыз, сәуір, мамыр.
2.Көктемде құстар не істейді?
А) ұшып келеді; Ә) ұшып кетеді; Б) ұшып қонады.
3. Көктемде не шығады?
А) өзен ; Ә) шөп; Б)көйлек.
4. Наурыз қандай мереке?
А) жыл аяғы; Ә ) жыл ортасы; Б) жыл басы.
5.Күннің түсі қандай?
А)сары; Ә) жасыл; Б) ақ.
.
8. Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық
Қане, қанат жазайық. Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық
9.Жаңылтпаш.
Көп көкек
көктеп,
көктем келді
Оқушылар жаңылтпашты хормен, қайталап,жатқа
айтады.
10.Дидактикалық ойын.
«Қай әріпті жоғалттым»
к к т м
с у р
қ с т р
11. «Жұмбақтар әлемінде»
1.Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (Қар)
2.Түрі әдемі тұр кілем.
Түгі жоқта кір кілем. (Көктемгі жер)
ІІІ.Бекіту.
А) мәтінді құрастыру
Ә)Сұрақ-жауап.
1.Көктемде не жылиды?
Көктемде күн жылиды.
2. Көктемде не ериді?
Көктемде қар ериді.
3. Көктемде нелер ұшып келеді?
Көктемде құстар ұшып келеді.
IV.Рефлексия
Сабақ ұнады ма?
V. Үй тапсырмасы
1- деңгей:Жаңа сөздерді жаттау.
4-тапсырма,162бет
Жұмбақ.
2 -деңгей:
Жаңа сөздерді жаттау.
2-тапсырма, 163бет
3-деңгей:
Жаңа сөздерді жаттау.
1-тапсырма,163бет
VI.Бағалау.