Технологиялы? карта
Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Мамандықтармен танысайық».
Мақсаты: Көркемсөз арқылы балалардың мамандықтар туралы
түсініктерін кеңейту, қоршаған орта туралы түсініктерін
қалыптастыру, жаңа сөздермен
сөздік қорды байыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мамандықтар бейнеленген суреттер, құрылыс материалдары, ұлкен хатқалта.
Сөздік жұмыс: мамандық.
Билингваалъды компонент: мамандық- профессия, аспаз-повор, жүргізуші-водителъ, құрлысшы-строителъ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Топқа үлкен хатқалта алып кіру.
-Балалар, бізге «Мамандықтар қаласынан» хат келіпті. Тыңдаңдар.
«Құрметті балалар, біздің шеберлер қаласында мамандық түрлері өте көп, сендер өскенде әрқайсысың бір мамандық иесі боласыңдар. Әзірше, сендер кішкентайсыңдар, сондықтан мен сендерді мамандықтар қаласына қонаққа шақырамын»
Балалар, бұл қалаға бару үшін бізге сиқырлы кілем керек. Өйткені біз өзен-көл, тау мен ормандардың үстінен ұшып өтеміз. Мамандық (профессия)
-адамның белгілі бір саладағы еңбегі. Мысалы,тіс дәрігері т.б
Сиқырлы кілемшеге отырып, музыкамен мамандықтар қаласына жол тартады.
Ұйымдастырушылық
ізденістік (Тақтаға түрлі мамандықтар суреті ілінеді).
-Біздің қалада әртүрлі мамандықтар иелері тұрады.
Аспаз-ең басты мамандықтардың бірі.
Безендіріп үстелді,
Тәтті тамақ пісірер,
Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.
Сендерге қандай тамақ түрлері ұнайды?
-Құрлысшылыр(строители) зәулім үйлерді тұрғызады.Олардың бірі кірпіш қаласа, бірі ауыр жүктерді кранмен жеткізіп тұрады. Енді бірі дайын болған үйдің есік-терезелерін сырлайды.
-Жұргізуші дегеніміз-көлік түрлерін жүргізетін адам. Мысалы:автобус жүргізушісі т.б.
Билингвалъды компонент: мамандық-профессия, аспаз-повар, жүргізуші-водителъ, құрлысшы-строителъ.
Сергіту сәтін өткізу
Пысықтау.
-Мамандықтар қаласында аурухана бар. Ауруханада дәрігерлер жұмыс жасайды.
Дәрігер ауру адамдарды емдейді.
-Міне, мамандықтар қаласынан қаншама мамандық түрлерімен таныстық. Өздерің өскен кезде тағы да көптеген мамандықтар туралы біліп, өздеріңе қажеттісін таңдайсыңдар. Балалар әңгімеге қатысып, сұрақтарға жауап береді. Суреттер бойынша өздері білетін мамандық иелері туралы әңгімелейді.
Қайталайды. Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды. Дәрігерлер туралы білетіндерін айтады. Мысалы, тіс дәрігері ауырған тісіңді емдейді. Көз дәрігері көзді емдейді т.б.
Рефлексиялық түзетушілік -Ал енді балабақшаға оралатын кез келді. Кілемге отырыңдар, топқа ұшамыз.
-Балалар, біз қайда саяхаттадық?
Қандай мамандық түрлерімен таныстық?
-Қай мамандық сендерге ұнады?
Өскенде кім болғыларың келеді? Балалар кілемге отырады. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: мамандықтар туралы берілген тапсырманы.
Түсінеді: мамандықтар туралы мәліметті және тұрмыста
мамандықтардың пайдасы бар екенін.
Қолданады: мамандықтар туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты таңдай білу дағдыларын.