?нерлі жігіт та?ырыбында?ы ашы? саба? (2-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Өнерлі жігіт.
Жалпы мақсаты: Әңгіме туралы түсінік бере отырып, кейіпкердің іс-
әрекетінің мәнін ашу. Жаттығулар орындай отырып,
сын есімді пысықтау.
2. Оқушылардың ой – өрісін, тілін дамыту. Өз ойын тез, әрі
жүйелі жеткізуге дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқыту нәтижесі: Мәтін мазмұнына сай сұрақтар қоюға, сөздерді талдауға, ой – өрісін дамытуға, ойланып жауап беруге, дағдыланады
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқытуды басқару және
көшбасшылық. дағдыланады..
Негізгі идеялар. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі Аралас .
Әдіс- тәсілдер: Жұптық жұмыс. СТО.Ойын, диалог,сұрақ-жауап.
Шығармашылық жұмыс.
Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, кеспе қағаз.мақал-мәтел т.б
Сабақ кезеңі. Мұғалім әрекеті Оқушы іс - әрекеті. Уақыт
Кіріспе. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Психологиялық дайындық.
3. Жұпқа бөліну. Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз,
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ана тілім өз тілім, бабам тілім,
Бесікте жатқанымда- ақ берген білім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
5 мин
Үй тапсырматын тексеру.
Білімді еске түсіру.
Абай Құнанбайұлы «Адам болам десеңіз» Ыбырай Алтынсарин «Кел,балалар оқылық»
«Бес асыл іс»,
«Бес дұшпанды жатқа айту»
5 мин
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Оқулық бойынша жұмыс. Сурет бойынша 131-жаттығу қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
132-жаттығу
Берілген үлгіге қарап,заттың атын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңдар
Ү л г і: Қызыл сиыр,.....

Күн көкжиектен көтеріліп келеді.Түсі қызыл, сұлу, әдемі
Қандай? Қызыл
Қандай? Сұлу
Қандай? Әдемі
Ат,күрең,қызыл,ала,сиыр,бұзау,ақ,лақ
Күрең ат, қызыл сиыр,ала бұзау, ақ лақ,
15 мин
Кім көп біледі...?
(ойын) Қандай ? Қай? сөздері қандай сөздерге қойылады
(заттар: доп,шар, қызыл, бұрыш,кәмпит)
- заттың сынын білдіретін сөздерге қойылады
Доп ауыр, шар жеңіл, бұрыш ащы, кәмпит тәтті.
5 мин
Мәтін.
«Өнерлі жігіт»
144907033274000Әл-Фараби туралы түсінік беру.
144907032702500Фараби жігіттің қандай өнерін көрді?
144907036195000Ол жігітке қандай ұсыныс жасады
Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті
Сенің қандай өнерің бар?
-жігіттің шеге суырып жатқанын көреді.
-менімен бірге жүр оқу үйретемін дейді.
-сол бала үлкен ғалым болып өседі.
5 мин
Сөздікпен жұмыс.
Сахналау (қойылым) Берілген сөздердің мағынасын түсіндіру. Дирхем-Араб елінің күміс ақшасы
Диуана дәруіш –бірі елкезіп қаңғырып жүрсе,
Бірі дүниені көп аралаған ғажайып жан
Ғалым-оқымысты ғұлама

3 мин
Мақал-мәтелдер «Өнер» туралы мақал-мәтелдер
Өнерліге есік ашық
Асыл тастан шығады
Өнер жастан шығады
Өнер өрге жүзеді 2 мин
Сергіту сәті Өлең шумақ Қорытынды. Сөзжұмбақ шешу
Әр жұпқа сурет таратылып беріледі, сол суреттің бас әріптерін тігінен оқығанда сын есімге байланысты сөз шығады.
Суреттерге қарап сөзжұмбақты шешеді 5 мин
Бағалау.
Үйге тапсырма. Әр жұп бірін – бірі бағалады. Мұғалімнің қорытынды бағасы 1
мин