?СКЕЛЕ? ?РПА?ТЫ О?ЫТУ МЕН Т?РБИЕЛЕУДІ? ИННОВАЦИЯЛЫ? ?ДІСТЕРІ Корганбаева Г. Б. С?тбаев ?аласы, №3ОМ


«ӘОЖ»
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Корганбаева Г. Б. Сәтбаев қаласы, №3ОМ
«Еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақ тағдыры
ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп елбасы Н. Ә. Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсетті. Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық-коммуникация технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалана білуі керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсаты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс .Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани-интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу, білім беру-тәрбиелеудің басты мақсаты. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше. «Жеке тұлға» -бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
*адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
*өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
*айналадағы қоршаған әлемді және өзін-өзі жете түсінуі;
*қажеттілік жүйесі;
*шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жүйесі.
Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми-теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені: ол оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті шығармашыл, белсенді оқытушыларды жетілдіруге септігін тигізеді.
Білікті, шығармашыл ұстаз, жоғарыда айтылғандай, шәкірттердің белсенділігін арттыра да біледі. Шәкірт білімділігі, белсенділігі мақсатты бағытталған педагогикалық технологиялардың себебінен деп толық айтуға болар. Білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі мына себептерге байланысты өте қажет-ақ .Сапа менеджменті жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап етуіне орай озық технологияларды пайдалану;
Қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру-инновациялық үрдістерге себеп болады және сапалы жаңа білімді қалыптастыруға ықпал жасайды:
Инновациялық қызмет педагогтың кәсіби өсуін, тұрақты өзін-өз жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп игеруін қамтамасыз етіп, шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады;
Инновациялық білім-педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастырып, қарым-қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игерді;
Инновациялық үрдістер-педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптастырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді. А. М. Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде атап көрсеткендей, «Инновациялық процесс-жаңаны падалану идеяларынан туындайды».
Инновациялық оқыту-білім берудің ерекше түрі. Ол «Жаңа жағдайларда даму қабілеттігін бірлесе шешуді ойластырады. Қалай нәтижелі оқыту керек?»-деп атап көрсетеді М. Чаманов
Соңғы жылдары Қазақстан білім беру жүйелерінде П. Эдниевтің бірліктерді ірілендіру технологиясы, Д. Эльконан мен В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. Аманашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чамановтың проблемалық оқыту технологиясы, М. Жанпейісованың модулді оқыту технологиясы, В. Моннаховтың, Қазақстанда Ж. Қараевтың т. б. технологияларын ұстаздар қауымы шеберлікпен пайдаланып жүр деп айтуға болады. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, модульдік әдіс оқушылардың теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді. Бірлескен ұжымдық іс-әрекетке негізделген бұл технология тиімді пайдаланылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.
Ол нәтижелер:
*оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алуы;
*өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
*оқуға деген қызығуының артуы;
*іскерлік дағдысының қалыптасуы;
*мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
*ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы;
*шығармашылықпен айналысуына талпынысы;
*ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы;
*өзіндік пікір айтуы.
Аралық пәндер сияқты бүгінгі сабақтарда топқа бөліп оқыту, рольдік ойын элементтеріне, пікір-сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлер т.б. оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге көптеп ене бастады.
Дәстүрлі емес сабақтар:
*пәнаралық байланыс негізінде біріктірілген сабақтар;
*жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар: жарыс, рольдік және іскерлік ойындар, сөзжұмбақ.
*белгілі қоғамдық жұмыс түрлеріне, әдістеріне негізделген сабақтар: зерттеу, басылымдарды талдау, т.б.
*көпшілікпен қарым-қатынас түрін қайталау сабақтары: ақпарат –конференция, аукцион, бенефис, шеру
*қиял-ертегілерді қолдану сабақтары: ертегі сабағы, сиқырлы, басқа планетадан келушілер т.б.
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі-оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың болашағына жол ашуымыз керек.
Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге жылдам еніп, қолданысы кеңейе бастаған «инновация» термині ауызекі тілде ғана емес қоғамдық қарым-қатынас кеңінен қанат жайып келеді. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы.
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр.
Осыған орай, бірқатар жаңа технологияларға шолу жасай кетейік. Қазіргі кезде мультимедиялық құралдар жиі пайдаланылады. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдардың тиімді тұстарын атап айтсақ, олар:
-оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады;
-этнопедагогикалық тәрбие береді;
-танымдық қабілетін арттырады;
-оқытушының уақытын үнемдейді;
-оқулықтан тыс қосымшы мәліметтер береді.
Мектепте сапалы оқу бағытын айқындайтын жолдардың бірі-қазақ тілін модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітіп, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақты қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу» деген сөздері ойға оралды. Бір сабақтың әр кезеңдерін, түрлі әдістерін орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуға ықпал етеді. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жқмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жол болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының тиімді белгілерінің бір-оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттыру. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалы тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін , шама шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге жетелейді.
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдпарын жан-жақты зерттеу қажет.Педагогоика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сондықтан жаңа технологиялардың негізгі ұстанымдарының бірі –баланың танымдық іс-әрекеті белгілі бір кезеңде белсендендірілуі қажет. Жаңа технологиялар бойынша, әдістемелік жүйенің «мазмұн, әдіс, оқыту түрімен құралдары» сияқты бөліктерінің өзара байланысы болуы қажет. Мұның жүзеге асырылуы үшін төмендегі ұстанымдардың орындалуы шарт.
Оқушы өзіндік ізденудің, білімді игерудің, өзінің танымын өзі қалыптастырудың тәсілдерін меңгеруі тиіс. Яғни «оқушы-мұғалім» қарым-қатынас жүйесінде оқушының белсенділігі, іздену іс-әрекеті бірінші орында тұрады. Ал, мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беруші, көмекші, бағыттаушы немесе сүйемелдеуші рөлін атқарады.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлерін оқытудың дербес және топтық түрлері құрайды. Бұл жерде алға қойылатын мақсат-оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальді түрі көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы дамыған адамын тәрбиелейтін ұстаз өзінің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушыға білім берумен қатар білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларға білім берумен қатар нешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиелеу керек.
Әр сабаққа дайындық-мұғплімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып отырса, сабақ қызықты өтеді.
Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетедідеп есептеймін.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», деп Ахмет Байтұрсынов айқан.
Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймыз.