Сынып жетекшілеріне арнал?ан тренинг


Сынып жетекшілеріне арналған тренинг
Тақырыбы: Мектептегі топтық жұмыстың ерекшелігі
Мақсаты: оқушылар арасындағы белсенділерді анықтауға мұғалімдерге көмек және оқу тәрбие жұмысындағы топтық жұмыстың ерекшелігімен таныстыру.
Керекті заттар: түрлі-түсті қағаз, бейнефильм, ватман, маркер, кесте, күн ,слайд, жылқының суреті т.б.
Барысы:
1.Психологиялық дайындық: әрқайсысы түрлі-түсті қағазды таңдап өздерінің бір жақсы және жаман жағын айтады.
Топқа бөлу: геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну. (слайд көрсету 5 мин)
Мотивациялық тапсырма: қазір сіздерге мультфильм көруді ұсынамын және осы бейнефильмнен не көре алдық?
МУЛТЬФИЛЬМ КӨРУ «Пингивин,құмырсқа,немо және шаяндар» (5 мин)
Миға шабуыл сұрақтары:
мультфильмді көргенде қандай ой келді?
бұларды не қорғады?
Топтық жұмыстың пайдасы,берері не?
Неге топтық жұмыс жемісті болады?
Бұларға кім көмектесті?
Бұлардың іс-әрекетін кім басқарды?
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?
Тақырыпты өздеріне айқындату.
-Иә, дұрыс айтасыздар, тақырыбымыз топ басшысы және топтық жұмыстың ерекшелігі туралы болмақ.
Тапсырма бермес бұрын сіздердің қандай еңбекқор екендіктеріңізді анықтайтын Сіз қандай еңбекқор жұмысшысыз? деген тест жүргізіп алайық. Ол үшін сіздерге жылқының аяқталмаған суреті салынған қағаз таратылады. (слайд көрсету)
Суретте жылқының бейнесі бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы суретті аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет нәрсені салу. Атқа жағымды, жайлы жағдай жасаңыз.Іске сәт!!! (1-2 мин.) Жұмыс аяқталғаннан кейін жауабын оқу.
Проблеманы айқындау Келесі тапсырма әр топ қазір өздеріңіздің көшбасшыларыңызды,спикер,бақылаушы,тайм-киперлерді тағайындап алып топ ережесін сақтай отырып жұмыс істеу.
Мақсаты: оқушылар арасындағы белсенділерді анықтауға мұғалімдерге көмек және оқу тәрбие жұмысындағы топтық жұмыстың ерекшелігімен таныстыру.( тақырып жазылған слайдты ашып қою).Ал, енді топ болып «Көшбасшы деген кім, ол қандай, қандай әрекетімен ерекшеленеді?» соған постер (немесе кластер) жасаңыздар.
Адам бейнесі(слайд)

3.Постер жасау. Талдау,қорғау (10 мин)
4.Сергіту тренинг «Көшбасшыны анықтау»
Біз сіздермен көшбасшы деген қандай болу керектігін анықтадық ендеше қазір біз сіздермен дәл сол көшбасшыны осы топтан анықтайтын боламыз сондықтан бәріңізді ортаға шақырамын. Ортаға шығып айнала отырады. Әуен ойналады. Сол кезде әуен ырғағымен орындарынан тұрып билей бастайды. Әуен тоқтатылады сол кезде орындарына қайта жайғасуды сұрау .Орынсыз қалған адам сыртқа шығады. Оған тапсырма:
-кірген уақытта қимыл-қозғалыс жасап тұрған топтың ішінен көшбасшыны анықтау.
Топқа тапсырма:
-ішінен бір адамды көшбасшы етіп сайлап ол не істесе қалғаны соны қайталау.
Сыртағы адам ішке клгенде әуен қосылады бәрі билей бастайды. Әуен тоқтағаннан кейін ол көшбасшыны анықтайды.Таппаған жағдайда оған жаза қолданылады.

5.Жеке тұлға жайғасып отырғаннан кейін сіздерге басында түрлі-түсті қағазадар таратылып берілді ендеше келесі тапсырма
Қазір көздеріңізді жұмыңыздар мен не айтамын сол тапсырмады тек көздеріңізді жұму арқылы жасайсыздар.
Қағазды екі бүктеңіз
Бұрышын жыртыңыз,
Тағы бүктеңіз
Бұрышын жыртыңыз,
Тағы бүктеңіз
Тағы бір бұрышын жыртыңыз
Енді көздеріңізді ашып бүктелген қағазыңыздан не шықты соны бәріне көрсетіңіз
Осы туралы не айта аласыз? Әр кімде өзінің оюы шықты, бірақ бәрі бір тапсырма орындады. Осыдан қорытындылай келе бізге тапсырма бірдей берілгенімен әр адам ол жеке тұлға өз пікіріміз, өз әдіс-тәсілдеріміз бар сол арқылы балаға әртүрлі подход жасаймыз.
6.Бейнефильм (топ болып жұмыс істеу) Көреміз келесі көрсетілетін бейнематериал « Арба»- деп аталады. Жалпы бес саусақ бірдей емес топта неше түрлі адам болады. Табысқа жету үшін жоғарыда көргендей топты алға сүйрегенде біреу бар ынтасымен көмектесетін, екінші біреу көмектескен болады, үшіншісі бірде бар, бірде жоқ, төртіншісі білдірмей бірақ кері тартатын да кездеседі. Егер соны дер кезінде жөнге салып түзесе, түсіндіру жұмысын жүргізсе топ табысқа жетеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тағы «Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз –біріміз үшін» -деген ұранды басшылыққа алғанда ғана ұжымның жұмысы ілгері басады.
Ендеше әр топ алдарыңыздағы кестені толтырсаңыздар
Кестемен жұмыс (кесте толтырту,қорғау 7мин. )
Топтық жұмыстың берері Кедергілер (бөгет) Шешу жолдары
(шешім)
Кесте бойынша сөйлеу

7. Кері байланыс Бүгінгі семинарымызды аяқтай келе құрметті ұстаздар дәл осы жоғарыдағы бейне фильмдегідей жағдай өз сыныбыңызда да елең алады оны дер кезінде түзеп сыныпты ұйымшыл бола алатындай ете аласыздар деп сенемін. Ендеше мына күннің шапағатына бөленіп, сәулесіндей жылуын шаша берсін, болашағымыз жарқын болсын деген ниетпен бүгінгі күннен алған әсерлеріңізді мына қағаз бетіне жазып ой бөліссеңіздер. (қағазды күннің сәлесіне ілу)

Педагог-психолог -Танагузова Ұлбосын Аутжановна
Алматы обл.Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы № 34 орта мектеп-гимназиясы