Ашы? саба? Математика Есепті ?р т?рлі т?сілмен шы?ару


Сыныбы:3 б
Мұғалімі:Сайфеденова Гүлсара Мұқанқызы
Сабақтың тақырыбы: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Мақсаты: Қосындыны санға көбейту тәсілін үйрету, меңгерту.Көбейту амалының компоненттерін дұрыс атауға машықтандыру.
Білімділігі: Берілген мысалдарды орындау барысында тақырыпқа сәйкес тұжырымдарды қорытындылауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, логикалық ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын толық дұрыс жеткізе алуға,алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тұжырымдар жазылған ақ парақтар, тест тапсырмалары, Венн диаграммасы."Математика патшалығы", "Тас қақпа", "Күміс қақпа" , "Алтын қақпа"
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, басқара отырып түсіндіру
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2) Психологиялық дайындық: Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
II.Үй тапсырмасын тексеру.
а) №6 теңдеуді қалай орындағанын талдау.
ә) Венн диаграммасын ойнату арқылы үй тапсырмасын, өткен сабақтарды қорытындылау.
1.Көбейту амалы қалай таңбаланады? ( * )
2.Көбейту амалына құрылған өрнекті тап. (5*10=50)
3.Көбейту амалының компоненттерін тап.
(көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
4.Көбейтудің қандай қасиеттерін білесің?
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
5.Көбейту арқылы сандар қандай өзгеріске ұшырайды? (сандар еселеп артады)
6.Көбейткенде қандай қосылғыштарды қосамыз?
(бірдей қосылғыштарды қосамыз)
1.Бөлу амалы қалай таңбаланады? ( : )
2.Бөлу амалына құрылған өрнекті тап. (50:10=5)
3.Бөлу амалдарының компоненттерін ата. (бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні)
4.Бөлу амалының ерекше жағдайы (а:1=а 0:а=0)
5.Бөлу амалдарын орындағанда сандарды қандай өзгеріске ұшыратамыз (еселеп кемиді)
6.Санды нөлге бөлуге бола ма? (а:0, нөлге бөлуге болмайды)
Екі амалға ортақ қасиеттер:
1.Көбейту және бөлу қандай амалдар?
(математикалық өзара кері амалдар)
2.Көбейтіндіні және бөліндіні қалай атауға болады?
(өрнектер)
3.Көбейту және бөлу амалдарының қандай жағдайлары бар?
(дербес)
III.Жаңа сабақ.
Күн ретін жазғызу
Оқушылар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болғалы отыр. Біз бүгін "Ғалымдар патшалығына" саяхатқа барамыз.Бұл әлемде баршаны таң қалдырған сарай бар.Онда ақылды, әрі білгір математика тұрады.Математика сарайына түк білмейтіндер мен жалқауларды кіргізбейді екен.Ақылды, білімді, зейінділер сарайдың үш қақпасын өз білімдерімен ашып кіреді екен.Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше.Біз де осы сарайға кіруге талпынайық.
1.Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Ж.Баласағұн.
1."Тас қақпа".Оқушылар математика патшалығына ену үшін ең алдымен "Тас қақпаның" шартын орындауымыз керек:
а) Амалдар тізбегін орында:
40:8*12+22-34:8=6
90:3*10*16:2:8=8
ә) №2 а)
(10+80)*5=450 (13+27)*4=160 (100+80)*5=900
(24+6)*2=60 (12+18)*3=90 (400+60)*2=920

Ашыл, ашыл тас қақпа!
2."Күміс қақпа"
Білімің көп болса, досың көп болады.
№2 ә)
5*4+5*2 6*3+6*2 40*5+20*5 30*6+20*6
7*5+3*5 8*4+2*4 5*70+5*30 4*180+4*20
№3.Кестені толтыру

Тік төртбұрыштың ұзындығы Тік төртбұрыштың ені Тік төртбұрыштың ауданы Тік төртбұрыштың периметрі
? 3 см 24 см2 22 см
8 см 5 см 40 см2 26 см
6 см ? 12 см2 16 см
Сергіту.Ребус шешу.
"Алтын қақпаны" ашу тапсырмасы:
Білім артық, себебі ол Пайғамбардан қалған мұра
№1.Есепті әр түрлі тәсілмен шығар:
а) Шарты:
Тазалауға - 15 мин
Жинауға - 5 мин
3 сағатқа - ? уақыт жұмсайды?
Шешуі: (15мин+5мин)*3=60 мин немесе 15 мин*3+5 мин*3=60 мин
Жауабы: 3 сағатты жөндеуге 60 мин жұмсайды.
ә) Шарты:
Әрқайсысына - 4 таға
I к - 9 атқа ?
II к - 8 атқа
Шешуі: 4*(9+8) = 68 4*9+8*4=68
Жауабы: 2 күнде 68 таға соғады.
№5. Салыстыру.
2 сағ 30 мин > 90 мин 20 м 5 дм = 205 дм
5 тәул.12 сағ. < 6 тәул. 15 см < 5 дм 5 см
3 сағ.50 мин. > 186 мин. 2 м 5 дм > 248 см
№6.Түсіндіру, баяндау әдісін пайдалану.
с*4=200 200:а=40 х:4=50
с=50 а=5 х=200
Білімді адам ақылды, даналы өмірге дұрыс көзқарасымен сөйлейді, ойлайды.
Міне, біз бүгін қақпаларды ашып, зеректігімізді, білімімізді пайдалана білдік.Енді, "Тездет, бірақ қателеспе" деген ойын ойнаймыз.
№1.Санның квадратын және кубын есепте:
а) 92, 82,102,12,202 ә) 43,103,33,53,63№3. 420:6-20*2-10*5:450
80*6-80:5*9+0-720
90+70:4*6-40:5:40
Есепте:
х643 х22 7 х758 х945 х735 х199 х278 х359 х447 Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаң да, іріп-шірімейді екен.Сондықтан білімді ұрпақ болып, келешегің жарық болуы үшін тынымсыз еңбек етуге әдеттен.
Бағалау.
Үйге тапсырма.№ 4
№3 орта мектеп

Ашық сабақ
Тақырыбы: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Сыныбы: 3 б
Мұғалімі: Сайфеденова Гүлсара Мұқанқызы

Атырау қаласы