Внеклассная работа на тему: «Наша?орлы? – ?асыр дерті»


Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық – ғасыр дерті»
Сабақтың мақсаты:
 Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қабырға газеттер.
Әдісі:Баяндау,түсіндіру,пікір талас, сұрақ-жауап
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, зейінін аудару. Іс-шараға 8,9,10 сынып оқушылары қатысқандықтан, жанында отырған оқушының атын атау арқылы бір-бірін қалай танитындығын анықтайтын тренинг өткізу.
Бүгінгі дөңгелек стол бірнеше бөлімдерден тұрады:І. Кіріспе әңгіме.
II.Слайд
ІІІ. Көріністер
IV.Сұрақ-жауаптар бөлімі
V.Бейне ролик
VI.Қорытынды
Сыныптан тыс іс-шарамызға қатысып отырған қонақтарымызды таныстырып өтейік:
Мектебіміздің медбикесі –Сальменова Сания КуанбековнаМектеп психологы- Ходжашева Зарина Билимжановна
Мектеп инспекторы-Касымбекова Аида Талантовна
I.Кіріспе әңгіме.  Адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастырады. Өйткені, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашанда құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың- жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі , көркеюі, балалар, сендердің қолдарында. Сондықтан, сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау.  Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі- жаман әдеттерден аулақ болу. Сондықтан, біздің бүгінгі дөңгелек столымыздың тақырыбы: «Нашақорлық –ғасыр дерті» деп аталады. Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстан-2030» Елбасының Қазақстан халқына жолдауы –біздің болашағымыздың сара бағыты. Ол Жолдауында Президентіміз болашақ –жастардыкі деп атап айтқан болатын . Сондықтан олардың дені сау, тәні таза, рухы күшті, білімді де тәрбиелі азамат болуы-ел үшін, халық үшін, ұрпақ үшін үлкен бақыт. Ал салауатты өмір сүруге кері ықпалын тигізетін індет- ол нашақорлық. Нашақорлық індеті соңғы кездері бүкіл қоғам алдындағы үлкен мәселе болып отыр.Осы тақырып аясында бүгінгі әңгімемізді өрбіткелі отырмыз.
II.Слайд.
10 сыныптың дайындаған слайдтарын көріп, өздерінің пікірлеріне сөз береміз.
ІІІ. Көріністер.
8 сыныптардың дайындаған көріністерін көруге шақырамыз. Осы көріністерден қандай әсер алғандарың туралы әңгімелеп берсеңдер.
IV.Сұрақ-жауаптар бөлімі.
Шақырылған қонақтарымызға сөз берейік.
А) Мектеп инспекторы
Ә) Мектеп медбикесі
Б) Мектеп психологы
Қонақтардың ой-пікірленінен кейін оқушылардың сұрақтарына кезек береміз.
1.Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?
2.Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Неге тез беріледі?
3.Қыз балалар да нашаны қолданатын жиі естиміз. Оларды ауыздандыратын біреулер барма?
4.Есірткі немен қауіпті?
5.Есірткілерге тәуелділік деген не? 6.Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті?
7. Заң жүзінде наша қолданатындар және наша тарататындар қалай жазаланады?
8. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
V.Бейне ролик.
Ендігі кезекте дайындалған бейнероликті көріп, өздеріңнің қандай ой түйгендерің жайлы айтуға шақырамын.
VI.Қорытынды
Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті! Олай болса нашақорлықпен тұрақты әрі кешенді күрес жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында жігерлі жастарды індеттің тамырын қиюда бірлесуге шақыра отырып, Халипов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына үндеу жолдаймыз!
ҮНДЕУ!
Нашақорлық –еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек!
Біз Қазақстан Республикасының тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен өркендеуін әрі қарай дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігімізді білдіреміз!
Біз құрбы-құрдастарымыз бен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын кең тұрғыда жүргізуді өз міндетіміз деп есептейміз!
Егер СЕН өз еліңнің жарқын болашағына нық сенімен қарасаң, жастық күш- жігеріңе сеніп, қоғамдағы өзгерістеге бей-жай қарамаймын десең, бізбен бірге нашақорлыққа жол берме!


Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол!Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың-өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол –бұл жолдан аулақ жүру.
«И.Ф.Халипов атындағы №1 мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Нашақорлық- ғасыр дерті
(сыныптан тыс іс-шара)
8,9,10 сыныптар

Биология пәні мұғалімі: Шарипова Н.Т.
2015-2016 оқу жылы