Орман то?ай ?сімдіктері мен жануарлары саба? жоспары


Дүниетану 4 сыныпСабақтың тақырыбы Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
Сабақтың мақсаты Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпаратты жинақтау және білу; мәтін мазмұның менгерту, талдау: оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға жетелеу.
Сілтеме 4 сынып Дүниетану оқулығы.
Оқыту нәтижелері Тақырыпты меңгерту.
Тақырып бойынша талдау жасай білу.
Өз ойларын еркін, жүйелі айтады.
Орман тоғай өсімдіктері бойынша сұрақтар қоя біледі. Сұрақтарға жауап бере біледі.
Алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады.
Түйінді идея Орман тоғай өсімдігі, орман тоғай жануары, орманның пайдасы ұғымдарын айтқызу.
Сабақтың түрі Сыни ойлау сабағы.
Модульдер Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әдіс тәсілдер Сәттілік тілеу, АКТ, топтық жұмыс, миға шабул, болжау стратегиясы, постер жасату, сергіту сәті, авторлық орындық, ой толғау, кері байланыс.
Ресурстар Слайдтар, постер, интеративті тақта, оқулық.
Сабақтың кезеңдері Әдіс тәсілдер Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Қызығушылықты ояту Сәттілік тілеу.
Табиғат жайлы бейнетаспа көрсетіледі
Оқушыларды тақта алдына шақырады, өзі бастап, сағат тілі бағыты бойынша сол жақтағы оқушыға сәттілік сөз айтады.
Бейнетаспадан нені тамашаладық? Табиғат несімен сұлу болып тұр? Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар өз ойын айтады.
Мағынаны тану Топпен жұмыс.
Миға шабуыл
Постер
1 топ Ормандар Топ башысын сайлау, рөлге бөліну керектігін айтады.
Мақсатты айқындау.
Тақырыпты атау. Дәптерге тақырыпты жазу.
Тақырыпты топта оқиды, талдайды. Топтарға стикер таратамын. Баяндамашы, бақылаушы, хатшы, топ башысын сайлайды.
Ең соңында жазған оқушы оқып береді.
Баяндамашы айтады, келесі топты оқытады. Диктафонға жазады. Постер жасайды, қорғайды
1 топ: Ормандар -аралас, қайыңды, шыршалы, көктерек.
Тал- мойыл, таңқурай, долана.
2 топ: Шөптекті- мүкжидек, сиырбүлдірген, айдаршөп, қоғажай, кауфман көк гүлі(қызыл кітапқа еңген)
3 топ:Орман жануары- сілеусін, боршатышқан, тиін.
Орман құстары -тоқылдақ, көк қарға, шымшық, жапалақ.
Сергіту сәті Жаттығу жасату.
Орманымыздан тұрайық, Қолды белге қоялық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Оқушылар орындарынан тұрып, жаттығу жасайды.
Ой толғаныс «Еркін жазу»
Авторлық орындық АКТ, слайдтағы сурет бойынша әңгіме құрату.
Сыни сұрақтар қою. Екі топтан қабілетті екі оқушы оқиды. Көре отырып, нәтиже шығарады, қорытынды айтады. Дәптерге орындайы.
Әр топ мүшесі ақылдаса отырып жауап береді.
Бағалау Өзін өзі бағалау. Жиынтық бағалау. Түсіндірме жүргізеді. Топта әр оқушы бағалау критерилері көрсетілген бағалау парағын толтыру ұсынылады. Топта әр оқушы өзін өзі бағалауды бағалау критерилері көрсетілген бағалау парағына жулдызшаларды қою арқылы жүргізеді.
Кері байланыс Кері байланыс.
ПирамидаӘр бала парақшаны толтырып, магнит тақтасына жапсырып айтып өту. Әр оқушы парақшаны толтырып, магнит тақтасына жапсырады.
Үйге тапсырма Өз өлкендегі орман туралы хабарлама әзірле.