Ашы? саба? Сдыбысы ж?не ?рпімен таныстыру.


Тақырыбы: "С"дыбысы және әрпімен таныстыру.Мақсаты: "С"дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; "С" дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру. Электронды планшет арқылы тапсырмаларды орындауды үйрету.Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, кеспе әріптер, Планшет, жұмыс дәптеріӘдіс - тәсілдер: Түсіндіру, жұмбақ, сұрақ - жауап, ойын.Сөздік жұмыс: Әуеден ұшып келеді.Билингвальды компонент: Сөз - слова, дауысты дыбыс - гласный звук.Әрекеттер - кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекетіҰйымдастырушылық - қозғаушылықБалалар алдымен қонақтармен амандасып алайық!Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Өте дұрыс балалар қазір жылдың қыс мезгілі.Аптаның қай күні?Бүгін бізде сауат ашу сабағы, өткен сауат ашу сабағында қандай әріптермен таныстық? (балаларға толық өткен әріптерді көрсете отырып, естеріне түсіру, қайталату) Жарайсыңдар!"Б" дыбысынан басталатын сөздерді естерімізге түсіріп, қайталап айтып өтейік. "Б"дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?Осы жерде тосыннан ескі қағылады. Ой, балалар бұл кім болды екен? Әуеден музыка әуенімен сары шар ұшып келеді.Балалар тәрбиеші апайлармен амандасады.Қыс мезгіліДүйсенбі"Б" дыбысы мен әрпі"Б"дыбысынан басталатын сөздерді қайталап айтады.Дауыссыз дыбыс.Балалар таңданып шарға қарайды.Ұйымдастырушылық - ізденістікҒажайып сәт:- Тәрбиеші таңдана қарап, балалар қараңдаршы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай?Сары.Сары сөзі қандай дыбыстан басталады.Балалар біз бүгін сауат ашудан тағы бір әріп, дыбыспен танысамыз, ендеше мен сендерге қандай әріппен танысатынымызды білу үшін бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Мені мұқият тыңдаңдар.Жұмбақ.Сақинаны, сандықты, бастап тұрған қай әріп?Сәукелені, садақты - сапсыз орақ тәрізді. /С/Ой, балалар жаңағы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай болды? Ол шарды бізге тектен тек жібермеген екен, әліпбидегі әріптерде біздің бүгін "С" дыбысымен танысатынымызды біліп қойса керек. Ендеше біз бүгін "С"дыбысы мен танысатын боламыз. "С" дыбысы қатаң дыбыс.Міне "С" дыбысының әріп таңбасы.Неге ұқсайды балалар?Кәне, бірге "С"деп атайық."С" дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы: балалар ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан "С" дыбысы естіледі.Балалар әріптер неше дыбысқа бөлінеді?Ал, "с"дыбысы - дауыссыз дыбыс па, дауысты дыбыс па?Балалар дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?Кәне балалар "С" дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.Айтқан сөздерді буынға бөлгізу."С"дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету және ауада жазып көрсету.Енді, балалар әріп қималарымен сөздер жазайық.Сағат, сан, са, тасМысалы сағат сөзінде неше дыбыс бар, неше әріп бар?5дыбыс, 5әріп бар екенОсы сөздердің сан, тас сөзіне дыбыстық талдау жасайық. "С"дыбысы қандай дыбыс?"А"қандай дыбыс?"Н" қандай дыбыс? Слайд:Балалар мына слайдтағы суреттерге назар аударайық, ненің суретін көріп тұрсыңдар?Сырға, сақина, сағат, мысық, автобусЕндеше балалар "с"дыбысы басында да, ортасында да, соңында да кездеседі екен.Балалар енді суреттегі сақина, сырға сөздерін сызба бойынша буынға бөлейік.Мысалы: Сырға неше буынға бөлініп тұр?Сырға сөзі, екі буынға бөлінеді.Ал, сақина!Неше буыннан тұрады?Үш буыннан.Сырға.Сақина.Сергіту сәті:Қанат жайып қалықтапҚұс сияқты күйге енемАсықпаймын үйге менЖаңа әріппен танысамынЖазу жазып үйренем.Балалар "С"дыбысы қай сөздерде кездеседі?Кәне тақтаға шығып сурет арқылы сәйкестендірейік.Электронды планшет арқылы ойындар ойнатылады.Д /Ойын: "Әлиппе"Ойынның мақсаты: Балаларға электронды ойындарды ойната отырып, балалардың ой - өрісін жетілдіру.Балалар алдарында санағыштарын бар, сол санағыштарыңмен "С" дыбысын таяқша арқылы құрастырып көрейік."С" дыбысы неше таяқшадан құрастырылып тұр, түсі қандай?Дәптермен жұмыс.Сары."С" дыбысынан басталады.Балалар жұмбақтың шешуін табады.СарыТәрбиешіні мұқият тыңдайды.Айға ұқсайды, ораққа ұқсайды т. бТісіміз көрінедіЕкі дыбысқа бөлінеді.Дауысты, дауыссыз дыбыс.Дауыссыз дыбыс.Көк түспен белгілейміз.Балалар ауады "с" дыбысын жазып көрсетеді. Қайталайды.Сағат, сан, тас, маса, са, со, т. бС - дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілеймізА - дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілеймізН - дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілеймізБалалар тақтада жазылып тұрған сан, тас сөзіне дыбыстық талдау жасайды.Дауыссыз дыбысқа қызыл текшені, дауыссыз дыбысқа көк текшені орналастырады.Балалар тақтаға шығып Сырға, сақина, сөзін сызба арқылы буынға бөледі.Балалар қимыл - қозғалыс арқылы көрсетеді.Балалар тақтаға шығып, ватман қағазында орналасқан суреттермен таныса отырып, олардың қайсысы "с "дыбысынан басталатынын анықтай отырып оларды сәйкестендіреді.Балалар алдарындағы планшет арқылы түрлі "С"дыбысына байланысты ойындарды ойнап, түрлі тапсырмаларды орындайды.Балалар алдарындағы санағыштарымен "С" "дыбысын құрастырады.Үш таяқшаКөк түстіБалалар дәптермен жұмыс жасайды.Рефлекциялық түзетушілікБалалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?"С" дыбысы қандай дыбыс?Жарайсыңдар балалар!Д /о: "Дәл тауып айт"Тәрбиеші сабақты сұрақ - жауап арқылы қорытындылайды.Қыздар құлағына тағады.....................Қыздар басына киеді..........................Қыздар қолына тағады.......................Уақытты көрсетеді.............................Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын.......Сызуға арналған құрал........................Кітаптарды қайда саламыз................Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?Тәрбиеші балаларды мадақтай отырып, балаларға кішкентай "Әліпби" кітапшасын сыйға ұсынады.Тәрбиеші апайлар сіздерге де көп рахмет, енді бүгінгі біздіңұйымдастырылған оқу іс - әрекетінен қандай әсер, қандай көңіл күйде болдыңыздар соны мына смайликтер арқылы көрсетсеңіздер.Әрбір тәрбиеші апай көңіл күйлерін балаларға, смайликтер арқылы көрсетеді "С" дыбысымен."С" дыбысы дауыссыз дыбыс.Сырға.Сәукеле.СақинаСағатСүтСызғышСөмке"С" дыбысынанБалалар қуана сыйлықтарын алады. Күтілетін нәтиже:Орындайды: Электронды ойындарға қызығушылық танытады;Түсінеді: "с"дыбысының ораққа, айға ұқсайтынын;Қолданады: сөздер арасынан дауыссыз дыбысты анықтауды;