Таби?ат?а саяхат. Б дыбысы мен ?рпі 1 сынып Сауат ашу саба? жоспары


Сабақ жоспарыПәні: Сауат ашуСынып: 1 «в»
Тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпіМақсаты:
Білімділік: Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен
ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау
жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.                                 
Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, топтық жұмыс, сұрақ – жауап.Көрнекілігі: таратпа материалдар, Б дыбысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу.ә) Cабаққа дайындық.б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.- Балалар қазір бізге қандай сабақ?
- Сауат ашу сабағы.
- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?
- Иә
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Қызығушылығын ояту:
Жұмбақтар.
1.Таусыла ма, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар -
Бұтақ-бұтақ мүйізі.
(Бұғы)
2.Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл, сары , жасыл
 (Бағдаршам)
3.Қанаты бар ұшпайды,Жұрт айламен ұстайды.(Балық).4. Қызықтырып әркімді – ақ,Суда жүзер жалтылдап.Қайсы әріптен басталған,Сол жәндіктің атын тап?(Бақа ).5. Туа сала жүзеді,Суда жүзе біледі.(Балапан).
IV.Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Суретке қарап, сұрақтардың көмегімен « Әсем табиғат» тақырыбына мәтін құрау.Сұрақтарға жауап беру.
-Көл жағасында не өсіп тұр?(ағаш)
-Ағаштың айналасынан нелерді көріп тұрсың?
-Ағаш бұтағынан не байқадың?(сауысқан)
-Ағаш маңында нелер ұшып жүр?(көбелектер)
2-тапсырма. Көбелектер қонған заттарды атандар.
Суреттегі сөздерді жазу:
Асқабақ, қарбыз, сәбіз, бұрыш
-Бұларды бір сөзбен не дейді?(көкөністер)
Сергіту сәті. «Бала,бала,балапан»
V.Қосымша тапсырма.
Топтық жұмыс
1-топ
Б дыбысынан басталатын адамның аттарын жаз
2-топ
Б дыбысы бар сөздер жаз
3-топ
Б дыбысынан басталатын сөздер жаз
4-топ
Балық сөзіне дыбыстық талдау жаса
5-топ
Б дыбысынан басталатын заттарды жаз
VI.Қорытынды
- Бүгін қандай дыбыспен жалғастырдық?- Б дыбысымен.- Б дыбысы қандай дыбыс?- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?- Себебі созылмайды.
VII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Табиғат жайлы білгендерің қағаз бетіне түсіріп, оларды қорғау.