Досымны? ту?ан к?ні та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (6 сынып)
08.11.2016 ж.
6 а сыныбы
Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі
Сабақтың тақырыбы: Досымның туған күні. Мүшел жас.
Мұғалімі: Матайбаева Жадыра Серикбековна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жатыс септік жалғауларын дұрыс қолдана, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға туған күн ұғымын түсіндіру, мүшел жас туралы түсінік қалыптастыру, туған күнге тілек айтуға үйрету, өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасап, сөздік қорларын толықтыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыру
Жақсылық тілеймін Достарың көп болсын!
Бақыт тілеймін Армандарың орындалсын!
Қуаныш тілеймін Ақылды бол!
Жаңа жетістіктер тілеймін Білімді бол!
Мықты денсаулық тілеймін Болашағың жарқын болсын!
Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін Аспаның ашық болсын!
Жақсы көңіл күй тілеймін 3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
Барыс септігі, жатыс, табыс септіктері қандай сұрақтарға жауап береді? Жалғауларын атаңдар.
ІІ.Жаңа білімді меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
Сабақтың тақырыбына жетелейді:
Балалар, сөзжұмбақты шештік, сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсатымен таныстырады:
Мәтіннің мазмұнын түсініп, өз достарыңа не сыйлайтындарың туралы әңгімелей білу керексіңдер.
Бүгінгі біздің сабағымызға мынадай мақсаттар жүктеліп отыр:
Сендер тақырып бойынша өз ойларыңды білдіре отырып, әңгімелей білу керексіңдер. Сонымен мақсаттарымызға жету үшін белсенді болып жұмыс жасайық!
2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Содан кейін оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
қызықты дерек –интересное сведение
мүшел жас – двенадцатилетний цикл
ерекшелік –особенность
есте ұстау – помнить
қайыру – здесь: считать
намыс – гордость
жас жеткіншек – подрастающее поколение
мейірімділік – доброта
әдептілік – деликатность, тактичность
сыпайылық – вежливость
жақсы қасиеттер – хоршие качества
сіңіру – впитывать
3.Септіктерді қайталау .
Септіктердің сұрақтары мен жалғауларыАтау - кім? не?Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тіңБарыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е -на, -не
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -нЖатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те, -нда, -ндеШығыс - кімнен? неден? қайдан? қашаннан? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тенКөмектес - кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
1) Кітап бойынша жұмыс.
1 тапсырма. Диалогті оқып, өзара сұхбаттасыңдар.(66 бет ауызша)
2 тапсырма Мына сызба арқылы сөйлемдер құраңдар (66 бет)
3 тапсырма Әңгімені оқып, ат қойыңдар. Әңгіме бойынша бірнеше сұрақ құраңдар (66 бет ауызша)
Сергіту сәті.
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жаттап алсаң балақай,
Зат есімді септе тез.
Үлестірмелі материалдар.
1.Берілген сөздерге септіктердің жалғауларын қосып жаз.
Гүл , кітап, сағат, дос, қонақ, оқушы, дәмхана, ұялы телефон, дүкен, мүшел жас
2. Дәптерге көшір. Сөйлемнің ішінен септіктерді тап.
Бүгін досымның туған күні. Досым он үшке мүшел жасқа толды. Ол өзінің сыныптастарың қонаққа шақырды. Оның анасы мен әпкесі түрлі тағам дайындады. Ол анасы сыйлаған жаңа жейдені киіп алды. Дастарханда неше түрлі дәмді тағамдар тұр.Міне қонақтарым да келіп қалды. Олар оған түрлі сыйлықтар әкелді. Ол достарыңа ризашылығын білдірді. Дастархан басында біз әзілдесіп, көңілді отырдық. Уақыт тез, қызық өткен сияқты. Достарыма кеш ұнады.
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Туған күн дегеніміз не?сендер достарыңның туған күніне не сыйлайсыңдар? Мүшел жас дегенді қалай түсінесіңдер? Жатыс септігінің сұрақтарын қандай?
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. 4тапсырма (67 бет) Бос орындарға адам аттарын қойып, сөйлемді оқыңдар.
Жағдаят бойынша диалог құрастыру.Сені сыныптасың туған күніне шақырды. Сен сыйлық таңдауға дүкенге келдің. Сатушы мен сатып алушы арасындағы диалогты құрастырыңдар.
YII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.