Ашы? саба?. Та?ырыбы: Біріккен с?здер
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:1.Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі
арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа
жауап беретінін ұғындыру.Сөйлем ішінен біріккен
сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер
жасап алуға үйрету.
2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту арқылы
байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа әрі көркем
жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, суретті жұмбақтар, ойындар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,көрсету, ой қозғау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 6-жаттығуды тексеру.
ІІІ.Өткенді пысықтау.
«Ой шақыру» «Қыс қызықтары» ойыны.
Сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Сын есім дегеніміз не?
3.Етістік дегеніміз не?
4.Сан есім дегеніміз не?
5.Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
6.Қыстырма сөздің тыныс белгісі.
7.Сөйлемнің біріңғай мүшесі дегеніміз не?Мысал келтір.
8.Антоним дегеніміз не?Мысал келтір.
9.Синоним қандай сөз? (мағыналас)
10.Омоним сөздер.(дыбысталуы бірдей)
11.Күрделі сөз дегеніміз не?
12.Сөйлем түрлерін ата.
ІV.Жаңа сабақ.Қызығушылықтарын ояту.
1.Суретті жұмбақ шешу.
Гүл+жан, Гүл+жайна, Гүл+бақыт, Ай+гүл, Күн+сұлу, Күн+тізбе.
2. «Фигураны тап» ойыны.
Сөздердің топтасуына қарай, қорытынды ереже шығару.
-Екі не одан да көп түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
-Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мысалы: Ақмарал, Айнабұлақ, Қаратау, Алатау.
V.Дәптермен жұмыс.
1.Күн ретін жазу.
2.Көркем жазу. Гүлжан, Жайнагүл, Жандос.
3.Бұл сөздер қандай сөздер?
VI.Оқулықпен жұмыс. Білімді тиянақтау.
1-жаттығу.Ауызша
Сөздерді оқып,олардың қалай жасалғанын айту.
Әр сөз неше түбірден құралған?
2-жаттығу.Біріккен сөздердің екінші сыңарын тауып жаз.
Дем,кәсіп,еңбек,ден,ақ,қара,әлде
Үлгі: демалыс, .....
VII.Сергіту сәті.
«Көңілді күн»
3-жаттығу.Топпен жұмыс.
Берілген сөздерді мағынасына қарай топтап жаз.
VIII.Шығармашылық жұмыс. «Сыңарыңды тап» ойыны.
Тақтаға 3 оқушы шығарып, ойнату.
Қырық....................... беу
Қызыл .......................аяқ
Бел ............................құм
5-жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрап жазып, біріккен сөздің астын сыз.
Біріккен сөздің айтылуы мен жазылуын салыстыр.Сөздің айтылуында қандай дыбыстар өзгеріске ұшырады?
IX.Өздік жұмыс. Сөйлем құрау.
Тақырыбы: Зат есім. Сын есім. Етістік.
Аққу .................................................................
Жандос ............................................................
Ақтабан............................................................
6-жаттығу. «Сәйкестендір» ойыны
өнер сөз
қол мұрын
ит кәсіп
күзді басшы
баспа күні
X.Қорытындылау.
«Жалғасын тап» ойыны. Біріккен сөздердің жалғасын тауып айту.
Ақ .........................
Тас.........................
Бура .....................
Көк.......................
Сары.....................
Жеті......................
XI.Үйге тапсырма.Білімдерін бағалау.
4-жаттығу.Ереже жаттау.