Ашы? саба?. Та?ырыбы: Біріккен с?здер


Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба алуға әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
2. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту арқылы байланыстырып сөйлеуге сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, жұмбақтар, ойындар, слайдтар
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ауызша, жазбаша
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері»
(үй тапсырмасы тексерілді)
«Қар қиыршықтары» ойыны
«Қар қиыршықтарының» арттарынан өтілген тақырыптан сұрақтарға жауап алу.
Қыстырма сөз дегеніміз не? (мысал келтіру)
Қыстырма сөздердің тыныс белгісі?
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? (мысал келтіру)
Антоним қандай сөздер? (мысал келтіру)
Синоним қандай сөз?
Омоним сөздер
Күрделі сөз дегеніміз не?
Қаратпа сөз дегеніміз не?
Сөйлем түрлерін ата.
Жаңа сабақ (мысал келтіру арқылы түсіндіру)
Екібастұз, бірқазан, аққайың, жаужүрек т.б
«Көңілді тапқырлар» ойыны
Талды (...) Жаңа (...)
(...) төбе ( ... ) бек
(әр сөз неше түбірден құралғанын тапқызу)
(екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады)
(оларға бір сұрақ қойылады)
Мысалы: алабота, Кемпірқосақ, Жетіқарақшы т.б.
1 – жаттығу.(ауызша) Әр сөз неше түбірден құралған.
2- жаттығу. Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Айгүл
Аң, құс атаулары: қосаяқ, көққұтан, аққу
Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп
Дене мүшелері: асқазан, ұлтабар
Сөзжұмбақ: «Қ»
(сұрақтарға Қ – дан басталатын сөзбен жауап беру)
Қандай Республикада тұрасың? (Қазақстан)
Ұлтың кім? (қазақ)
Атақты күйші (Құрманғазы)
Үлкен кісі (қария)
Қай сабақ (қазақ тілі)
Сүттен жасалған тағам (қаймақ)
Жылқының сүті (қымыз)
Музыкалық аспап (қобыз)
Әкеңнің аты (Қанат)
3 – жаттығу.«Керқұла атты Кендебай» (жаттығуды оқып жазуға)
Тақтамен жұмыс.
Ай ... нұр Темір ( ) жан
Нұр ... жан Аман ( ) дос
4 – жаттығу.
Тасбақа, саңырауқұлақ, майшам, Түйеқұс, «Дыбыс үндестігі» заңдылығы.
Сабақты қорытындылау.
«Қай үйге кіремін» ойыны.
Сегізінші, сегізаяқ, кәсіпорын, қонаққа, сарғыш, баспасөз, сарыағаш, баспахана, Қызылжар, Еңбекші (ережелерді қайта сұрадым)
Сан есімді басқа сөзбен біріктіру арқылы біріккен сөз жаса.
Үйге: 5 – жаттығу, ережелер.