Инновациялы? технологиялар ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру

Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Өзіндік әдіс-тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің жаңа педагогикалық технологиялары :- білім беруді ізгілендіру ;- дамыта оқыту технологиясы ;- ойын арқылы оқыту технологиясы ;- деңгейлік саралап оқыту технологиясы ;- ақпараттық оқыту технологиясы ;- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы ;- модульдік оқыту технологиясы ;- сын тұрғысынан ойлау технологиясы ;- проблемалық оқыту технологиясы; т.б: Оқытудың тиімділігін, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін өз са-бақтарымда сыни тұрғыдан ойлау мен жазу технологиясы, М.Жанпейісова-ның ”Модульдік оқыту технологиясы”, Н.Оразахынованың ”Сатылай кешен-ді талдау әдістерімен” жұмыс жүргізуді қолға алып жүрмін. Бұл технология-лардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабі-леттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді. Әде-биет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолда-нылады:
Қызығушылықты ояту;
Мағынаны ашу;
Ой – толғаныс.
Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Мысалы өз тәжірибемнен 8-сыныпта Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Ма-мыр» дастанын өткенде оқушылар 1-сабақта мазмұнын меңгерсе, келесі са-бақта талдау жұмыстарын жүргіздік. Осы сабақты СТО әдісі бойынша топтап өттік, қызығушылығын ояту мақсатында интернеттен Шәкәрім Құдайбердіұ-лының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алдым және оқу-шыларды мәнерлеп, келістіріп оқуға жетелеу мақсатында Мамырдың Көке-найға айтқан сөзін тыңдаттым, Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінің клипін көрсеттім. Ал «Мағынаны ашу» бөлімінде шығарманы талдау үшін 4 топқа 4 түрлі тапсырма бердім.
І топ Образдар жүйесіне талдау
ІІ топ Поэтикалық тіліне талдау
ІІІ топ Композициялық құрылымына талдау
ІV топ Өлең құрылысына талдау жасайды.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғын-дырса, жаңа тақырыпқа деген баланың қызығушылығы оянады деп ойлай-мын.
Ал модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдынғы орынға қойылады. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы оқушының өз деңгейін өзі анықтауға – жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету ”жалпыдан жекеге” қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл технология:
Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
Оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға;
Белсенді сөздік қорын ауызша, жазбаша тілін дамытуға;
Тұлғаның қиындықтарға даяр болуы, оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Модульдік технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың үлгерім сапасының өсуі байқалады, жалпы дамуда алға жылжу бар. Оқушылардың белсеңділігі артуда, ауызекі сөйлеу дағдысы дамып, пәндік–сөйлеу тілі, назар, ес, ойлау, пәнге деген қызығушылық жоғарылуда, өз бетінше білім алуға бағыт беру болып табылады. Модульдік оқыту технологиясы қазақ тілі сабақтарында оқушылар білімін жүйелеуге, білімді сапалы меңгеруге толық мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде шығармашылық көңіл-күй туғызатын мұға-лім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа негізделген ізгілікті қарым-қатынас орнатуға тырысамын. Сондықтан оқушыға қысым көрсетпей, оларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауына мүмкіндік беремін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
«Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы
«Топтастыру» (Жинақтау әдісі) стратегиясы
«Insert» стратегиясы
«Нартәуекел» стратегиясы
«Шығармашылық» стратегиясы
«Кубизм» стратегиясы
«Мағынаны тану» стратегиясы
«Ойтолғаныс» стратегиясы
«Әуезбен әсерлеу» стратегиясы
«Көрнекілік» стратегиясы
«Бағытталған оқу» стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы – сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.
Екінші, «Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы «топтастыру» стратегиясына негізделген «Ассоциация» атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
Үшінші, «Insert» стратегиясы, бұл стратегия «V»-білемін, «+»-жаңалық (жаңа ақпарат), «-» – білмеймін, «?» – мені таңқалдырады деген белгілер арқылы қолданылады.Бұл белгілер түсінуге, өз ойына басшылық етіп, ойын білдіруге талаптанады (кестені көрсету).
Төртінші, «Нартәуекел» стратегиясы, бұл стратегия оқушыларға күрделі сұрақтар қою арқылы немесе терең мазмұнды мәселелерді шешуде оқушылардың бойында жігер, қайрат, белсенділік қабілеттерін дамыту үшін пайдалы.
Бесінші, «Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады
Алтыншы, «Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
Жетінші, «Мағынаны тану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
Сегізінші, «Ойтолғаныс» стратегиясы, мұны «Брейн-стролинг» әдісі деп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан «шығармашылық» стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ойтолғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазу т.б.
Тоғызыншы, «Әуезбен әсерлеу» стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудиотаспа, видеотаспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату, немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Оныншы, «Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.
Он бірінші, «Бағытталған оқу» стратегиясы, бұл стратегия арқылы оқушылардың ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында оқушылардың өздеріне ереже жасату, әрі ол ережені оқыту барысында ұстану.
Танымал ұстаз Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» әдісін бүкіл қазақстандық ұстаздар өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс тіл сабағында болсын, әдебиет сабағында болсын, өз нәтижесін көрсетуде. Тал-дау жасай отырып оқушы өз ойын дәлелдеуге үйренеді, нақты, дәл жауап беруге тырысады, зерттеуге, салыстыруға жаттығады, өтілген жаңа тақырып-тың қыр-сырын толық меңгереді .
Сонымен бір сабақтың үстінде бірнеше жаңа технологияның элементтерін пайдалануымызға болады деп ойлаймын. Сабақтың басты мақсаты –тек тех-нологияларды қолдану ғана емес, сонымен бірге оқушыларға әр түрлі жол-дармен білім беру және бекіту.
Жалпы қазіргі күнгі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда сын тұрғысы-нан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, «Де-бат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудырары сөзсіз.Себебі, бала жаны жаңашылдыққа құмар келеді. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жа-ңа технологияларды қолдануда, біріншіден, мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы ке-ңейеді.
Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру –бүгінгі күн-нің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.

Конец формы
© 2013 www.45minut.kz | Template by DemusDesign | WordPress by Free WordPress ThemesЖоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы – сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.