МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР?А А?ЫЛШЫН ТІЛІНЕН БІЛІМ БЕРУ ?РДІСІ


Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілінен
білім беру үрдісі
Оспанова Г.Ж.
№68 МИББ кешені, ағылшын тілі мұғалімі
Бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі – көптілділік мәселесі. Бұл Қазақстан үшін де көкей тесті мәселе болып отыр. «... еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп елбасы Әбішев Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей көптілділікті дамытуға үлкен назар бөлуде. Елбасының жолдауынан кейін осы төңіректе үлкен жұмыс атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев салиқалы үндеуімен «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай түсіну тілі» деп бастау алған болатын [1].
Кез келген елде көп тілді білу жақсы дамыған. «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» деп Б.Момышұлы айтқандай , Тіл – ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Ал үштілділік нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым – қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма – кезек қолдану құбылысы.
Қазіргі кезеңде үш тілі үйрету мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан балабақшада бүлдіршінде кішкентай жасынан бастап қазақ тілін, сонымен қатар орыс тілін, ағылшын тілін үйренулері тиіс. Олардың шетел және басқа да тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу қажет. Бүлдіршіндерді бір тілмен шектеу дұрыс емес.
Мектепке дейінгі жастағы балалар шет тілін үйренуге қолайлы болып табылады. Себебі, бұл жастағы балалар лингвистикалық құбылыстарға, тілдерге деген қызығушылықтары артады. Тағы бір себебі, бала жас болған сайын, оның ана тіліндегі сөздік қоры да аз болады. Сондықтан, шет тілін меңгеру ересек балаларға қарағанда неғұрлым жарқын болады және ана тілі мен шет тілі арасындағы үлкен алшақтықты сезінбейді [2].
Мектеп жасына дейінгі баланың ауыз екі сөйлеуі, сөздерді дұрыс пайдалануы, сөздік қоры көбейеді, грамматикалық сөйлеу жүйесі және фонематикалық есту қабілеттері белсенді дамиды. Мектеп жасына дейінгі балаларды шағын іс – қимылдармен, ойын арқылы шет тілін балалардың бойына тез сіңдіруге болады. Демек, мектеп жасына дейінгі балалар тіл меңгеру үшін психо – физиологиялық тұрғысынан да тиімді. Нәресте балалар кез келген тілде дыбыстарды дұрыс айтуға қабілетті. Егер балаға бір тілде ғана сөздерді тыңдататын болса, оның сөйлеу мәнері де осы тілге бапталып «қатты» болып қалады.
Педагог мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде әрбір баланың жеке тұлғалық жалпы даму шеңберін, физикалық, зияткерлік және психологиялық, эмоционалдық сипаттамаларын білуі маңызды. Сондықтан, ойынды дұрыс пайдалану – оқытудың әдісі ретінде – балалар ойын барысында бір – бірімен және оқытушымен оңай тіл табысады. Ойындар, музыкалық сүйемелдеулер, ән пайдалану, шет тілінде мультфильмдерді көру, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, оқу процесін жеңілдетеді.Сонымен қатар ақпаратты меңгерту, шоғырландыруға, есте сақтауға және қайталауға көп септігін тигізеді. Ең қолайлысы шағын топтағы балалармен шеңбер сабақтарын өткізген, себебі, әрбір баланың жеке қабілеттігін байқалып, бір – бірімен қарым – қатынасы жақсара түседі [3].
Сондықтан, біздің балабақша жастарына сай физиологиялық, лингвистикалық сипаттамаларға негізделген шағын топтар арқылы жұмыс істейміз. Біздің ойымызша, ағылшын тілін оқытуда мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзіреттілігі біртіндеп дамуы тиіс, сондықтан, баладан бірден жақсы нәтиже күтуге болмайды, мұндай факторлар есепке алынуы қажет. Әрбір ұстаз үйірме жұмыстарын жүргізуде үш қағиданы басшылыққа алуы тиіс:
Яғни, қағида фонетикалық нүктеден мұғаліммен ілесе ағылшын сөздерін қайталау, фонетикалық естуін және дұрыс айтылуын біртіндеп қалыптастыру.
Ағылшын тілі лексикасын шоғырландыру және жандандыру.
Қарапайым грамматикалық құрылымдар белгілі бір мөлшерде құрылған болуы тиіс.
Мен өз сабақтарымда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру үшін әр түрлі мотивациялық жағдайлар тудырамын. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Нәресте баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Сол себепті де менің сабақтарымның басым бөлігі ойын түрінде өтеді. Мысалға: «Let`s lay the table» ойыны «Тағам. Meals» тақырыбына.Балаларға «Let`s lay the table» ұсынылады. Балалардың алдына жемістер, көкеністер, тағамдары бар үстел қойылады және көмекші таңдалады. Көмекші мұғалімнің айтқан бұйрықтарын орындайды. Take a banana. Put the banana on the table. Take a cheese. Put the cheese on the table.
«What can you do?» ойыны «Хайуанаттар. Animals» тақырыбына.Балаларға әр түрлі хайуанаттардың суреттері беріледі, балалар сол суреттегі аңды келтіріп, «What can you do?» деген сұраққа олар: «I can run, I can jump, I can swim, I can fly»деп жауап береді.
«Паровоз» ойыны «Сандар. Numbers.» тақырыбына
Мұғалімге паровоз қажет. Мұғалім - көлік жүргізушісі. Сандар – жолаушылар. Әр аялдамадан мұғалім мұғалім айтқан сандар вагонға отыруы қажет. Балалар мұғалім айтқан сандарды вагонға салады.
«Бағдаршам» ойыны «Түстер. Colours» тақырыбына.
Мақсаты: түстер тақырыбын бекіту. Бастапқы және мәре сызықтарын сызу. Балалар бастапқы сызықта тұрады, жүргізуші мәре сызығында тұрады. Жүргізуші: «Green color» (жасыл түс) –жүруге болады. «Red color» (қызыл түс) – қатып өалу керек, кім қозғалады сол ойыннан шығады. Жеңімпаз жүргізуші болады.т.с.с.
Балдырғандарға ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға да болады.
Фонетикалық ойындар;
Сөздік ойындар;
Оқу ережесіне байланысты ойындар;
Сөйлеу қабілетіне арналған ойындар;
Сергіту ойындары,
Сан есімге байланысты ойындар;
Дидактикалық мақсаттағы ойындар.
Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге балалардың белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін артады. Сондай – ақ ойын бүлдіршіннің сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыда ойын балалардың жас ерекшеліктерімен мүмкіндіктеріне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол баланың санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану бүлдіршіндерге ерекше әсер етеді және бүкіл бала ойынға қатысуы шарт.
Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістеріне тоқтала кетсек. Мұғалім ағылшын тілін оқытуда фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Бүлдіршіндерді дұрыс айту жаттығулары зеріктірмеу үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.
Балалар ағылшын мақал – мәтелдерін, жаңылтпаштарын қайталау барысында ағылшын тіліндегі сөйлемдердің интонациясын дұрыс қоюға мүмкіндік алады.
Кіші жастағы балалар жаңа сөздерді ашық, қанық, түрлі-түсті суреттер, әсем көрнекіліктер арқылы өте тез меңгереді.
Баланың сөйлеуін белсендету үшін, жиһаздар, ыдыс-аяқ, киімдер,қуыршақтар т.с.с. ойыншықтарды пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Жаңа және ерекше ойыншықтар сабаққа жаңашыл элемент енгізеді.
Ағылшын тілінің білім және тәрбие беру үрдісіне мына ойын формаларында жүзеге асады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар. Драматизациялық ойындарға ертегілер, мультфильмдер, тақпақтар жатады. Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға зор мүмкіндіктер алады.
Әр түрлі марапаттаулар. Яғни, балалардың ойынға белсенді қатысуларына қарай еңбегі бағалануы қажет және жасыру, шешу, іздеу, табу сияқты ойын элементтерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданудамын.
Балалар алған білімдерін балабақшалық мереке шараларда ағылшын тілінде тақпақ, өлең, ертегілерден үзінді көрсетіп, бір – бірімен диалог жүргізуде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - дегендей, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу балаларды тәрбиелейтін, білім беретін мекемелерге міндеттелген. Сондықтан бала балабақшаға келген күндерінен бастап шетел және басқа тілдерге қызығушылығын арттырып, еліміздің болашағы бүлдіршіндерге үш тілді қатар меңгертуіміз тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2. Зекенова Мереке «Шет тілі сабағында» //Қазақстан мектебі. №12. 2006ж.
3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы