Мектеп жасына дейінгі балалар?а арнал?ан саба? Жемістер мен к?к?ністер


Сабақтың тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Білімділік мақсаты: көкөністер мен жемістерді ажырата білуге,оларды геометриялық пішіндермен сәйкестендіруге үйрету
Дамытушылық мақсаты: ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамытып,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Көргенін суреттеп айта білу қабілеттерін,қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: балалардың дүниетанымын арттыру,ұжымдыққа,ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: таратпа материал (геометриялық фигулар), көкөністер мен жемістердің муляждары, дорба, «Менің бағымдағы жемістер»тақырыбына суреттер, түрлі- түсті қағаз, қайшы, желім.
Сабақтың барысы.
Психологиялық дайындық.Біз қандаймыз, қандаймыз,Шұғылалы таңдаймыз.Күлімдеген күндейміз.Ренжуді біз білмейміз,
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.«Ғажайып дорба» ойыныМұғалім: балалар дорбадан әр түрлі жемістер мен көкөністерді ( муляж суреттері) біртіндеп алып,заттарды атап,пішінін, түр-түсін, дәмін айтып сипаттайды.
«Жемістер мен көкөністер» тақырыбына әңгімелесу.
Қазақстанда қандай көкөністер мен жемістер өседі?
Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?
«Біздің Отанымыз- Қазақстанда көкөністер мен жемістердің көптеген түрлері өседі.Жемістер – адамға өте пайдалы.»Жемістерді кептіріп,қақ жасауға болады,әр
түрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды. Шырынын адамдар сүйсініп ішеді.Жемістер жақсы өсіп мол өнім беру үшін, адамдар жеміс ағаштарын күтеді.Оларды түрлі зиянкес құрттардан сақтау үшін ерте көктемде ағаштарды әктеп, тыңайтқыштармен қоректендіру керек.Көкөністерден қысқа сақтауға салаттар,шырындар дайындайды. Көкөністер – адамның ағзасынының өсуі мен дамуынапайдады түрлі заттарға бай.
«Ретімен қой» ойыныМұғалім: балалар «Ғажайып дорбадан»алынған жемістер мен көкөністерді ретімен қойып санайды. «Сол»жаққа жемістерді жинайды, ал «оң »жаққа көкөністерді жинайды. Балалар жемістер мен көкөністерді санап, салыстырады.
«Бұл не және қандай ?»ойыныӘр баланың алдына геометриялық пішіндер салынған конверт қойылады.Балалар алдарындағы конвертті ашыңдар.Оның ішінен не шығар екен?
- Мұнда неше түрлі пішіндер бар.
- Қызыл түсті пішінді көрсетіңдер.-Үшбұрыштың түсі қандай?(мендегі үшбұрыш қызыл түсті)
- Жасыл түсті пішінді көрсетіңдер ( мендегі дөңгелек жасыл түсті)
- Көк түсті пішінді көрсетіңдер.(мендегі шаршы көк түсті)
-Сары түсті пішінді көрсетіңдер (мендегіә тіктөртбұрыш сары түсті)
-Балалар алдарыңдағы пішіндердің түстері бірдей ме?
Сергіту сәтіАл, балалар, енді орнымыздан тұрайық, сәл демалып алайық,Бойыңды сергек тік ұста.Емін еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.Қол ұшына қара да,
Ұшбұрыш сыз ауада.
Оң қол бос тұрмасын,Шеңбер сызып зырласын.
Таратпа материалдармен жұмыс. Геометриялық пішіндермен жемістердің пішіндерін сәйкестендіру.Әр балаға жемістер мен көкөністердің суреттері салынған конверт таратылады.Конверттің ішінде. жасыл түсті (қияр, орамжапырақ, қарбыз),қызыл түсті (алма,қызанақ, шие, сәбіз), сары түсті (банан,лимон,алмұрт)
-Жемістер мен көкөністердің түстері қандай?(түстері әр түрлі)
(Жемістер мен көкөністер, түстері бойынша, пішіндері бойынша)

-Жемістер мен көкөністерді пішіндеріне қарап геометриялық фигуралармен сәйкестендіріп қой.
-Қандай белгілері бойынша суреттерді топтастыруға болады
«Ғажайып дорба»ойыны
Балалар дорбадан әр түрлі жемістер мен көкөністерді (муляж, суретерін) біртіндеп алып, заттарды атап, пішінін, түр-түсін, дәмін айтып сипаттайды.Балалар жемістер мен көкөністерді түрлі-түсті қағаздан қиып жапсырады.
Сабақты қорыту.
«Дәміне қарай ажырат»ойыны
Үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі жұмулы бала дәм татып,қандай жеміс немесе көкөніс екенін айтуы тиіс.
Жылулық шеңбері.
«Алма, алма»дейсің,
Алма әкелсем, жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.