??ралдармен ж?не ??ралдарсыз, гимнастикалы? тая?пен, шы?ыршы?пен, ?лкен ж?не ша?ын доптармен орын алатын жатты?улар 4 сынып


Сабақтың тақырыбы: Құралдармен және құралдарсыз, гимнастикалық таяқпен, шығыршықпен,
үлкен және шағын доптармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
Сабақтың мақсаты:
Дене бұлшық еттерін дамыту, ептілікке, иілгіштікке, жылдамдыққа баулу
Жүрек қан-тамыр жүйесін нығайту
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын нығайту.
Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық таяқтар, шығыршық, үлкен және шағын доптар,
ысқырғыш
Өтетін орны: Спорт зал
Сыныбы: 4 «А»
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
І
II
ІІІ Дайындық бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылдау, сәлемдесу. Тексеру.
Сабақтың тақырыбы, міндеті.
Төмендегі жылдамдық арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу.
Тыныс алу жаттығулары.
Негізгі бөлім
Құралмен және құралсыз орындалатын жаттығу.
Құралсыз жасалатын жаттығулар мойын бөлігінен басталып, қол мен иық, кеуде, аяқ бұлшық еттерімен аяқталады.
Аяқ иық кеңдігінде, қол белде, мойынды оңға, солға айналдырамыз.
Аяқ иық кеңдігінде, қолды алға, артқа айналдыру.
Аяқ иық кеңдігінде, сол қолды белден тіреп, оң қолды жоғарыда солға қарай иеміз.
Оң қолды қойып, сол қолды жоғары көтеріп, оңға қарай иеміз.
Аяқ иық кеңдігінде, қолды кеуде тұстан бүгіп оңға, солға бұрыламыз.
Аяқ иық кеңдігінде, қолды белде ұстап, белді оңға, солға айналдырамыз.
Гимнастикалық таяқпен, үлкен және шағын доптармен және шығыршықпен жасалатын жаттығулар.
Гимнастикалық таяқшамен жасалатын жаттығулар.
Аяқты алшақ ұстап, таяқтың екі шетінен ұстап жоғары, төмен түсіреміз.
Жоғары ұстап тұрып, оң, сол қапталға мүмкіндігінше иілеміз.
Осы қалыпта тізені бүкпей аяқ ұшына тигіземіз.
Жоғарыда, кеуде тұсында ұстап тұрып, отырып тұрамыз.
Үлкен және кіші доптармен орындалатын жаттығулар
Бастапқы қалып: тұру, оң аяқ артта ұшымен тұрады, доп төменде.
Допты бастан асыра көтеріп, шалқаю.
Қолды шынтақтан бүгіп, допты желкеде ұстау.
Қолды жазып, допты жоғары ұстау, белді шалқайту.
Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, допты тура ұстап, аяққа тигізу.
Шығыршықпен жасалатын жаттығулар
Бастапқы қалып, негізгі тұрыста тұрып, шығыршықты екі жағынан ұстап жоғары көтеру.
Осы қалыпта денені шалқайта бір аяқты артқа көтеру және қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Бастапқы қалып: аяқты иық кеңдігінде, қолды желкеде ұстап тұрған бастапқы қалыпта белмен шығыршықты айналдыру.
Аяқтықатар қойып тұрған бастапқы қалыпта шығыршықты екі қолмен ұстап, денені алдан және арттан айналдыра секіру.
Қорытынды бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызу,көңіл күйлеріне назар аудару.
Жаттығуды жақсы жасаған оқушылардың жетістіктерімен кемшілігін атап өту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Жаттығуларды қайталау
10-11

29
4-5 Оқушылардың спорттық киіміне назар аудару
Тыныс алуына көңіл бөлу.
Алдын ала орындау.
Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.
Сап тыныштығын сақтау керек. Тыныс алуды қалыпқа келтіру қажет.