Дене шыны?тыру п?нінен саба? жоспары Гимнастикалы? орынды?ты? ?стімен заттарды аттап ж?ру
Дене шынықтыру сабағына арналған жоспар
Күні____________
Тақырыбы: Гимнастикалық орындықтың үстімен заттарды аттап жүру.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың білімін, қабілетін санасын одаy әрі тереңдетіп, ойлау қабілетін жетілдіру.Дамытушылық: оқушылардың дене бітімін, қозғалысын, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабаққа керек құрал-жабдықтар:гимнастикалық орындық,әртүрлі заттар,орамал,белбеу
с/б Мазмұны Әдістемелік нұсқаулар
1
2
3
Кіріспе бөлім:
Сапқа тұрғызу
Рапорт қабылдау
Сабақтың тақырыбын айту, түсіндіру
Сапта орнында тұрып жасалатын жаттығулар
Жүріс түрлері
Жүгіріс түрлері
Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары Негізгі қимыл: гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, гимнастикалық орындықтың үстімен заттарды аттап жүру.
Қимылды ойын: 1) «Белбеу тартыс ойыны».Шарты: 2 топқа бөлініп,ортаға сызық белгілеп,белбеу тартысады.Белбеуді өз жағына тартып алған ойыншы жеңеді.
2) «Соқыртеке» ойыны:Ойыншылар дөңгелене тұрады.Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «соқыртекені» шығарады.Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді.Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып,атын айтуға тиіс.Ұсталынып қалған ойыншы соқыртекеге айналып,ойын ары қарай жалғасады.
Қорытынды бөлім:
Сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылау
Бағалау/жақсы қатысқан балаларды атап өту/
Тәрбиеленушілердің сапта бой-бойымен тұруын қадағалау.
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Бұрылу кезінде сол иықпен бұрылуына ж/е денені тік ұстауына көңіл бөлу керек.
Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.
Әділ бағалау. Кемшілікке байланысты тапсырма беру.