Гимнастикалы? орынды? ?стімен ж?руге ?йрету
«Балбөбек» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Куатова Е.Ж.Өтілетін күні : 18.02.2016
Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Дене шынықтыруТақырыбы: Еңбектеп жүру.Мақсаты: 1. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. 2. Еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту. 3. Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.Көрнекіліктер : әр балаға екі текшеден, бала санына қарай орташа көлемдегі доптар (диаметрі 20-25см), гимнастикалық орындық (ұзындығы 2,5-3м, ені 30-25см, биіктігі 25-30см)
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Бағытты өзгертіп, педагогтің соңынан жүгіру. Бөлменің әртүрлі жерлерінде тоқтау (шашырап кету). Педагог бірінші немесе соңғы болып жүгіріп келеді.
Ұйымдастыру-іздену 1. Текшелермен орындалатынЖДЖ:
Б.қ.: аяғымызды иығымыздың деңгейіне қойып тұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз. Шынтақтарымызды бүкпей, қолдарымызды қосамыз, текшелерді бір-біріне соғып ұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз.
Б.қ.: етпетінен жатып, қолдарымызды бүгеміз, текшелердіиыққа көтереміз. Қолдарымызды алға қарай созамыз, б.қ. оралу.
Б.қ.:текшелер қолдарымызда, оларды түсіріп тұрамыз. Жартылай отырамыз, еденге текшелерді тигіземіз, тік тұрамыз, қолдарымызды жоғары көтереміз.
Текшелерден екі аяқпен секіру (15-20сек.). 6-7 рет жаттығуларды қайталау.
Жаттығуларды жүргізуші бала орындайды.
Тапсырманы бірінен соң бірі орындайды (2-3рет).
Балалар жаттығуды орындау барысында алға қарайды және жолдың аяғына дейін жүріп өтеді.
Рефлекстік түзету №45 сабақта орындаған жаттығулар кешенін тексеру. Балалар ойынды қызығушылықпен орындады.Балалар жүгіру және тыныс алу жаттығуларын орындайды.
Күтілетін нәтиже: орындайды: еңбектеуді;
түсінеді:гимнастикалық орындық үстімен жүрудің шарттарын;
қолданады: екі қолмен қолдарын басынан асырып, допты лақтыру дағдыларын.