Дене шыны?тыру Гимнастикалы? орынды? ?стімен допты домалату



Денешынықтыру.23.01.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық орындық үстімен допты домалата жүру.
Сабақтың мақсаты: Қабырғаға доп лақтыруға, лақтыру күші мен қабырғаға соғылған допты ұстау мүмкіндігінің өлшемін салыстыруға үйрету. Білімділік: Төрттағандап еңбектеу, қимыл бағытын сақтай білуді бекіту. Шектелген жазықтық бойымен допты домалатуға жаттықтыру.
Тәрбие беру: Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
Сауықтыру: Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.
Көрнекіліктері:секіртпе, обруч, доптар,гимнастикалық орындықтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Балалармен амандасу.
2.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
3.Балаларды түгендеу.
II.Жаңа сабақ:
Денені қыздырып алу мақсатында саптағы жаттығуларды жасау: оңға, солға айналып бұрылу
жүру жаттығулары:
- аяқтың ұшымен қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- қол белде табанның сыртымен жүру
- қол белде табанның ішімен жүру
- отырып, жартылай отырып жүру
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
-Аяқтың ашып қол белде
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру
1 - 4 басты сол жаққа айналдыру
- Аяқтың ашып қол белде
1, 2 денені оң жаққа бұру
3, 4 денені сол жаққа бұру
- Аяқты аласа ашып қол белде
1 - оң аяққа еңкею, 2 - ортаға еңкею
3 – сол аяққа еңкею, 1 - 4: оң аяқта секіру
1 - 4: сол аяқта секіру, 1 - 4: екі аяқта секіру
Бір қатарға тұру
қолды белге қойып,
қолды жан-жақа созып, қолды белге қойып.



III.Бекіту:
Балалар сапқа турады!
Негізгі сабақ жаттығуларына кірісеміз.
1. Допты қабырғаға лақтырып және қағып алу.
2. Төрттағандап еңбектеу ( 2 айналым еңбектеу).
3. Гимнастикалық орындық бойымен допты домалату (жаттығу 2 мәрте жасалады).Қолды сәл бүгіп орында секіру.
Ойынды ережесімен ойнату.
V.Қорытындылау:
Балаларды мадақтау
Сапқа тұрады.
Тыныс алу жаттығуларын орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: гимнастикалық орындықта жүруді
Қолданады: допты дұрыс
Түсінеді: дене шынықтырудың пайдасын туралы