Гимнастикалы? орынды? ?стімен тепе те?дік са?тап ж?ру
Білім беру саласы: _Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Гимнастикалық орындықтың үстінмен тепе-теңдік сақтап жүру
Мақсаты:
Үйрету: Балаларды салуатты өмірге үйрету
Білімділік: Оқу қызметінде алған жаттығуларын тыянақтау
Дамыту: Балалардың қол-аяқ бұлшық еттерін және дене сымбатын дұрыс қалыптасуын дамыту
Тәрбиелеу: Балаларды дұрыс сөйлеуге, бір-біріне көмектесуге және достық сезімге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекілік құралдар: Гимнастикалық орындық, сылдырмақ, құрсау
Сөздік жұмыс: Тепе-теңдік, қос аяқ
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру сұрақ-жауап
Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтың іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Бір қатар сапқа тұру, жүру, аяқтың үшымен, өкшемен, аяқтың сырт қырымен, тізені көтеріп (аттша) жүрелеп жүру, жүгіру ирелеңдеп, бір қырмен қол белде жүгіру.
Бір қатар саппен жүру, көрнекі құралды алу, кілем ортасымен үш қатар сапқа тұру.
Арақашықтықты сақтау.
Балалар тәрбиешінің айтканын орындайды.
Іздену- ұйымдастырушы 2-бөлім. Ж Д Ж (жалаушамен).
1.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгейінде қолда жалауша, жалаушаны алға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшын көтеріп, жалаушаны желбірету, б.қ. (5-6 рет).
2.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгейінде қолда жалауша, жалаушаны жанымызға созамыз алға, артқа айналдырамыз. б.қ.(4-6 рет).
3.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгей қолда жалауша, жалаушаны алға созу бір-біріне қайшылау. Б.қ. (5-6 рет).
4.Б.қ.-аяқ алшақ иық деңгейінде қолда жалауша, жалаушаны алға созу, отыру жалауша таяқшасын еденге соғу, б.қ.(4-5 рет).
5.Б.қ.-отыру қолда жалауша, аяқты екі жаққа иық деңгейінде созу оң, сол аяқ үшына тигізу, б.қ.-келу. (4-5 рет).
6.Бір орында тұрып,жалауша қолда төменде жүру және секіру (10-12 рет).
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуы.
1.Құрсаудан-құрсауға қос аяқпен алға секіру.
2.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.
Қимылды ойын. «Айдаһар»
Балаларды ойынға қызықтыру.
Жаттығулар тәрбиешінің көрсетуі мен орындалады
Жаттығулар 4-5 рет орындалады.
Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексті-
коррекциялаушы
Бір қатар сапқа тұру.
Жүру, жәй жүгіру,
тыныс алу жаттығуы.
Қолдарын жоғары, екі жаққа созып, дем алып, дем шығару.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: жалпы дамыту жаттығуларын
Болуы керек: ойын шарттары
Баланың қолынан келуі: гимнастикалық орынды үстімен тепе-теңдік сақтап жүруді.