ТЕПЕ-ТЕ?ДІК ЖАТТЫ?УЛАР (5 сынып)
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Қасенов Руслан Рапықжанович
Сабақтың тақырыбы: ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖАТТЫҒУЛАР
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау. Алға, артқа домалауды жетілдіру.Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.
Өтілетін орын: Спорт зал
Өтілетін сынып: 5 «А»
Қажетті құралдар: гимнастикалық бөрене, ысқырық, доп, т.б.
Сабақтың мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқа
Дайындық Оқушыларды спорт алаңына шығарып сапқа тұрғызу. Оқушылардың келген-келмегенін тексеру. Сынып кезекшісінен рапорт қабылдау.
Бірінші денені қыздыру жаттығуларынан бастаймыз. Алаңды айнала жүру. Жүру арқылы қол жоғары, аяқтың ұшымен қол белде аяқтың өкшесімен жүреміз. Аяқтың ішімен, сыртымен, жартылай отырып, толық отырып жүру жаттығуларын жасатамыз.
Еркін жүгіру жаттығулары арқылы жасалынатын жаттығуларды жасатамыз.
Саптық орында әрбір буындарға көңіл аударып жеке-жеке тоқталып, буын жаттығуларды жасатамыз. 10-15 мин
Оқушылардың формаларына назар аудару
егізгі бөлім Оқушыларды қатарға тұрғызып бүгінгі тақырыпты түсіндіреміз. Бөренемен жүру түрлері аяқтың ұшымен тізені биік көтеріп қол белде аяқты аяққа тіркестіре қозғалу қол белде аяқты айқастыра тоқтап, бір орында бұрылу. Жылдам жүгіріп келіп ырғу және жұмсақ төсенішке түсу. Гимнастикалық орындықтың үстінде аяқ ұшымен 900, 1800 бұрылу.
Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бөрененің немесе гимнастикалық орындықтың үстінде орындалады.
-бөрененің үстінен қолды екі жаққа соза алға,артқа жүріп өту;
-сол аяқпен бір адым ілгері аттап,екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;
-оң аяқпен бір адым ілгері аттап,сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу;
-екі оқушы «қыл көпірдің» (гимнастикалық бөрененің) үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып,оңға айнала бұрылып,сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете беру;
-бөрене үстімен жүріп келе жатып, допты лақтырып қағып алу;
-бөрене үстімен тез адымдап,жүгіріп өту. 20-25 мин
Оқушылардың кемшіліктерін айту
Қорытынды Қорытындылау. Бағалау
Үйге тапсырма. Қоштасу
4-5 мин Үйге тапсырма беру