Та?ырыбы: Бірдей сандарды ?осу. 2-сынып


Тақырыбы:  Бірдей сандарды қосу. 
Мақсаты:  Жаңа сабақ түсіндіру. 
Білімділік:  Бірдей сандарды қосу тәсілдерінің шығару жолымен танысады. 
Дамытушылық: Ойлау, іздену қабілеттері дамиды, шапшаң шығаруға машықтанады. 
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа баулиды. 
Көрнекіліктер: слайдтар,интерактивті тақта,оқулық
Әдісі: түсіндіру, талдау, оқулықпен жұмыс. 
Түрі: жаңа білімді меңгеру. 
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру. 
Психологиялық дайындық.  
Үлкенгеде сізКішігеде сізБарлығына құрметпен
Бас иеміз біз-Балалар көңіл күйлерің қалай?
-Сабаққа дайындықтарың ше?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. 
«Орамал тастамақ» ойыны  арқылы оқушылар  үйге берілген тапсырманы оқиды, қалғандары тексереді. 
ІІІ Жаңа сабақ 
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 
- Балалар  қазір  жылдың  қай  мезгілі?
- Қыстан кейін  қай  жыл  мезгілі?
- Көктемде  қандай  мерекелер  болады?
- Ендеше   бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.  Сендердің  мерекеге  дайындықтарыңды   көрейік.  Сабақта алған білімдерімізді ортаға салайық.
- Бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы «Бірдей  сандарды  қосу».
Жаңа сабақты түсіндіру. 
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,  жұмбақты шешіп көріңдер.
Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі , әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?...(домбыра)
 
1- тапсырма ауызша орындау. 
-Екі   екіден   неше домбыра ?       2+2+2 
-Екі   домбырадан  неше  сөреге  қойылған?    3
-Екі   екіден   неше  қобыз?           2+2+2+2 
-Екі  қобыздан  неше  сөреге  қойылған?        4
Қазақтың  музыкалық аспаптары  (домбыра ,қобыз)  туралы айта кету.
Оқулықпен жұмыс. 
- Балалар, қазір біз оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз. 
2-тапсырма ауызша орындау  /10,9,12 /  санын бірдей  қосылғыштардың қосындысымен  алмастыр.
Бұл  тапсырмадағы  қазақтың  ұлттық киімдері  (тақия, қалпақ, сәукеле, қамзол)
-  Балалар мынау қандай  ұлттық   киімнің   суреті?
-  Тақияны  кімдер   киеді?
10 = 5 + 5
10 = 2 + 2 + 2 + 2+ 2
Осы  ретпен  орындалып  шығады. 
3-есеп. Есепті оқып талдау және шығару. 
Түсті қағаз –  37  парақ
Ақ  қағаз - ?, 18 парақ   артық 
Барлығы.-   ? Ш:  1)   (37 + 18) +37=  92(парақ) 
Ж: барлығы 92 парақ 
 
Түсті қағаз– 37 парақ. 
Ақ  қағаз - ?, 18 парақ  артық 
Ақ  қағаз  қанша .-  ? 
Ш:  2)   37+ 18 = 55 (парақ) 
Ж:   55  парақ  ақ қағаз
 
Шаршағанда болармыз ,  бой сергітіп алайық!
Сергіту сәті.      Ән:  Наурыз 
4-тапсырма.  Оюларды атап, тапсырманы орында. Теңдеулерді шешу.  Тақтада орындау. 
(қазақтың ұлттық оюлары)
х -32=53                            84-х=24             х+38=40
 
5-тапсырма. «Асық шашу»  ойыны арқылы, амалдарды  жазбаша  түрде  орындау. 
16+44=60                   100-77=23                     65+35=100                    39+38=77
59+26=85 24+48=72                      74-46=28 100-59=41
 
7-тапсырма.
а)  Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап.
 
 
4см
5см 3см 4см
 
 
3см 4см
3см 4см
 
              3см
 
- Балалар,ұлттық киімдерді,ұлттық аспаптарды,ұлттық ойындар:  асық шашу, 
орамал  тастамақ  ойынын  ойнадық,  оюларды таптық .- Бұл сөздер туралы не айтасыңдар, қай кезде болады? 
- Алда қандай мереке келе жатыр? 
- Бұл сөздердің «Наурыз мерекесіне » қандай қатысы бар? 
ІҮ. Бекіту. 
- Балалар,  қандай тақырып өттік ?
- Тақырып қиын  болды  ма ? 
Ү.  Қорытындылау. 
- Балалар, бүгін сабақта не істедік ? 
- Қандай тапсырмалар орындадық ? 
- Сабақ сендерге  ұнады ма ? 
ҮІ. Үйге тапсырма беру. 
      №4,  170- бет 
№7 (б) ,  171- бет 
ҮІІІ.  Бағалау