Саба?ты? та?ырыбы: Бірдей сандарды ?осу, азайтуды ?айталау. 2 сынып
19.02 Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды қосу, азайтуды қайталау.Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтап қайталау.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту.
Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру және ұқыптылыққа баулуТүрі: қайталау сабақ
Сабақтың жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, өзіндік және жұптық, топпен жұмысСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
1.Психологиялық дайындығы
Математика сабағын , Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі деп сананың Мәнінен ой табамыз. 2. Топқа бөліну. Геометриялық фигуралармен топқа бөліну.
3. Үй тапсырмасын тексеру. № 5
4. Көркем жазу. Екі таңбалы жұп сан жазу. 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, т.б5. Миға шабуыл. Сиқырлы санды сөйлет.
Әр тапсырманың бірінші әріпін аламыз.
1 2 3 4 5 6 7 8
қ а й т а л а у
1.Ақ ұлпа / қар /
2.Ең жақын адам / ана /
3.Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс / й /
4.2 мен 2-нің қосындысы / төрт /
5.Ініден үлкен / аға /
6.Ешкінің төлі / лақ/
7.Әліпбидегі бірінші әріп / а /
8.Дауыссыз да,дауысты да болады /у/
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.ІІІ Білімдерін тексеру.
Математикалық диктант. Дұрыс жауапты тақтадан көрсету.12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Сонда әр тәрелкеде неше алмадан салынды? / Жауабы: 3 алма/Әжей шарадағы 4 литр қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды. Әр кесеге неше литр қымыз құйылды? / Жауабы: 1 л қымыз/Ойын «Кім жылдам?» Топпен жұмысыӘр кеседе тапсырма бар. Егерде тапсырманы тез және қатесіз орындасаң, әжейдің қымызынан ауыз тиеді.4 кеседе 12, 14, 15, 16, 18, 20 деген сандар бар. Осы сандардың нәтижесінде нөлге шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.Мысалы: 12 – 6 – 6 = 012 – 2 – 2 – 2 – 2 - 2 – 2 = 0«Балық аулау» ойын. Ауызша орындауБалықтағы есепті шығару
17 + 12 = 69 + 30 = 78 + 22 = 43 + 56 =
29 - 12= 99 – 30 = 100 – 22 = 96 – 56 =
35 + 15 = 54 – 14 = 12 + 10 = 50 – 10 =
Сергіту кезеңі
«Ойлан, тап !» . Оқулықпен жұмыс. Топпен орындау. 4 есеп
Теңдеулерді шеш: Жұппен орындау.
27+х=90 90-х=63 Х-27=63
«Кім зерек?». Семантикалық карта
Мысал 71 53 35 54 33 47
34+19 + 71-18 + 46+25 + 53-18 + 50-17 + 71-24 +
Рефлексия: - Біз не үйрендік?
Өз-көңіл күйлеріңді білдіріңдер.
Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: №6 №7 (3 бағаны )
Логикалық есептер шешейік
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 - уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?
Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
Қорада бірнеше күрек болды. 3 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып еді?
Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды?
17 + 12 = 69 + 30 = 78 + 22 = 43 + 56 =
29 - 12= 99 – 30 = 100 – 22 = 96 – 56 =
35 + 15 = 54 – 14 = 12 + 10 = 50 – 10 =