Материктер мен м?хиттар географиясы. ашы? саба?
7сынып. Материктер мен мұхиттар географиясы
Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары, өзендері мен көлдері.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Африка материгінің ішкі сулары жөнінде түсінік беру, картадан өзен-көлдерді тауып сипаттама бере білуді меңгеру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын жеткізе білу қабілетін, сөйлеу мәдениетін, картамен жұмыс жүргізу қалыптастыру.
Б) Тәрбиелік мәні: Оқушыларды тіршілік көзі суды қорғай, үнемдей білуге, табиғат байлықтарын қорғауға, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиялары стратегиялары.:әңгімелесу, сұрақ -жауап, сөзжұмбақ, картамен жұмыс жүргізу әдістері
Оқытудың формасы: Ұжымдық, жеке- даралап оқыту
Сабақтың көрнеліктері: Африка материгінің физикалық картасы, жарты шарлар картасы, интерактивті тақта, атлас, кескін карта, кестелер, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Кезекші мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасы
а) «Зымыран сұрақтар!» ойыны.
ә) Сәйкестендіру кетесі
а) «Зымыран сұрақтар!» ойыны.
1. Шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына да бағытталған материк –Африка?
2. Африка қандай климат белдеулер қайталанады, қайсылары қайталанбайды?
Жауабы: Экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады. Олар: Субэкваторлық, тропиктік, Субтропиктіктік.
3. Африка климатындағы басым ауа мссаларын ата? Жауабы:Экваторлық, Қоңыржай, Тропиктік, Мұхит ағыстары.
4. Жер шарындағы ең жоғары температура
Жауабы: +580 С. 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауанда тіркелген.
5. Жауын – шашын ең аз жауатын жер? Жауабы: Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген.
6. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері? Жауабы: Ассаль көлінің деңгейі -153 м
7. Теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі . Жауабы: Килиманджаро жанартауы биіктігі -5895 м
8. Қандай пайдалы қазбаларға бай? Жауабы: Мыс, мырыш, уран, алмас, алтын таскөмір, мұнай, газ.
9. Бұл бұғаз Үнді мұхитының батыс бөлігінде, Африка мен Мадагаскар аралын бөліп тұрады. Ол жер бетіндегі ең ұзын бұғаз? Жауабы: Мозамбик.
10. Бұл канал теңіз көліктеріне Африканы айналып өтпей-ақ, Еуропадан Азияға тіке шығуға мүмкіндік береді. Ол ... . Жауабы: Суэц
ә) Сәйкестендіру кестесі.
Климаттық белдеулер Ерекшеліктері
А) Субтропиктік 1. Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерін қамтиды.
Ә) Тропиктік 2. Жазы ыстық (+280С), құрғақ, қысы біршама жылы (+100С), ылғалды болады.
Б) Субэкваторлық 3. Экваторлық белдеуден екі жарты шарда шамамен 200 ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды.
В) Экваторлық 4. Конго өзені алабының экватор бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр.
5. Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр
6. Материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігі қамтиды. Солтүстігі – батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан.
7. Жазда жиі – жиі құмды-дауылдар – самум желдері соғады, аспан ылғи шаңытып тұрады.
8. белдеуге жазда экваторлық, қыста – тропиктік ауа массалары әсер етеді.
9. Таңертеңгі ашық ауа райы түстен кейін найзағайлы нөсерге ұласады. Күн күркіреп, бірнеше сағат нөсер жаңбыр жауып, кешке қарай ашылады.
10. Белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан.
А. 1, 2, 5: Ә) 6, 10, 7; Б) 3, 8; В) 4, 9
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
«Таза тақта» ойынын ойнай отырып, бұрынғы оқығанымызды қайталап, еске түсіріп аламыз.
Тақтаға шыққан оқушы кез-келген қағазға жасырылған сұрақты таңдай отырып, жауап береді. Жасырылған сұрақ біткен кезде тақта тазаланады.
Бұрынғы оқыған ұғымдарын анықтау. Қысқаша диктант
1.Өзеннің басталатын жері
2.Өзеннің басқа өзенге, көлге, теңізге құятын жері
3.Негізгі өзен барлық салаларымен қоса
4.Құрлықтағы табиғи ойысқа жиналған су
5.Арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су
6.Биіктен құлап ағатын өзен
7.Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.
Жауаптары:
1.Бастау; 2. Саға; 3.Алабы; 4.Көл; 5.Өзен;
6. Сарқырама; 7.Жер асты сулары
2. Тірек-сызбамаен жұмыс.
Тірек – сызба арқылы Африканың өзен алаптарын түсіндіру. Материк ауданының 1/3-і ішкі тұйық алапқа жатады. Шари
Африканың шығыс бөлігіндегі өзендер жатады. Замбези
Жер бедерінің көтеріңкі болуына байланысты өзендердің көбі құяды. Ніл, Нигер, Конго (Заир)
Ішкі тұйық алап
Үнді мұхиті алабы
Атлант мұхиты алабы
Африканың өзен алаптары
Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құйды. Африканың ірі өзендері:
Ніл –Жер шарындағы ең ұзын өзен.
Конго (Заир) – Экваторды екі рет кесіп өтетін Африка өзені. Ең мол сулы өзені, су жинау алабы мен суының молдығы жағынан дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орын алады. Өзеннің ұзындығы -4320 км.
Нигер
Замбези
Лимпопо
Африка ірі көлдерінің барлығы дердік Ұлы Шығыс Африка жарылысының бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері көбіне созылыңқы болып келеді.
Кесте арқылы Африканың көлдерін түсіндіру.
Танганьика Көлдерінің ең тереңі, енді 50-80 км, ұзындығы 650 км
Виктория Африканың ең үлкен көлі
Тана Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгуінен пайда болған. Одан Көк Ніл ағып шығады.
Чад Қалдық көл. Солтүстік африкада ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған.
Бекіту кезеңі:
1.Сематикалық карта
2. «Кескін картман жұмыс»
3. Ой толғаныс
4. Ең,ең,ең..... ойыныы
5. «Озық ойлы оқушы»
5. Сөзжұмбақ
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: Кім тапқыр?
Сематикалық картамен жұмыс (дұрыс жауабына «+» белгісі қойылады.)
Объектілер Көл Өзен Тау Шөл Мүйіс Түбек
Атлас + Сахара + Замбези + Чад + Намиб + Ніл + Сомали +
Колахари + Ине + 2.«Кескін картамен жұмыс»
А) 1, 5 - бұғаздарының атын ата
2, 3 - қандай теңіздер?
4 - канал қалай аталады?
6, 7 -шөлдердің атын ата?
Ә) Картаға өзен – көлдерді белгілеу.
Ой толғаныс «Көл» сөзіне ассоциациялық ой жиынын жасау. Жеке, жұппен, топпен.
(ірі, ұсақ,тұзды, тұщы, терең, таяз, қалдық, тектоникалық, бөген, мұздық , шаруашылық т.б.)
Ең ең, ең ... ойыны
Ең ірі сарқырама – Тугела. Биіктігі -993 м
Ең ірі көл – Виктория, ауданы -68 мың км2, орташа тереңдігі -40 м
Еі ірі аралы – Мадагаскар, ауданы -590 мың км2
Ең суы мол өзен – Конго (Заир), ұзындығы -4320 км.
Ең терең көл – Танганьика, тереңдігі -1435 м, ұзындығы -650 км, ені -50-80 км.
«Озық ойлы» оқушы
Белгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру.
№ Өзен аты: Өзеннің материктегі орны, алабы Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды? Өзеннің су жинау алабы Өзеннің қоректену көздері Шаруашылық маңызы 6. «Африка» сөзжұмбағы
Сұрақтары:
1.Үнді мұхиты алабының өзені (Замбези)
2.Африка деген сөз берберлердің қандай тайпасынан шыққан (Африги)
3.Гвинея шығанағына құятын өзен (Нигер)
4.Африканыңең үлкенк өлі (Виктория)
5.Африканыңең мол сулыөзені (Конго)
6.Көк Ніл басталатынкөл (Тана)
З А М Б Е З ИА Ф Р И Г И Н И Г Е Р В И К Т О Р И Я
К О Н Г О Т А Н А Сұрақтар:
«Нигер» сөзжұмбағы
1. көк ніл басталатын көл
2.кеуіп қалған арна
3.африканың ең суы мол өзені
4.үнді мұхиты алабына жататын өзен
5.Ең ірі сарқырама
7. Сұрақтар:
Африка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
Ол Оңтүстік африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өтіп, Замбези өзенін зерттейді, Виктория сарқырамасын тауып, Конго өзені ағысын, Ньясса көлін сипаттап жазды. Ол 30 жыл Африкада тұрып, сонда қаза тапты. Бұл қай саяхатшы?
Жауабы: Ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстон
8.Қорытынды. Бағалау
ҮІІ. Үй тапсырмасы:
Африка материгінің ішкі сулары.
Кескін картамен жұмысты аяқтау.
Африканың қай аумағында жанартаулық аймақтар көп орналасқан ?
Африканың қай таулары Альні және гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан ?
Мұхит жағалауына жақын орналасқанымен Намиб шөліне жауын- шашын неге аз түседі?
Материктің шеткі нүктелерін ата?
Материктің батысы мен шығысындағы шеткі нүкте және координатын ?
Материктің ең үлкен аралы оны материктен бөліп тұрған қандай бұғаз?
Ең үлкен шөлдерді атап шық?
Ағылшын зерттеушісі Давид Ливингстон қай жерлерді зерттеді?
Материктің теңіз деңгейінен төмен орналасқан ең биік және төмен нүктесін ата?
«Озық ойлы» оқушы
Блгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру.
№ Өзен аты: 1 Өзеннің материктегі орны, алабы 2
3 Өзен қайдан бастау алады, қайда
құяды? 4 Өзеннің қоректену көздері 5 Шаруашылық маңызы Белгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру.
№ Өзен аты: 1 Өзеннің материктегі орны, алабы 2
3 Өзен қайдан бастау алады, қайда
құяды? 4 Өзеннің су жинау алабы 5 Өзеннің қоректену көздері 6 Шаруашылық маңызы ә) Сәйкестендіру кестесі.
Климаттық белдеулер Ерекшеліктері
А) Субтропиктік 1. Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерін қамтиды.
Ә) Тропиктік 2. Жазы ыстық (+280С), құрғақ, қысы біршама жылы (+100С), ылғалды болады.
Б) Субэкваторлық 3. Экваторлық белдеуден екі жарты шарда шамамен 200 ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды.
В) Экваторлық 4. Конго өзені алабының экватор бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр.
5. Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр
6. Материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігі қамтиды. Солтүстігі – батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан.
7. Жазда жиі – жиі құмды-дауылдар – самум желдері соғады, аспан ылғи шаңытып тұрады.
8. белдеуге жазда экваторлық, қыста – тропиктік ауа массалары әсер етеді.
9. Таңертеңгі ашық ауа райы түстен кейін найзағайлы нөсерге ұласады. Күн күркіреп, бірнеше сағат нөсер жаңбыр жауып, кешке қарай ашылады.
10. Белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан.
Топ мүшелерін бағалау
Күні: 20.11.2014ж Сыныбы: 7аПәні: География
Тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары
Сабақ этаптары
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Таза тақата ойыны Сематикалық карта Кескін картамен жұмыс Ой толғаны «көл» ассоациясын құру Ең,ең,ең Озық ойлы оқушы «нигерия сөзжұмбағын шешу» сұрақтар Оқушының қорытынды бағасы Мұғалімнің қорытынды бағасы
Зымыран сұрақтар Сәйкестендіру кестесі 1 Асқаров
Асел 2 Ақажанова Ақерке 3 Батырғалине
Әлібек 4 Ғазезов Бекзат 5 Жұпбаева Данагүл 6 Ермұханбетов Серікбол 7 Тлепбергенов Жасқанат 8 9 10 11 12 Топ мүшелерін бағалау
Күні: 20.11.2014ж Сыныбы: 7аПәні: География
Тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары
Сабақ этаптары
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Таза тақата ойыны Сематикалық карта Кескін картамен жұмыс Ой толғаныс «көл» ассоациясын құру Ең,ең,ең Озық ойлы оқушы «нигерия сөзжұмбағын шешу» сұрақтар Оқушының қорытынды бағасы Мұғалімнің қорытынды бағасы
Зымыран сұрақтар Сәйкестендіру кестесі 1 Каллиулина Гүлстан 2 Өтемісов Жарқын 3 Мақсотова Айдана 4 Сапаров Батыржан 5 Ізбасарова Жадыра 6 Исқақов Нұржан 7 Нәсіпқалиев Бекзат 8 9 10 11