Саба? жоспары: Географиялы? белдеулер ж?не таби?ат зоналары.


Сабақтың тақырыбы: Географиялық белдеулер және табиғат зоналары.
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларда негізгі және аралық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары туралы білім қалыптастыру.
ә)ОҚУШЫЛАРДЫҢ САНАСЫНА адамгершілік, елжандылық,жолдастық және ұлттық идеяларды сіңіру және экологиялық тәрбие беру.
Б)Топпен жұмыс істеу, өзіндік пікірлеу дағдыларын дамыту;АТЛАСТАН ПАЙДАЛАНА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР АЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Сабақтың жабдығы:ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ ,КОМПЬЮТЕР .
САБАҚТЫҢ ТИПІ: АРАЛАС.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: ИНТЕРАКТИВ.
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: « МЫЙҒА ШАБУЫЛ»,«КЛАСТЕР» ,«ЖОБА ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ,ТОПТЫҚ ЖҰМЫС.
ЖАҢА САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ: ЖЕР БЕТІНДЕ 13 КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУ БАР. СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ЭКВАТОРЛЫҚ БЕЛДЕУ ҚАЙТАЛАНБАЙДЫ.. НЕГЕ?
«СУБ» СӨЗІ ҚАСЫНДА,МАҢЫНДА ДЕГЕН МАҒЫНА БЕРЕДІ.«СУБ» СОЗ! АРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРДІҢ АЛДЫНА ҚОСЫЛЫП АЙТЫЛАДЫ. «СУБ»СӨЗІ ҚОСЫЛМАҒАН БЕЛДЕУЛЕР НЕГІЗГІ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР БОЛЫП САНАЛАДЫ. ОСЫ АЙТЫЛҒАН АТАУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕБІ:КЛИМАТТЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ. КҮН СӘУЛЕСІ ЖЕР БЕТІНЕ БІРКЕЛКІ ТҮСПЕГЕНДІКТЕН ӘРТҮРЛІ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛЫПТАСАДЫ.КҮН СӘУЛЕСІ ЭКВАТОРҒА ТІК ТҮСЕДІ ЖӘНЕ ПОЛЮСТЕРГЕ ҚАРАЙ КӨЛБЕУ ТҮСЕДІ.СОНДЫҚТАН ДА КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ЭКВАТОРДАН ПОЛЮСТЕРГЕ ҚАРАЙ ӨЗГЕРІП ОТЫРАДЫ.БАРЛЫҒЫ 13 КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУДІҢ 7-ЕУІ НЕГІЗГІ, 6-Ы АРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР. ЭКВАТОРЛЫҚТАН БАСҚА БЕЛДЕУЛЕР СОЛТҮСТІК ПЕН ОҢТҮСТІКТЕ ҚАЙТАЛАНЫП ОТЫРАДЫ.БІРАҚ, АРКТИКАЛЫҚ БЕЛДЕУДІҢ ОҢТҮСТІКТЕГІ СЕРІГІ АНТАРКТИКА ДЕП АТАЛАДЫ.СЕБЕБІ: «АНТИ»СӨЗІ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ДЕГЕН МАҒЫНА БЕРЕДІ.
Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірумен бірге оларды тақырыпты өз бетімен меңгеруге, өзіндік жұмыс істеуге баулып барады.Осы мақсатта сауал-жауап арқылы олардың өтілген және жаңа тақырыпты меңгеру дәрежелерін байқау үшін төмендегідей сұрақтарды беруге болады: Оқушыларға 4 қабыққа тиісті сөздер араластырылып беріледі.24 сөздің ішінен оқушылар өзінің тобына сәйкесін таңдап алулары және «К1м жылдам» кестесіне орналастырулары керек. Сөздер – Атмосфера,Гидросфера, Литосфера, Биосфера қабықтары бойынша таңдалады. Берілетін сөздер:
ТАУ ӨЗЕН ТРОПОСФЕРА СЕКСЕУІЛ
ЖАЗЫҚ КӨЛ ЖЕЛ ОРМАН
ЖЕР ҚАБЫҒЫ ҚҰДЫҚ ҚЫСЫМ ЖЫЛАН
ЯДРО БҰЛАҚ БҰЛТТАР ЖОЛБАРЫС
МАНТИЯ ТЕҢІЗ ОТТЕГІ ШЫРША
ЛАВА МҰХИТ ЖАҢБЫР БАКТЕРИЯЛАР
СУРЕТТЕРДІ СИПАТТАУ: ТОПТАРҒА БІР-БІРДЕН СУРЕТ БЕРІЛЕДІ: ТАУ, ОРМАН, ШӨЛ, ТУНДРА.ОҚУШЫЛАР 2 МИНУТ ДАЙЫНДАЛЫП СИПАТТАП БЕРУЛЕРІ КЕРЕК.
АУЫЗША СҰРАҚТАР :
1-ТОПҚА: НЕЛІКТЕН ӘРТҮРЛІ ТАБИҒАТ КОМПЛЕКСТЕРІ ПАЙДА БОЛАДЫ?
2-ТОПҚА:НЕЛІКТЕН ЖЕР БЕТІНДЕ КЛИМАТ ӘРТҮРЛІ?
3-ТОПҚА:НЕЛІКТЕН КҮН СӘУЛЕСІ ЖЕР БЕТІНЕ БІРКЕЛКІ ТҮСПЕЙДІ?
4-ТОПҚА: ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҚАЙСЫ БЕЛДЕУЛЕР ЫСТЫҚ, ҚАЙСЫ БЕЛДЕУЛЕР СУЫҚ? НЕГЕ?
«ОРНЫН ТАП» ОҚУШЫЛАРҒА НЕГІЗГІ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРДІҢ АТТАРЫ ЖАЗЫЛҒАН СЫЗБАЛАР БЕРІЛЕДІ.ОҚУШЫЛАР ОЛАРДЫҢ АРАСЫНА АРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРДІ
ОРНАЛАСТЫРЫП ШЫҒУЛАРЫ КЕРЕК.
БЕРІЛЕТІН СЫЗБА: БЕРІЛЕТІН АТАУЛАР: 1)СОЛТҮСТІК СУБЭКВАТОР.
2) СОЛТҮСТІК СУБТРОПИК.
3) СОЛТҮСТІК СУБАРКТИКА.
4) СУБАНТАРКТИДА.
5)ОҢТҮСТІК СУБЭКВАТОР
6) ОҢТҮСТІК СУБТРОПИК.
СОНЫМЕН НЕШЕ НЕГІЗГІ, НЕШЕ АРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР БАР ЕКЕН?
7)Оқулықты және берілген мәтінді пайдаланып сипаттама бер:
Жоба технологиясы.
1-топқа: - Экваторлық белдеу.
2-топқа: - Тропиктік белдеу.
3-топқа: - Қоңыржай белдеу.
4-топқа:- Арктикалық белдеу.
Мәтіндер: 1. Экваторлық белдеуде жыл бойы ыстық, тек жаз мезгілі үстемдік етеді.Ауасы ылғалды, күн сайын жаңбыр жауады.Ағаштар үнемі жасыл түсте.Сондықтан мұндағы ормандар ылғалды мәңгі жасыл ормандар делінеді.Мұндай ормандар Амазонка ойпатында,Африканың экваторлық белдеуінде көп.
2. Тропиктік климаттық белдеуде жыл бойы ыстық болады.Әсіресе жаз айлары өте ыстық.Мұндай шөлдерге Африкадағы Сахара, Арабия түбегіндегі Руб-эл-Хали шөлдері мысал болады.
3. Қоңыржай климаттық белдеу жыл бойы қезгілі анық байқалады.Қоңыржай ауа массасының әсерінде болады.Жылдың 4 мезгілі анық байқалады.Теңіздер мен мұхиттардан алыс-жақын орналасуына байланысты ылғалдығы әртүрлі. Біз де осы белдеуде жасаймыз.
4. Арктикалық белдеу қысы-жазы өте суық, тек қыс мезгілі ғана үстемдік етеді.Мәңгілік қар мен мұз жауып жатыр.Күннің көзі 6-7 айлап көрінбейді. Мұны поляр түні дейді.
Бекіту: Бұл климаттық белдеулерде қалыптасқан табиғат комплекстерін табиғат зоналары дейміз.
8.Видеофильм көрсетіледі.
9. Оқушыларды бағалау.
10. Үйге тапсырма: Географиялық белдеулерге сипаттама беру.


Рудный қаласы, №19-мектептің география пәні
мұғалімі: Қалжанова. Сара.Срайловна.