7 сынып. ?аза? тілі. 10 сынып. Орта мерзімдік саба? жоспары


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 7-сыныпқа арналған орта мерзімдік жоспар
ІII-тоқсан- 10 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі Оқып үйренудің нәтижесі Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы Негізгі дереккөздер немесе ресурстар Мерзімі
1 Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші»әңгімесі
Топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану,
«Миға шабуыл»
«Рөлдік ойын»
«Постер».
«Джиксо»
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Оқушылар жерлес жазушының өмірі туралы сұхбаттарға қатысады. Әңгіме туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді. Прототип жайлы мәліметтерді біледі. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы.
2 Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін өлеңі»
«Кластер», «Джигсо», «Бағдаршам»,
«Екі жұлдыз,
бір тілек» Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Оқушылартүйін жасау туралы түсініктері қалыптасады, барлық теорияларды игереді, оларға талдау жасай алады. Оқушылардың
өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау. Топтық тапсырмалар беру арқылы дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. 3 Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы «Кластер», «Джигсо», «бағдаршам»,
«менталдық карта», «бас бармақ»
«Постер». Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Бейімбет Майлин туралы білімдерін кеңейтіп,мазмұндап беруге,сызба бойынша айта алады. Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды. Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы. 4 Бейімбет Майлин «Айт күндері » әңгімесі «Кластер», «Бағдаршам», «Тақырыптық теннис», «Жуан,жіңішке сұрақ». «Постер».
«Эссе» Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Ойын жеткізу барысында көрген,естіген мәліметтері жайлы айтады.
-Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлейді
-оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну.
-Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғады.
-өз ойын қысқашы білдіреді.
-естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатыса алады Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы. 5 Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы «Шаттық шеңбер», «Миға шабуыл», «Инсерт», «Екі жұлдыз, бір тілек»
«Детальды толтыру»
«Жуан,жіңішке сұрақ». Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Барлығы мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыра алады.Оқушылардың көбі өз жауаптарына дәйектеме бере алады.Кейбіреулері қорытынды жасап баға береді.Тақырып төңірегінде тілдесе алады. Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы. ж. 6 Ілияс Жансүгіровтың «Анам тілі», «Домбыра» өлеңі «Блум түймедағы»,
топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану,
«Миға шабуыл»
«Рөлдік ойын»
«Джиксо»
«Жуан,жіңішке сұрақтар» «Постер». Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Ілияс Жансүгіров туралы білімдерін кеңейтеді.Өз ойларын айтып бере алады.. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы 7 Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы «Тыңдаушы үш бұрыш», «Бас Бармақ», «кластер», «жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар» құрастыр «Джиксо» Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығыжайында сұхбаттарға қатысады. Жаңа тақырып туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды. Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы. сынып Алматы: «Атамұра», 2013 ж. 8 Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі «алты қалпақ», «карусель», «бағдаршам»,
«миға шабуыл» Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Табиғат тағысы ,адамдар қастығын айта алады Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы. 9 Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі «Болжау стратегиясы»,
«Қос жазба күнделігі», «миға шабуыл». «Джиксо», «Синквейн» Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Барлығы мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыра алады.Оқушылардың көбі өз жауаптарына дәйектеме бере алады.Кейбіреулері қорытынды жасап баға береді.Тақырып төңірегінде тілдесе алады. Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы. 10 Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме» «Кластер», «Джигсо», «Бағдаршам»,
«екі жұлдыз бір тілек»
«Автобус аялдамасы»
«Постер». Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ Ғабит Мүсірепов туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді. Ғабит Мүсірепов жайлы мәліметтерді біледі. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады Оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
Оқыту мақсаты:
Жүсіпбек Аймауытовтың « Әнші» әңгімесін талдау,әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, әнші бейнесін талдау;логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру;әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа. өнерді сүюге, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- өз ойын еркін әдеби тілде жеткізе біледі
-әнші бейнесін талдай алады
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім жағымды психологиялық климат жасайды.
Топтық жұмысты ұйымдастырады. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ:
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10 мин. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалімнің айтқан сөзін оқушылар қимылмен бейнелейді. Слайд арқылы суреттері тақтадан көрсетіліп тұрады.Тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер.Енді таулы, тасты аймақта келе жатырмыз.Өзенде жүзіп келеміз.Енді қолдарыңа дүрбілеріңді алып қараңдар.Не көрдік?- Қазақ елін.- Павлодар облысы, Баянауыл аймағын- Жүсіпбек Аймауытовты- Ендеше, балалар, біз Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін өтеміз.. Бүгінгі сабағымызда осы әңгіме бойынша талдау жұмыстарын жасаймыз. Өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Формативті бағалау:
«Бас бармақ»
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең
10-25
мин
. Монологтік, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Жүсіпбек Аймауытовты біз кім деп танимыз?І. ТоптастыруЖүсіпбек Аймауытов кім?↓Ақын, оқытушы, драматург, әнші, сазгер, ғалым, директор, журналист, редактор1. Драматургия саласына қосқан үлесі қандай?2. Директорлық қызметті қай жерде атқарды?3. Сазгер әрі әнші ретінде қалай танылды?4. Қай жерлерде журналист, редактор қызметін атқарды?Сұхбат сәті Топтық жұмыс1 - топ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру«Елес»«Әнші»«Боранды болжаған әулие»«Бетім – ау, құдағи ғой»,«Қартқожа»«Ақбілек»«Күнекейдің жазығы»«Нұр күйі» поэмасы2 – топ Мәтінге сатылай кешенді талдау
Шығарманың аты: «Әнші» әңгімесіТақырыбы: ән, өнер, ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі- Жанр түрі: проза (әңгіме)Идеясы: ән құдіретін танытуКейіпкерлері: Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ, студент жастар, ұрыларБасты кейіпкердің прототипі: Әміре ҚашаубаевТуған жылы: 1888жӨнері: әншілік, актерлікӘміре Қашаубаев туралы деректер (видео ролик арқылы көрсету)1888 жылы бұрынғы Семей губерниясының Дегелең болысына қарасты Атан ауылында дүниеге келген. Әкесі Қашаубай мен анасы Тойған өмірлері кедейлікпен, жалшылықпен өткен адамдар болыпты.Әміренің сахнада жұрт алдында шығып ән айту кезеңі 1919 – 1920 «Ес – Аймақ» қоғамының сауық кештерінен басталған.Одан әрі Орынбор қаласына шақыртылып өнер көрсетеді. 1925 жылы Париж қаласында өнер көрсетіп, әлемге атағы әйгілі болады. Ол орындаған әндер: «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Гауһар қыз», «Дударай», «Қорлан», «Қызыл бидай», «Үш дос». т. бӘміре ән шырқауымен қатар спектакльге қатысып, рольдерде ойнаған. 1928 жылы қазақтың музыка театрының солисі болды. 1934 жылы дүниеден өтеді.3 – топ Мәтінге композициялық талдауОқиғаның басталуы – - Жетішатыр қаласының тұрмыс - тіршілігіОқиғаның дамуы – - Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуіШиеленісуі – - Наурыз мерекесі. Әмірқан - театр сахнасындаШарықтау шегі – - Әмірқан басынан кешірген бір оқиғаШешімі – - Ән тәңірісінің құдіретті әні Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
Формативті бағалау: смайликтер
Топтық жұмыс
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Жасыл түс – «дайынбыз». Сары түс – «уақыт қажет». Қызыл түс – «дайын емеспіз». Сын тұрғысынан ойлау
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сергіту сәті
25-27
мин Мұғалім бейнероликті қосады. Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ
Қорытынды кезең 27-42 мин Мұғалім топтарға тапсырмалар таратады.
Мәтінмен жұмысӘмірханның ән өнері жайлы айтқан сөзін әңгімеден тапқызып сол туралы өз пікірлерін білу. Қазіргі таңдағы ән өнері мен әншілер туралы салыстыра отырып пікірлерін тыңдауМәтінӘншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет – аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.
Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
1 - топӘмірханның мінездемелік сипаты (мәтіннен тауып жазу)1. Қарапайымдылығы: Әмірхан студент жастармен сыпайы амандасып отыра кетеді.2. Орындаушылық шеберлігі: Ән айтқанда ұшатын құстай қомданып алады.3. Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өзін – өзі ұмытады. Даусы көмейінен емес жүрегінен шығады.4. Адамға үйірсектігі: Кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын адам.5. Азаматтық тұлғасы: Өзінен бір нәрсе сұраса бере салады, кісіні алдауды білмейді.6. Махаббатқа адалдығы: Махаббатқа адал жан. Ол алғашқы махаббаты Ақтамақты есіне алғанда көзіне жас алады.2 - топСөз төркінін ашу. Түсіндірме күнделігін толтыруЖөпшеңді – анау – мынау жайОрамал тастау – ұлттық ойынЖанторсық – қымыз құятын ыдысҚош айтысу – өмірімен қоштасуҚоржынбасы – екі басты қоржынТаң асып тұрған – бабына келген3 - топМәтіннен теңеу сөздерді табуТеңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеуАтқан таңдай, шайдай, сыбызғының үніндей, асқар таудай, күзді күнгі дауылдай, тас бұлақтың суындай деген теңеулерді тауып тіркескен сөздерімен бірге оқып мағынасын түсіндіріп өтті.
Оқушы пікірлері:- Біз әңгімеден Әмірханның ән салу шеберлігін оқып тәнті болдық. Біздің қазіргі эстрадада жүрген әншілеріміздің көбі жанды дауыспен айтпай дауыстарын комьпютер арқылы қойып алып жатады. Ал Әміре домбырасын қолына алып ән салғанда бүкіл Париж халқы орнынан тұрып қол шапалақтап құрмет көрсеткен.- Әншілердің көбі түр шығарамын деп жақсы әнді бұзып жібереді деген екен ол қазірде кездесіп жатады. Халық әндерін эстрадаға саламыз деп бастапқы қалпынан өзгертіп айтып жүргендер туралы да теледидардан айтып, талқылап та жүр.- Зорланып айтқан ән дұрыс шықпайды деген екен. Ол рас, өз ана тілінде сөйлей алмай орысшаланып кеткен кей әншілеріміз қазақ әнін орындап жатқанда не айтып жатқанын түсінбейтін де шығар.Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Ағаш аяқ» әнін тыңдату Өз-өздерін бағалау:
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
Сын тұрғысынан ойлау: постер құру
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин Қ.Әбдез ұлы
С.Ч.Тұрсынғалиева
Астана«Арман -ПВ»2011ж 95-97бет. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Жеке оқу. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
29.01.15
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін өлеңі»
Оқыту мақсаты: М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.Әр оқушының ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерінқозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын, сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушылардыөз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-Оқушылар Мағжан Жұмабаев жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Жаңа тақырып туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға ұсынады.
Оқушылар
бойынша екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ:
Топтарды құру
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин  Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.Сосын мұғалім толықтырады.М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т. б.Поэмалары: "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»Педагогикалық еңбектері: "Педагогика"кітабы, "Сауатты бол" оқулығы1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету) Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Зерттеп келген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең
10-25
мин
125-128 беттерді оқи берілген тақырыптар бойынша әр топ ойтолғау жазады.
Оқушыларға өлеңді оқыта отыра, берілген тірек сызба бойынша әңгімелеуді ұсынады
Енді оқушылардың білімдерін сөзжұмбақ арқылы сынап көрейік.1. И Б Р А Г И М О В2. Ж А Н С Ө З І3. Ғ А Л И Я4. Г Р А Ж Д А Н5. Т Ұ Л П А Р6. Б О С Т А Н Д Ы Қ Т У Ы1-топ1. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағының басылып шығуына жәрдем еткен ұстаз татар жазушысы (Ибрагимов)2. «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған,Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,Кінәні жүрекке қой, қойма маған»,- үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?(«Жан сөзі»)3. Мағжан Жұмабаев 1910 жылы Уфа қаласында қандай медреседе оқиды? (Ғалия)4. Мағжанның ұлының есімі, бұл есімді ақын Азамат соғысына орай қойған. (Граждан)5. Мағжан «Мен кім?» өлеңінде өзін жалынға, арыстанға, биге, патшаға және тағы кімге теңейді? (Тұлпар)6. Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниясында қандай газетте қызмет атқарады? (Бостандық туы)
2-топ
1. М А Х А Б Б А Т2. С А Ғ Ы Н Д Ы М3. Қ Ы С Қ Ы Ж О Л4. Қ А З А Қ Т І Л І5. Е Г Е М Е Н Қ А З А Қ С Т А Н6. Т А Ш К Е Н Т«Талантты дарын» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:1. Мағжан Жұмабаев қалам тартқан тақырыптардың бірі (Махаббат)2. «Не көрсем де алаш үшін көргенім,Маған атақ ұлтым үшін өлгенім»,- үзінді қай өлеңнен алынған? («Сағындым»)3. «Екі иінінен дем алып», «ішін тартып», «жер бауырлап жаяулап», «аузы - басы жыбырлап», «сақ - сақ күледі» тіркестері ақынның қай өлеңінен алынған? («Қысқы жол»)4. «Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың»,- өлеңнің тақырыбын тап («Қазақ тілі»)5. Мағжанның 1927 жылы «Тоқсанның тобы» поэмасы жарияланған «Еңбекші қазақ» газетінің қазіргі атауы («Егемен Қазақстан»)6. 1923 жылы ақынның «Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері» деген кітабы қай қалада басылып шығады? (Ташкент)
3-топ
1. Ж Ү С І П Х А Н2. С Ұ Л У3. А Б Ы Л А Й4. С А Й Ф И Қ Ұ Д А Ш5. Қ О Р Қ Ы Т6. П О Э З И Я«Қайталанбас тұлға» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:1. Мағжан Жұмабаевтың поэмасы («Жүсіпхан»)2. «Батыр Баян» поэмасындағы қалмақ қызы қандай? (Сұлу)3. «Батыр Баян» поэмасындағы хан (Абылай)4. Мағжанға «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде Мағжан Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды» деп пікір білдірген башқұрт жазушысы (Сайфи Құдаш)5. Мағжанның өлім - өмір ақиқаты деген тұжырым жасаған поэмасы («Қорқыт»)6. Мағжан Жұмабаев әдебиеттің қай жанрына қалам тербеген? (Поэзия)ІІІ кезең «Шығармашылық шыңдалу»Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру1. «Жарық жұлдыз» тобына1. Зат есім 1 сөз - АҚЫН2. Сын есім 2 сөз – ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТТЫ3. Етістік 3 сөз – ЖАЗАДЫ, ЖЫРЛАЙДЫ4. Синоним 1 сөз – СУЫРЫП САЛМА5. Сөз тіркесі – АҚЫН СӨЗ БАСТАРБАТЫР ҚОЛ БАСТАР.2. «Талантты дарын» тобына1. Зат есім 1 сөз – СУРЕТКЕР2. Сын есім 2 сөз – ТАЛАНТТЫ, ШЕБЕР3. Етістік - САЛАДЫ, БЕЙНЕЛЕЙДІ4. Синоним 1 сөз – ҚИЯЛШЫЛ5. Сөз тіркесі – МАҒЖАН - СӨЗДЕН БЕЙНЕ ЖАСАУШЫ ШЕБЕР СУРЕТКЕР3. «Қайталанбас тұлға» тобына1. Зат есім 1 сөз – БАТЫР2. Сын есім 2 сөз – ҚАЙСАР, НАМЫСТЫ3. Етістік 3 сөз – ҚОРҒАЙДЫ, ҚАМҚОРЛАЙДЫ4. Синоним 1 сөз – ЕРЖҮРЕК5. Сөз тіркесі – ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ,ЕРДІ НАМЫС ӨЛТІРЕДІ.IV кезең «Білімді тиянақтау»- Енді әр топ студенттеріне 10 сұрақтан тест сұрақтары беріледі. 5 минут уақыт ішінде белгілеп, қарсы топқа береміз сол тест жауабы арқылы білімдеріңіз бағаланады.1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тапА. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»2. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауырыА. Жәнібек В. Ноян С. Абылай3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын атаА. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсетА. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»5. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?А. Қазан В. Уфа С. Орынбор6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?А. Абай Құнанбаев В. Шоқан Уәлиханов С. Ыбырай Алтынсарин7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?«Тұранның тарихы бар отты желдей,Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...А. М. Жұмабаев «Түркістан»В. Ж. Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай9. «Алаш деген елім бар,Неге екенін білмеймін,Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тапА. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын»10. М. Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін қай ақыннан аударған?А. Лермонтов В. Горький С. ПушкинТест жауаптары:1. А2. В3. А4. В5. А6. А7. А8. С9. А10. А 5 минут ішінде берілген сызба бойынша өлеңді әңгімелейді
Әр топ берілген тақырып бойынша ойтолғау жазады, жұмыстарын қорғайды
Әр топ өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді.
Топтық жұмыс.
. Сын тұрғысынан ойлау:
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады. Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру1-топ1. Зат есім 1 сөз - АҚЫН2. Сын есім 2 сөз – ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТТЫ3. Етістік 3 сөз – ЖАЗАДЫ, ЖЫРЛАЙДЫ4. Синоним 1 сөз – СУЫРЫП САЛМА5. Сөз тіркесі – АҚЫН СӨЗ БАСТАРБАТЫР ҚОЛ БАСТАР.2-топ
1. Зат есім 1 сөз – СУРЕТКЕР2. Сын есім 2 сөз – ТАЛАНТТЫ, ШЕБЕР3. Етістік - САЛАДЫ, БЕЙНЕЛЕЙДІ4. Синоним 1 сөз – ҚИЯЛШЫЛ5. Сөз тіркесі – МАҒЖАН - СӨЗДЕН БЕЙНЕ ЖАСАУШЫ ШЕБЕР СУРЕТКЕР3-топ
1. Зат есім 1 сөз – БАТЫР2. Сын есім 2 сөз – ҚАЙСАР, НАМЫСТЫ3. Етістік 3 сөз – ҚОРҒАЙДЫ, ҚАМҚОРЛАЙДЫ4. Синоним 1 сөз – ЕРЖҮРЕК5. Сөз тіркесі – ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ,ЕРДІ НАМЫС ӨЛТІРЕДІ.- Енді әр топ оқушылары 10 сұрақтан тест сұрақтары беріледі. 5 минут уақыт ішінде белгілеп, қарсы топқа береміз сол тест жауабы арқылы білімдеріңіз бағаланады.1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тапА. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»2. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауырыА. Жәнібек В. Ноян С. Абылай3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын атаА. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсетА. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»5. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?А. Қазан В. Уфа С. Орынбор6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?А. Абай Құнанбаев В. Шоқан Уәлиханов С. Ыбырай Алтынсарин7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?«Тұранның тарихы бар отты желдей,Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...А. М. Жұмабаев «Түркістан»В. Ж. Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай9. «Алаш деген елім бар,Неге екенін білмеймін,Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тапА. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын»10. М. Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін қай ақыннан аударған?А. Лермонтов В. Горький С. ПушкинТест жауаптары:1. А2. В3. А4. В5. А6. А7. А8. С9. А10. А Қорытынды бағалау АҚТ
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин Өлеңнен үзінді жаттау Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Жеке оқу. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
Оқыту мақсаты: Сабақ мақсаттары: Білімділік: Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық, бауырластық рухында тәрбиелеу. Танымдық: Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесін салыстыру, байланыстыру. 
Күтілетін нәтиже:
- Бейімбет Майлин жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесі туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- Бейімбет Майлиннің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді біледі;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім жағымды психологиялық климат жасайды. Сабақтың ұраны: Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деп, біздің атақты жерлестеріміз Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі сабақта білгенімізді ортаға салып, естігенімізді көңілімізге тоқып отырайық! 
Жас ерекшеліктер.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Мұғалім «Ой шабуылын» ұйымдастырады.
: Нені білуіміз керек? (Балалардың алдына мақсат-міндеттер қою) • Жазушының өмірбаяны. • Жазушының шығармашылығы. • Жазушы шығармаларының тақырыбы. Балалар, бүгінгі сабақ сендер үшін танымдық сабақ болмақ, сондықтан үнемі дәптермен жұмыс болады. Сабақ бойы бір-біріңді тыңдап қана қоймай, естіп отырған ақпараттың ішінен ең маңызды дегенін дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Сабақ соңында алған білімдерің тексеріледі, дайын болыңдар.  Екі минуттың ішінде тақырып бойынша ойларына келген сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
. Портретпен жұмыс: Бейімбет Майлиннің бейнесі. - Мынау кімнің бейнесі және ол туралы не білесіңдер? Балалар жазушының өмірбаяны туралы, оқыған жерлері туралы айтып береді.  Оқыту үшін бағалау.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин Әдеби сөздік диктант. Сабақ барысында қолданылатын термин сөздердің аудармасын білу: «поэт, писатель, сочинение, рассказ, стихи, литературный, художественный, содержание, случай, биография, творчество, религия, традиция, искусство». 7. Өзара тексеру: Балалар бағалау өлшемі бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды. 8. Хронологиялық кесте: «Мына сандар не дейді?» • 1894 • 1910 – 1912 • 1913 – 1914 • 1914 • 1922 • 1934 -1937 • 1938 
Үй тапсырмасы 42-45 мин Үй тапсырмасының мақса-
тын, мазмұнын және орындау тәсілін түсіндіреді. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Жеке оқу. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Айт күндері » әңгімесі
Оқыту мақсаты:. : Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Айттың діни мереке екенін танымдық бағытта меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық, бауырластық рухында тәрбиелеу. Танымдық: Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесін салыстыру, байланыстыру. 
Күтілетін нәтиже: Күтілетін нәтиже:
- Бейімбет Майлин жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесі туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- Бейімбет Майлиннің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді біледі;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Сабақтың тақырыбын хабарлау: Дұрыс айтасыңдар, ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бейімбет Майлин. Айт күндері». Жоспар бойынша бұл – екінші сабақ. Өткен сабақта біз «Айт күндері» әңгімесін оқып, талдағанбыз. Ал бүгін осы тақырыпты одан әрі кеңейтіп, өз білімімізді жинақтап, одан әрі тереңдетіп, қорытындылаймыз.  Топтарды құру Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:
- 1. Бейімбет Майлин кім? 2. Бейімбет Майлиннің туған жері. 3. Бейімбет Майлиннің өмір жылдары. 4. Бейімбет Майлин қайда оқыды? 5. Бейімбет Майлиннің алғашқы повесі қандай? 6. Бейімбеттің қанша прозасы бар? 7. Бейімбеттің неше өлеңі бар? 8. Бейімбеттің қанша поэмасы бар? 9. Бейімбеттің қанша драмалық шығармасы бар? 10. Оның қандай шығармаларын білесің? 11. Бейімбет Майлин қандай фильмнің сценариін жазысқан? 12. Бейімбет шығармаларының тақырыбы қандай
- Қандай мақсат пен міндеттер қоямыз? Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең
10-25
мин
Мұғалім әр топқа қағаз беріп, «Ой шабуылын» ұйымдастырады.
. «Айт күндері» әңгімесі. Әңгіменің мазмұнын еске түсіру мақсатында бір оқушы қысқаша баяндап береді. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, төмендегі сызбаны толтырады: Шығарманың аты Шығарманың авторы Шығарманың қай жанрына жатады? Әңгіме деген не? Шығарманың негізгі идеясы 
Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды
Әр топтан жұптасқан оқушылар өз мәтіндері бойынша алған ақпараттарымен бөліседі.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, екі топ бір-біріне сұрақ қойып өзара жарысады Топтық жұмыс.
Топтық жұмыс
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Жасыл түс – «дайынбыз». Сары түс – «уақыт қажет». Қызыл түс – «дайын емеспіз».
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сыни тұрғыдан ойлау: «Ой шабуыл»
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин . Оқулықпен жұмыс. Өткен сабақта шығармашылық деңгейдегі балаларға оқулықтың 62-бетіндегі проблемалық сипаттағы, өз бетінше ізденуді талап ететін «Отбасындағы діни мерекелер» тақырыбы бойынша тапсырмалар жүктелген. Енді сол балаларға сөз берейік, білгендерін ортаға салсын. Қалғандарың тыңдап қана қоймай, алдарыңдағы «Инсерт» картасын толтырып отырыңдар. Тақырыпшалар: «Айттың түрлері», «Ораза айт», «Құрбан айт», «Айтқа тән дәстүрлер», «Коляда», «Сочельник», «Крещение» - балалар тақтаға шығып өз презентацияларын қорғайды. 
«Инсерт» картасы бойынша тексеру. Нені білемін? V Мен үшін жаңалық + Мені таңқалдырған ? 
. Рефлексия. Енді, балалар, Бейімбеттің «Айт күндері» әңгімесіне қайта оралсақ. Жазушы бұл әңгімесінде өз заманында айт күні болған жан шошытарлық ащы шындықты ашына отырып жазған. Сондағы оның түпкі арманы – осындай жан түршігерлік жауыздық пен мейірімсіздік болашақта адамдар арасында болмаса екен, адам баласы бір-біріне бай-кедей болып бөлінбей мейіріммен қараса екен, бір-біріне қайырымды болса екен деген ойдан туындаған. Ендеше, бүгінгі таңда жазушының арманы орындалды деп айтуға болады. Қазіргі заманда тек айт күндері ғана емес, жыл бойына үкімет тарапынан да, жағдайы көтеретін басқа азаматтар тарапынан да халыққа үнемі көмек көрсетіліп келеді. Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасыларына берілетін төлемақы жыл өткен сайын өсіп келеді, тағы басқа да қайырымдылық іс-шаралар аз емес. Ал дін жағына келетін болсақ, басқа елдерде дін немесе ұлт мәселесі шиеленісіп, қантөгістер де болып жатқаны жасырын емес. Ал біздің елімізде Елбасымыздың көрегендігі арқасында барлық ұлттар да, барлық дін өкілдері де айрандай ұйып, Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы сияқты бір шаңырақтың астында бас қосып отыр. Рождество мен Құрбан айт мерекелері 2006 жылдан бері демалыс күндері болып жарияланды. Бұл күндері Елбасы халықтың алдына шығып өзінің құттықтау сөзін сөйлейді. Жазушы арманының орындалғаны осы емес пе! 
13. «Айт күндері» әңгімесі не туралы? 14. Қандай діни мерекелерді білесің? 15. Айттың түрлері қандай? 16. Айтқа тән дәстүрлер қандай? 
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды. Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
Оқушылар өз постерлерін жаңа ойларымен толықтырады. Спикерлері оқып шығады.
Оқушылар табыс парақтарын толтырады. Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.
Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
42-45 мин Үй тапсырмасы «Менің сүйікті суретім»
тақырыбында ойтолғау
жазуға бағыт береді.
Тірек сөздер: бейнелеу,
көркем кескіндеме,
графика, қолданбалы өнер,
бейнелеу өнері мектептері Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Оқыту мақсаты: ) Білімділік: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. ә) Тәрбиелік: Ақын өлеңін оқи отырып, Отанға, тілге, халыққа деген  сүйіспеншілігін арттыру. б) Дамытушылық: Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу  дағдысын одан әрі қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Ілияс Жансүгіров жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Ілияс Жансүгіровтың еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ: Топтарды құру Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:
Слайд арқылы ақын портретін көрсету.«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі  арқылы  І.Жансүгіровтың өмір жолын,шығармашылығын  айтып өтемін.
1894ж                                                           1938ж
1905-1911жж     1916ж       1920ж     1925ж     1928ж     1934ж    1936ж1)1834ж Талдықорған облысы, Ақсу аулында дүниеге келген.2)1905-1911жылдары алғашқыда әкесінен хат танып,содан соң молдадан оқып,Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алады.3)1916ж «Әншіге» өлеңін жазады.4)1920ж Алматыға келіп,үш айлық мұғалімдік  курсын  бітіреді.5)1925ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.6)1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» (қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетіндеқызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.7)1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімінбасқарады.8)1938 ж Зұлмат қолына ілігіп,ату жазасына кесіледі.
өлеңдері           прозасы             пьесалары              сатирасы           поэмасы«Бұлбұлға»     «Жолдастар»             «Кек»                  «Ала бие »            «Күйші»«Әншіге»         «Жол аузында»         «Түрксіб»         «Некешілдер»        «Күй»«Арман»           «Жарыс» т.б
И.А.Крылов             М.Ю.Лермонтов             Н.А. Некрасов               А.С.Пушкин.«Жапырақтар            «Тұтқын»                       «Шойын жол»                 «Дауылпаз »мен тамырлар»          «Қанжар»
«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе.Адамдықты көздесең,Жаттап тоқы көңілге»-деп,С.Торайғыров айтқандай Абай мен Ілиястың өлеңдерін салыстыру,талдату. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы- ол»«Жанды сөз», «Жыбырлақ», «Бойы бұлғаң» ( Күй ойналады.)Слайд арқылы Ілиястың айтқан сөзі оқылады.І.Жансүгіровтың  Ана мен Бала тақырыбына арналған көптеген өлеңдері бар соның ішінде «Бөбек бөлеу» өлеңі.Оқушыларға өлеңнен бейнелі сөздерді тауып, дәптерлеріне жаздыру.«Ана махаббаты» (соқыр баланың арманы) слайд арқылы берілген өлеңді оқушыларға оқыту.Оқушылар шығармашылығынан ана туралы өлеңдер, эсселер, суреттерәңгімелеу.( Күй ойналады)«Құлагер», «Күй» мен «Күйші» туған шақта,Кенелгенін білмепті — ау елің баққа!Осылайша қаламын ұштап, өнерін шыңдаған Ілияс атақты Ақан сері әншіге арнап «Құлагер» поэмасын, қазақтың күй өнерін елге танытқан «Күй», «Күйші»поэмаларын , туған елінің кең жазира даласына, Отанына сүйіспеншілігін «Дала» поэмасында төгілте жырға қосты.Құла  өлді, Ақан  жаны  жараланды, бірақ өнер өлмейді. «Құлагер» әні  дүниеге  келді. Ілияс  өнерге, өнерліге өлім жоқ деген түйін жасайды. Өйткені «Құлагер» әні жалпақ  сахараға  қанат қақты.Батыраштар дүниеге  келе береді, кете береді, бірақ олардан із жоқ. Ал Ақан «Құлагер» әнімен мәңгі жасайды, өнер  өмершең, Ілияс нысанасы да – осыАқынның  «Күй» және «Күйші» поэмалары тақырып жағынан бір – біріне  жақын  тұрады. Бұл халықтың дариядай тасыған өнері, ғажайып таланты туралы, күй өнері туралы тақырып.Ілияс  поэмаларының  ішіндегі әлеуметтік тынысы кең, терең мазмұнды аса көркемдерінің бірі – «Дала» поэмасы. Ақын бұл поэмасын  Қазақстанның  10  жылдық мерекесіне арнаған.Міне  осындай өшпес асыл мұраларды жазып қалдырған ақын 1938 жылы аяусыз зұлмат қолына ілігіп ату жазасына кесіледі
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
Мәтін бойынша жұмыс
1-топ – Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
2-топ – Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасайды.
2 топқа ортақ тапсырма:
2-тапсырма
1-топ: Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
.
2-топ: Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасайды.
Топтар өз жұмыстарымен алмасып, бір-бірлерін толықтырады және суреттер арқылы бір-бірлерін бағалайды.
Берілген суреттер бойынша өз ойларын білдіреді. Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
Жылдар Болған оқиғалар Шығармалары
1894 ж.
14 мамыр Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған 1909 ж. Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі. 1928 ж. «Сағанақ» тұңғыш кітабы жарық көреді
1929 ж. «Күй» поэмасы
1930 ж. «Дала» поэмасы
1934 ж. «Күйші» поэмасы
1936 ж. «Құлагер» поэмасы
1938 ж. Қайтыс болды Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.
Мұғалім «Табыс ағашын» таратады. Оқулық бойынша жұмыс жасайды. Жаңа тақырыпты оқулықпен жұмыс жасау арқылы постерде көрсетеді
Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
Оқушылар өз кластерлерін жаңа ойларымен толықтырады. Спикерлері оқып шығады.
Оқушылар табыс парақтарын толтырады.
Оқушылар «Табыс ағашын» толтырады. Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау: постерқұру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин Мазмұндау Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Анам тілі», «Домбыра» өлеңі
Оқыту мақсаты: . І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгертуМіндеттері.1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып, шығарманың идеясына көз жеткізу2. Әдебиет теориясынан түсінік беру3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал ету Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Ілияс Жансүгіров жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Ілияс Жансүгіровтың еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
-Өлеңінің мазмұнын аша біледі
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ: Топтарды құру Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:
Үш топқа қағаз, маркер үлестіріліп беріледі.«Топтастыру» әдісімен:1 - топ. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы2 - топ. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы3 - топ. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
- Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Қандай мақсат пен міндеттер қоямыз?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Әр топ өз басшысын тағайындап, қорғайды
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер
II «Анам тілі» өлеңі- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?(Оқушы ойын тыңдау )«Анам тілі» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашуБағасы алтын анам тілі – қымбатБағаланған балаң түрі - есейгенМаңымды танығанмын – білдімТәттілік – қадірлілікАпкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.Тіл туралы мақал - мәтелдер айтқызу.Нақыл сөздерді экраннан оқып беру.• Тілден биік асқан тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.Ғ. Мүсірепов.• Өз тілін сезбеген бала - ана сүтін татпаған жетіммен тең.Б. МомышұлыIII Ақынның келесі өлеңі «Домбыра» деп аталады.Домбыра қандай аспап? ( Оқушылар пікірін біле кету )Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т. б.Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.«Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқытып, мазмұнын ұғындыру.Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру. Өлеңде не туралы әңгіме айтылады?1. Домбыра үні2. Әуез3. Қарқын4. Күй суретіОсы жоспар бойынша талдауИнтерактивті тақтаға назар аударту. Әдеби теориялық ұғымдар.

Түйдектету Баяулату
Градация туралы оқу, дәптерге жазу. ( Не түсінгендерін сұрау, талдау)Градация, дамыту - алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақ -тата түсу.Г р а д а ц и я:1. Түйдектету 2. Баяулату«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)Домбыра, сенде мін бар ма?Мінсіз болсаң тіл бар ма?Тіл жоқ деуге бола ма?Тілден анық үн барда.Домбыраның күші молКөмейінде күй барда?(Түйдектеу бағытында жазылған)Келді жақын сең қағысқан,Үн шыққандай жолбарыстанТұншыққандайӨлді арыстанАт шапқандайЖер қайысқан.(Баяулату сарынымен жазылған )Теңеу, эпитетті тапқызуТеңеу:, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дыбыстай,жарыстай, дауыстай, барыстай.Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.
. Бағасы алтын анам тілі – қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын – білдім
Тәттілік – қадірлілік
Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.
Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин Мұғалім сабақ басында жасаған кластерлерін толықтыруды ұсынады.
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.
Мұғалім «Табыс ағашын» таратады. Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
Оқушылар өз кластерлерін жаңа ойларымен толықтырады. Спикерлері оқып шығады.
Оқушылар табыс парақтарын толтырады.
Оқушылар «Табыс ағашын» толтырады. ақын

домбырашыжурналист

драматургжазушы
әнші
Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин 1. І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу2. «Анам тілі» өлеңіне балама жазу3. «Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы» ( ойтолғау) жазып келу Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.

Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы
Оқыту мақсаты: Естеліктерді,қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.
Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу;
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Әуезов жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Әуезов еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- Әуезов әңгіме өнерінің негізін қалаушы екенін түсінеді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ: Топтарды құру Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында –
«Көксерек» кинофилімінен үзінді көрсету;
Сұрақ: Бұл үзінділер қай фильмнен алынған, шығарманың авторы кім?
Иә, Мұхтар Әуезов. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың арқауы- М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, эпиграфымен таныстыру, дәптерлеріне жаздыру;
Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім.Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар неткен ғажап  халық.(Б.Матип мырза)
Сабақтың тақырыбы:Әлем әдебиетінің алыбы.(Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы)
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
Жаңа сабақ түсіндіріледі:(ақырын музыка әуені естіледі)
1.Мұхтар Әуезовтің өмірі жайлы хрон. кесте арқылы түсінік беру
1897 жыл, 28.09. – Шыңғыстаудың баурайында дүниеге келген.Қасқабұлақ, Бөрлі Мұхтардың туып-өскен жерлері.( суретін көрсету)
Болашақ ұлы суреткердің алғашқы мұғалімі атасы Әуездің өзі еді. Әуез немерелеріне Абайдың өлеңдерін оқытады екен. «Абаймен дос болған әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады. Немерелері ұлы Абайдың өлеңдерін жақсы көріп өссін деп те ойлайды»,-дейді Әуезов өз естелігінде.11 жасында әкесі қайтыс болып, немере ағасы Қасымбектің қолында болады.(суретін көрсету)
1908 жылы Семей қаласындағы медреседе сабақ алады.
1909-1914 жылы Семейде училищеде оқиды. (сурет көрсетіледі)
1914-1919 жылы Мұғалімдер даярлайтын семинарияны бітіреді. (сурет көрсетіледі)
( Слайд )!
1930- түрмеге жабылады.1932 жылы босатылады. 1946 жылы Қаз ССР ғылым академиясының академигіболып сайланады. 1955жылы жоғары кеңес депутаты,1956 жылы еңбек қызыл ту орденімен, 1957жылы ленин орденімен марапатталады.1952 жылы қырғызстанда «Манаста мансұқтау-бір ұлттың тілін кескенмен бірдей»-деп халықтың ұлттық мақтанышын қорғап қалған.
Айтматов естелігі.
Әуезов шығармашылығы- Р.Бердібайдың сөзімен бастау(сурет). Ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің ,батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазақ әдебиетінің реалистік сипатын арттырып, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңрген жазушы М. Әуезовтің шығармашылық сапары 20 жылдардың бас кезіндегі «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» роман-эпопеясына , «Еңлік-Кебек» трагедиясынан «Қарақыпшақ Қобыланды» драмасына, теориялық зерттеу еңбектері бар ұзақ жемісті жол. 1917 жылыОйқұдықта «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды. Жалпы М. Ә. тырнақалды туындысы-1917жылы жазылған «Адамдық негізі-әйел» атты публист.шығармасы. 1918жылы «Бәйбіше-тоқал» драмасын жазады.Алғашқы кездегі шығармаларының көлемдісі де көркемі прозаның әңгіме жанрында жазылды десек, алғашқы жарық көрген әңгімесі-«Қорғансыздың күні» 1921 жылы жазылған. Жазушының 20 жылдарда жазылған әңгімелерінде қоғам өмірінің терең қатпарлары, ішкі қайшылықтар суреттеледі. Ал 30 жылдарда жазылған әңгімелерінде қоғамдағы, адам санасындағы өзгерістерді көрсетеді.
Драмасы туралы.
Аудармалары туралы.
Ғылыми еңбектері.
. Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер 1.Хронологиялық кестені толтыру
Сандар Мәлімет
1897ж,28.09 М.Әуезов дүниеге келді
1908 ж 1909-1914 ж 1914-1919 ж Тірек сөздер арқылы ой толғау жазу.3. Тест жұмысы.
Тест сұрақтары
М.Әуезов қай жылы ,қай жерде дүниеге келген?
А/1895ж,Абай ауданында
В/1896ж, Шыңғыстауда.
С/1897ж, Шыңғыстауда
Д/ 1898ж, Абай ауданында
Семейдегі қалалық училищеде қай жылдары оқыды?
А/1909-1914ж В/1908-1910 С/1909-19018 Д/1909-1912
Алғашқы туындысы қалай аталады?
А/ «Көксерек»
В/ «Қарагөз»
С/ «Адамдық негізі-әйел»
Д/ «Қарақыпшақ Қобыланды»
20 жасар Мұхтар «Еңлік-Кебек» пьесасын алғаш рет қай жерде қойды?
А/Семей қаласында В/Ойқұдықта С/Бөрліде Д/ Алматыда
М. Әуезов 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болады?
А/ Атасының В/ Әуездің С/ Апасының Д/ Қасымбектің
Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасы қалай аталады?
А/ Ұшқын В/ Жеңіс С/ Жарыс Д/ Жастар
« Абай» романының 1-кітабы қай жылы жарық көрді?
А/1940 ж В/1941ж С/1942ж Д/1943ж
1916ж оқиғаға құрылған драмасын көрсет.
А/ « Түнгі сарын»
В/ «Қилы заман»
С/ «Қарақыпшақ Қобыланды»
Д/«Қарагөз»
М:Әуезовтің алғашқы әңгімесі қалай аталады?
А/«Көксерек» В/ «Жетім» С/ «Қорғансыздың күні» Д/ «Қараш-қараш оқиғасы»
Мұғалімдер даярлайтын семинарияда қай жылдары оқыды?
А/ 1914-1919ж В/1908-1910 С/1909-19018 Д/1909-191
Оқушылар «Табыс ағашын» толтырады. Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин Хронологиялық кестені жаттау, ұлы адамдардың М.Әуезов туралы айтқан ойларын дәптерге жазу.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Оқыту мақсаты: Адамдар мен көк бөрінің іс — әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе — теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану.
Күтілетін нәтиже:
-Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді.
- Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.
- Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ: Топтарды құру Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Хайуанатқа жасаған қиянатың,
Адамзатқа жасаған опасыздық
                                                 Қадыр Мырзалиев
 Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта — ықыласымыз бен назарымызды тақтаға аударсақ.
Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минутОсы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?Міне, осындай өнер туындыларының бізге айтар ойы, көтерген мәселесі қандай? Біз не ұқтық?Осы сауалдарға жауап іздеу, ой қозғау – яғни шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау – бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.Әуезовтен бізге жетті көп дерек,Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.Шуылдасып ауылдың бар иттеріЖабылыпты Көксерекке көп төбет— Олай болса, біз өткен шығарманың оқиғалық желісі кімдердің арасында өрбиді, кейіпкерлері кімдер?— Әрине, Көксерек пен оның иесі және адамдар іс — әрекетіне байланысты дамиды. Олай болса, біз қазір «Адамдар» және «Қасқырлар» тобы болып екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.«Адамдар» және «Қасқырлар»  Топқа бөлу
«Көксерек» фильмінен үзінді көреді. Шығарма мен көркем фильм арасындағы байланыс туралы ойларын ортаға салады.
Оқушылар кеспе қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер
КУБИЗМ
КУБИЗМ әдісі бойынша 6 тапсырмасын екі топқа бөлемін. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады.
СУРЕТТЕ – Көксеректің портретін суреттеңізСАЛЫСТЫР – Көксерек пен Аққасқаны салыстырЗЕРТТЕ – Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?ҚОЛДАН –Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?ДӘЛЕЛДЕ –Құрмаштың өліміне кім кінәлі?  ТАЛДА – Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы. Жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және постерге дайындық. Жасаған жұмыстары бойынша постер, бағалау.
. Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин А3, А4 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер «Дөңгелек үстел» стратегиясы
1.Қасқыр туралы не білеміз?
 Қасқырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
-          Әңгіме қалай аяқталды?
-          Қалай ойлайсыздар, Құрмаштың әжесінің қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп болды?
-          Жазушы неге үндейді?
«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады; әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек
-          Құрмаштың әжесінің қарғысымен
-          Бұл әже қарғысы — ...
Оқушылар жауап береді.
Шығармада көтерілген мәселені өлең жолдарымен, нақыл сөздермен, көркем тілмен түйіндейді. Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау
Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды
Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
Сынып: 7. Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Оқыту мақсаты: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді.
- Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.
- Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ: Топтарды құру Жас ерекшеліктер
СТО
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин Сұрақ:1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?( тілін білу, әдебиетің білу)Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.Әр ұлт өз тілін білу керек.Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.Біз одан оқып білеміз.2. Ал енді мына слайд шоуға назар аударыңдар.М. Әуезов туралы мәліметті сендер толық алдыңдар деп ойлаймын.М. Әуезов туралы не білеміз?Мухтар Әуезов↓Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы.Қазақты әлемге танытқан қоғам қайраткері.Шығыс Қазақстан облысында туған. (1897 - 1961ж)ДраматургМ. Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы қалай аталады? «Абай жолы Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.Осы әңгіменің мазмұнын мен сендерге қысқаша айтып өтейін.Ситуациялық сұрақ.1. Қасымның қашуы дұрыс па еді? Неге кері қайырылмады?2. Сен Қасымның орнында болсаң не істер едің?Сөздік жұмысы: Қиянат - әділетсіздік. Қаға беріс - шеттеу.М. Әуезовтің шығармалары бойынша түсіндірілген «Көксерек», «Қараш - қараш оқиғасы» атты фильмдер бар, және бүгін танысатын «Жетім» әңгімесі - халықтың қалын, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгіме.V Топқа бөлу.1) Ғылым тобы2) Тілшілер тобы (жазу)3) Бейнелеушілер тобыI. Ғылыми топОқулықпен жұмыс: /мәнерлеп оқытамын/Мәтінді бөлімге бөлу1. Жалғыз жаяу2. Қасымның әжесінен айрылып қаралы күйге түсуі.3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.4. Тау ішіндегі қорқыныш.5. Ағашқа қатып қалған бала.ІІ. Тілшілер тобы (жазу)Тілшілер тобы (жазу)1. Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім? (әңгіменің қай бөлімінде)2. Қасымның әжесінен айырылуы.3. «Жетімнің малына қианат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» деп кімге тапсырды?4. Қасымның ойы неден шатасты?5. Тау ішіндегі түнгі қорқыныш.6. Қарама қайшы элементтер.ІІІ. Бейнелеуші топ.7. 1. Табиғат балаға қалай көрінеді? Оны табиғатпен байланыстырайық. Көңіл күйінің үндесуі. Бөлім бойынша сурет сал.8. 2. Кім рөлге кіріп Қасымды бейнелей алады?9. 3. Қасым жеті түнде неліктен жалғыз жаяу келе жатты?10. 4. Қасымның тағдыры неге қиын болды?11. 5. Әңгіме неліктен жетім деп аталған?VІ. «Ойлау» стратегиясы.«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?Жетім.....................VII. Мақал - мәтелдермен жұмыс1. Жаңбыр жаумаса — жер жетім.Үйрек қаз кетсе көл жетім2. Ері жоқ ел — жетімЕлі жоқ ер жетімПарықсыз болса, сөз жетім
Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин Оқиға желісі - Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталдыНемен аяқталды? Қорқыныштан жүрегі жарылды. Қасымның өлімі.Шығарманың идеясы және құндылығы: Жетім көрсең жебей жүр. Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты. Ата - ананың қадірін бағалай білейік. Қоғамның айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауы2. Мақал - мәтелдерді сәйкестендіру:1. Жалғыздың үні шықпас,Жаяудың шаңы шықпас2. Қара көзден нұр тайса,Айналаң қара түн болар.3. Жақсы - жаңына жолдас.Жаман малыңа жолдас4. Жаман сөз жүрекке тастай тиеді.5. Қорқаққа қос көрінеді.Тәрбие отбасынан басталады.Салыстыру. Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/3. Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата - ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді.Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?Балалардың тілектерін қағаз бетіне түсіруАНА, ӘКЕ, АТА, туған — туысІХ. Бейнетаспадан балалар және шетелдегі балалар туралы.Қорытынды.Балалар, бүгінгі сабақ барысында танысқан шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?Нені білдік?Нені білгіміз келеді?Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, арақ сияқты жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.Жерде жетім жыласа,Көкте періште қайғырады - дейді.Жетімін жылатпаған ел болайықӘрқашан күн сөнбесін,Аспаннан бұлт төнбесін.Қасымда болсын анам,Болайын менде аман Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»
Оқыту мақсаты: 1.Халқымыздың ардақты Ғабит Мүсірепов туралы жан-жақты мағлұмат беру,оқушылардың білімдерін тереңдету. 2.Оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,еркін ойлау,ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіріп дамыту. 3. Ғабит Мүсіреповтың өмірін үлгі ете отырып,құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар : Ғабит Мүсірепов жайындағы сұхбаттарға қатысады;
-: Ғабит Мүсірепов еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданылған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
1-3 мин. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ: Топтарды құру Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
Уәж туғызу кезеңі
3-10
мин  Балалар, біз Ғабит Мүсіреповтың өмірі және оның шығармашылығы туралы жаңа білім аламазыз, қорытыфндылаймыз.Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет бере отырып оқушылардан сұрау.
1. Ғабит Мүсірепов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2.Қызылжар өңірінде ғабиттен басқа қандай дарынды тұлғалар дүниеге келді?
ІV.Ой шақыру: интерактивті тақтамен жұмыс
Ғадит Мүсірепов қаламынан шағын әңгімелер, драммалық шығармалар, эпикалық туындылар және тамаша аудармалар туды.
Жазушы жазған ең құдіретті тақырыптардың бірі – Ана тақырыбы.
«Ананың арашасы» шығармасын талдауларыңа оңайырақ болсын деп повесті үш тарауға өзара ат қойып бөліп тастадым. Әр тарауға қажетті тірек сөздер берілген. Соған қарап отырып, әр тараудың мазмұнын баяндау. Әр тарауға қатысты сендерге беймәлім сөздерге түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізулеріңе болады.
Осы повесте біз, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын, анаға деген сыйластықты көреміз.
Қазақ халқының сол кезеңдегі жай күйі:
1.әлеуметтік жағдайы
2. экономикасы
3. саяси өмірі
4. салт-дәстүрі
5. тұрмысы
Қазақ әдебиетінің класигі Ғабит Мүсірепов барлық жанрда шығарма жазған, әрі ол шығармаларынан басы артық сөз таба алмайсыз. Қазақ әдеби тілінің тазалығы үшін тынбай күрескен қайраткер де Ғабит Мүсірепов
Жаппай сұрау.
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
Негізгі кезең 10-25
мин
Автобиографиялық әңгіменінің 1 бөлімді оқу 4. Талдау -Бала қай кезде туды? -Наурыз ол не? -Қандай Наурыз өлеңдерді білесіңдер? - Баланың елі қазақ даласының қандай жағын жайлайтын еді? -Ол ел қыс айларын қайда өткізеді? -Ол күні есте қаларлық қандай оқиға болды? -Қалжа ол не? -Қалжа сүйегіне неліктен иттер таласа алмаған -Баланың аты қалай берілген? -Баланың есінде нелер қалмаған? -Баланың шешесі не туралы айтып отыратын еді? 5. Автобиографиялық әңгіменінің 2 бөлімді оқу 6. Талдау -Әке-шешенің қандай тілегі орындалды? -Ауыл жазда қай жерді қоныстайды? -Ауыл қыс айларын қай жерде өткізеді? -Бес-алты ауыл молданы не үшін жалдады? -Молданың жылдық еңбегіне не беріледі? -Ауыл бітір садақасын кім алады? - «Жұмалық» ол не? -Молда балаларды әр үйде қанша уақыт оқытады? -Балалар оқитын мектебі қандай? 7. Оқу-білім туралы мақал мәтелдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқу 8.Дәптерде жұмыс 5 жол өлең шығару Ғабит Мүсірепов Қайсар,атақты Туды,өсті,жыламады Ғабит Мүсірепов наурызда туды. Махмұтұлы IV. Слайд «Ғабит Мүсірепов» туралы» көру 
.
. Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету. Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
Сергіту сәті
25-27
мин.
Мұғалім бейнероликті қосады.
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды. АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды кезең 27-42 мин Сабақтың  insert  стратегиясы бойынша бекіту. Осы тақырып бойынша не білетін еді, нені үйренді, білді, не жөнінде білгісі келеді.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
     
Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
Үй тапсырмасы 42-45 мин Эссе « Кім болғым келеді?» Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.