М.?уезов Біржан сал Абай ауылында /2-са?аты/
Қысқа мерзімді жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті Күні: Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы М.Әуезов "Біржан сал Абай ауылында" 2-сағаты
Сілтеме "Әдебиет" 6-сынып оқулығы
Мақсаты Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып - үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;•Логикалық ойлауларын, сөйлеу тілдерін байыту;• Қазақтың салт-дәстүрін білуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Күтілетін
нәтижелер ақын тағылымы негізінде оқушылардың жан - жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі болу;•Абай мен Біржан арасындағы рухани үндестікті, өнерге деген көзқарасын талдай алады;•өзіне және өзгелердің ісіне талдау жасайды;
Түйінді идеялар: • теориялық білімдерін іс жүзінде дәлелдей алады;• тақырыпты ашып, мағлұматтар алады;• сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады;• тапсырмамен бірлесіп, тиянақты жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіреді;• ойын жүйелі түрде жеткізе біледі.
Сабақтың түрі Өткен тақырыпты бекіту, қрытындылау сабағы
Қолданылатын әдістер Блум таксономиясы, топтық жұмыс, СТО
Керекті жабдықтар
А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Психологиялық тренинг 1 мин "Шаттық шапалақтары"
Атадан арқалаған аманатым,
Тәуелсіздік- тасы берік қағанатым.
Алланың қолдауымен бабалардан
Бүгінге жетіп келген қанағатым.
Тәуелсіз елдің болған ұрпағы едім,
Өзімнің ұранымды шырқап едім.
Қорғаймын қолыма алып қағаз,қалам
Жырлаймын қалғанынша ұлпа демім. Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын хормен мәнерлеп оқиды
Ұйымдас
тыру
"Тәтті жемістер" 2 мин
Тәтті мандариндердің астына жасырылған рет сандары арқылы топтастырамын.
Бір бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл күйлерін көтеру.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ ережесін естеріне сақтайды
Үй тапсырмасы
«Брифинг кездесу» әдісі 2 мин Ортаға 7 оқушы шығып, микрофонды бір-бірімен алмастыра әңгіменің мазмұнына шолу жасайды.
1) Абай ауылына келген сыйлы қонақтар2) Абай қиялы 3) Біржанның «Жанбота» әні4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»5) Біржан шәкірттері6) Әйгерімнің әні7) Біржанның Абай ауылынан үлкен құрметпен аттануы Оқушылар жоспар бойынша әңгіменің мазмұнына шолу жасап, талдайды.
Ой шақыру
Мағынаны тану- жаңа білімді табу
(Біржан сал туралы бейнеролик көрсету)
Сабақтың эпиграфыҚұлақтан кіріп, бойды алар,Жақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, менше сүй!.. Оқушылар бейнеролик бойынша көргендерін ортаға салады
Білу
"Кейіпкерлер қонақта" 5 мин Абайдың отауы.. Ән айтылып жатыр.
Абай (Біржанға қарап):-Өзгені не қылайын ,Біржан аға, ел мақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленіп байды сауып,сөз қадірін кетірген. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Ондайлар ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдан арзан етеді. Сен әнді керісінше босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының өзі қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр.
Біржан:- Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!
Абай:-Бай боп, қадірлі болмайды, жігіт өнерлі боп, қадірлі болады. Өнерлі болсаң өр бол, дейді , Біржан аға! Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілікемес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң-ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегіжасты тыйсаң, сенен қадірлісі болмас!
Біржан : Айтқышсың ау, Абай!
(Қолындағы домбырасын қағып-қағып жіберіп, “Жанботаны” шырқауға кірісті).
Ән аяқтала бергенде жастар шуылдасып,қошемет көрсетті.
--Жарайсың!
- О-хо, бәрекелде!
-Бұлай айтпасаң, Біржан болармысың!
Абай(орнынан тұрып):
- Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..
Оқушылар арнайы дайындалған көріністі ортада сахналайды.
Түсіну
"Сұрақтар аллеясы" 1 мин Не білдік? - Балалар, қазіргі қойылымнан не көрдік?
- Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе? - Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз? мүсін өнері, сөз өнері ән, би, бейнелеу, сәулет, қолөнер, күй. Оқушылар қойылым бойынша көргендері мен түйгендерін ортаға салады.
Қолдану
5 мин Әңгімені композициялық құрылысына талдату.
1. Оқиғаның басталуы — ауыл жастарының ойын – сауығы
2. Оқиғаның байланысы- Абай ауылына Біржан салдың келуі.
3. Оқиғаның дамуы—Біржанның ән айтуы.
4. Шиеленісуі – Жастардың әнге деген құлшынысы.
5. Шарықтау шегі—Ұлжаннан бата алып Біржанның еліне аттануы.
6. Шешімі- Жаңа әннің дүниеге келуі
2-топ "Тұжырым кестесі"
Өнер иесі Портреті Орындаған әні Адами қасиеті Баға беру
Біржан 1топ- композициялық құрылысына талдау.
2топ- тұжырым кестесін толтыру
Берілген тапсырманы орындайды.
Постер қорғайды
Талдау
"Алақан, Жұдырық" әдісі
3 мин
1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)2. Әйгерімге алғыс айтқан кейуана (Иіс)3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан) Оқушылар ауызша берілген сұрақтарға дұрыс болса алақандарын көрсетеді, дұрыс емес болса жұдырықтарын түйеді.
Жинақтау
"Портреттік диктант"
Сергіту сәті
5мин Солардың ішіндегі ең -------------және бар жиынға қадірлі, --------------- мынау қос ішекті домбыраны ----------------- отырған орта бойлы, қызғылт ------------, кең ақ ------------------, -------жігіт. Ол- ------ аты шыққан, бүкіл Орта жүзді ---
Сыныптың оқушысы ортада күй тартады. Ал қалған оқушылар тапсырманы орындайды. Оқушылар оқулық бойынша жұмыс жасап, жеке оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Бағалау
"Шығармашылық баспалдағы" 3 мин 1 топ- "Өнерлі өрге жүзер" (ойтолғау жазу)
2 топ- "Біржан ағаға хат" (хат жазу)
Жеке оқушымен жұмыс: ермексаз беріп, қандай да бір мүсін жасату. Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
Қорытынды
Бүгінде еліміз айрықша мереке – тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздік әрбір қазақстандық үшін мәні мен мазмұны терең, баға жетпес басты байлығымыз. Оны сіздердің балғын жүректеріңіз жете түсінеді деп есептейміз. Еркін елдің бүгінгі ұландары азат Отанымыздың елтұтқа азаматтары болады деп барша жұрт сенеді. Тәуелсіз еліміздің терең тарихы, бай әдебиеті мен қазыналы мәдениеті бар екенін білесіздер. Еркіндікті, азаттықты аңсаған талай арыстарымыз өтті. Елін, жұртын білім, ғылымға, өркениетке шақырған талай тұлғалар болды. Сондай тұлғалардың ішінде шоқтығы биік екі тұлғаның да орны ерекше. Рефлексия 5 мин «Еліме 25 тілек »
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді стикерге жазып, өз Отанына деген тілектерін арнайды.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бірнеше сөзбен сипаттап береді.
Үйге тапсырма 1мин "Өнерім- өмірім" тақырыбына ойтолғау жазу. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Оқушыларды бағалау 2 мин Бағалау бешесі арқылы оқушылардың бағалауына назар аударын, өзімнің қорытынды бағамды шығарамын. Топ басшысы өз мүшелерін бағалау бетшесіне бір-бірін бағалайды.
Оқушылардың бағалауынан кейін мұғалім бағалайды