?аза? ?дебиеті п?нінен 6 сынып М?хтар ?уезов Біржан сал Абай ауылында


Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен ұштастыру;
Дамытушылық – әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп, пікір алмастыра білуге үйрену, өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу, әсерін, пікірін білдіру;
Тәрбиелік – оқушыларды ата-ана алдындағы, туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: елес жетелеу, жиксо әдісі, проблемамен саудалас, қарама-қайшылықты табу;
Көрнекіліктер: интерактивті құралдар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу, оқу құралдарын тексеру;
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі:
1)Елес жетелеу әдісі: Үш рет терең дем алып, партаға басымызды қоямыз. Сұрақтарға іштей жауап береміз. Сол іштей жауап берген сөздерді қағаз бетіне түсіреміз.
1. Сенің өзіңе ең бірінші жақын адамың кім?
2. Жақсы көретін жанның сырт бейнесін қалай сипаттайсың?
3. Ол кісімен қай жерде отырсың?
4. Айналада қандай заттар бар?
5. Екеуің қандай тақырыпта әңгіме қозғадыңдар?
2) Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған?
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі:
Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Өмірі Шығармалары
1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1965 – 1970 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған .
1970 – 1977 «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 1977 – 1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып жұмыс істейді.
1970 – 1990 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болады.
1990 – 1992 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, Жазушылар одағында жұмыс істеген.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі болды.
1997 жылы ҚР Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. «Көкжиек» (1969)
«Күзгі жапырақ» (1971)
«Ақиқат» (1974)
«Айтылмаған ақиқат»
(1979)
«Истина» (1980-1981)
«Ақшоқыда қыс қатты»
(1987) жинақтары жарық көрді.
Драмалық шығармалары: «Өліара», «Біз үшеу едік» т.б
Жигсо әдісі:
Әңгіменің мазмұндау жоспары:
1. Ерғабыл қарттың арманы
2. Ата-ана сағынышы, қонақтарды қарсы алу
3. Сапабектің әңгімесі
4. Қонақтарды шығарып салу
І топ – 254-256 бет
ІІ топ – 257-259 бет
ІІІ топ – 260-261 бет
ІV топ – 262-264 бет
Қадамдары:
1. Топ мүшелері нөмірленеді: 1,2,3,4...
2. Бірдей нөмірленген мүшелер орын ауыстырады.
3. Берілген тапсырманы талқылайды.
4. Топ мүшелері қайтадан орын ауыстырып бір-біріне түсіндіреді.
5. Экспорт топ мүшелерінің біреуі шығып, ауызша түсіндіреді.
6. Отырған топ мүшелері сұрақ қояды.
ІV. Ой толғаныс
а) Проблемамен саудалас әдісі:
Әңгіме бойынан адамға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Мысалы: сүйіспеншілік, салқындық, мейірімділік, мақтаншақтық, т.б.
Сол аталған қасиеттердің бірін алып, шағын ойтолғау жазу.
ә) Қарама-қайшылықты табу әдісі.
Әке Бала
Арманшыл
Қажырлы
Мейірімді
Ақылды
Төзімді Қуыс кеуде
Мақтаншақ
Салқынқанды
Саяз ойлы
Өркөкірек
Үйге тапсырма:
1) Әңгіменің мазмұнын түсіне отырып оқу.
2) «Менің парызым» (Эссе)
Бір тамшы ой
Алғаш рет еңбекақы алсаң – анаңа, әкеңе сыйлық әкел. Бұл сыйлығың – алғысыңның айғағы.
В.А.Сухомлинский