Ерте Темір д?уіріндегі Орталы? ?аза?стан (6сынып)


Бекітілді 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы 13.03.15
Сабақтың тақырыбы: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқаның тұрғындары, олардың шаруашылығы туралы түсінік беру.
Ізденімпаздыққа,шығармашылыққа,өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқушыларды елжандылыққа, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: СТО технологиясы,интерактивті әдістер.
Көрнекілік: карта, слайдтар,суреттер
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Сынып оқушыларын 3топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ жауап.
Сарматтар деген кімдер?
Сарматтар туралы дерек қалдырған кімдер?
Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?
Әскери демократияның мәні неде?
Сарматтардың зерттелген қорымдарын ата.
Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?
Сарматтардың шаруашылығы.
Сарматтардың саны қанша болған?
Парфияны жаулап алған кім,қашан?
Дайлар деген кімдер?
Сарматтардың әсемдік заттарын ата.
Сарматтардың тұрмысы .
Сарматтарда отырықшылық болған ба?
«Бір айналым сөз» стратегиясы.
Ғұндар туралы не білесің?
Қаңлылар туралы не білесің?
Үйсіндер туралы не білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Картамен жұмыс. Қазақстанның Солтүстігін,Оңтүстігін,Батысын,Шығысын көрсету
Орталық Қазақстанды табу. (б.з.б 8ғ-б.з 5ғ) мынау қай кезең?
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан»
Тақырып жоспары.
Сарыарқа-ұлы дала
Сарыарқаның тұрғындары.
Шаруашылығы.
«Мағынаны ажырату» кезеңі.
«Сарыарқа-ұлы дала» мұғалім түсіндірмесі.
Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста созылып жатқан Торғай үстірті қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр. Ал оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, Cарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толықтай,  Торғай, Семей аймағы  Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған.
Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.
Деректермен жұмыс.
Топқа.Жер бедері.Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан,ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады.Араларында үлкенді кішілі ойыстар,қазаншұңқырлар кездеседі.Ең биік тауы Қызыларай, одан солтүстікке қарай Қарқаралы,Кент,Баянауыл,Шыңғыстау таулары жатыр.Таулар арасында табиғаты сұлу көлдер бар.Олардың жағалаулары мен тау беткейлерінде қарағайлы орман өседі.
топқа.Климаты. Сарыарқаның климаты құрғақ.Қысы суық.Суық күндері температура 400 С дейін төмендейді.Жазы құрғақ,ыстық шілдеде температура 350С дейін көтеріледі.Көкшетау,Қарқаралы,Баянауыл Қазақстанның ең көрікті жерлері,демалыс орындары,туристер көп келетін аудандар.Сарыарқаның таулары мен олардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер бар.Олар осы өлкенің сұлу табиғатына қосылып,таң қалдырады.
Топқа. Пайдалы қазбалары:
Сарыарқа пайдалы қазбаларға бай өлке.Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған,Қарсақпай,Атасу,Саяқ,Қоңырат кен орындары мыс, темір,марганец кендеріне бай.Жәйремде сирек металл өндіріледі.Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды,Жезқазған,Балқаш,Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.
Мәтінмен жұмыс:
1-топқа.Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанды кімдер мекендеген.
2- топқа. Сарыарқа тұрғындарының шаруашылығы.
3- топқа.Көшпелілер қандай жұмыстар атқарған.
ІІІ. «Ой толғаныс» кезеңі.
«Сәйкестендір»
Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқа тұрғындары
Аргиппейлер Орталығында
Исседондар Шығысында
Аримаспылар Солтүстік батысында

Бағалау: Үйге тапсырма: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.
«Елімнің жүрегі Астана» сурет салып келу.
Бекітілді 7-сынып. Қазақстан тарихы 21.12.15
Сабақтың тақырыбы: Моғолстан (ХІҮғ ортасы- ХҮІғ басы)
Сабақтың мақсаты:
Моғолстан мемлекетінің пайда болуы,этникалық құрылымы,ішкі сыртқы-жағдайы,ыдырауы туралы түсінік қалыптатыру.
Ізденімпаздыққа,шығармашылыққа,өз ойын жеткізе білуге,өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Оқушыларды елжандылыққа, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: СТО технологиясы,интерактивті әдістер.
Көрнекілік: карта, слайдтар,суреттер
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп, түгелдеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Сынып оқушыларын 3топқа бөлу.
Сабаққа кіріспе: «Патриоттық тәрбие» минуты.
«Біз тарихты бізден бұрын не болып,кімдер өткенін білу үшін ғана емес, ең алдымен, олардың қайсысынан қандай өнеге,қандай тағлым ала алатынымызды анықтау үшін зерттейміз»
Ә.Кекілбаев
«Біздің тәуелсіздігіміз хан майданда емес,бейбіт жағдайда келді.Бірақ,қан да төгілмей қалған жоқ.Қалай келсе де одан қастерлі,одан қасиетті ештеңе болмауға тиіс»
Ә.Кекілбаев
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ- жауап.
Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекет? Ақ орда.
Ақ орда мемлекеті өмір сүрген мерзім? (ХІҮғ,ХҮғ)
Ақ орданың орталығы (Сығанақ)
Ақ орданың алыып жатқан жері? (Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін,Сырдарияның орта және төменгі ағысына дейінгі жер)
Ақ орда қандай мемлекет болды? (патриархалды феодалдық)
Ақ орда Алтын ордадан қай хандар тұсында бөлінді?( Ерзен,Мүбәрәк,Ұрыс хан түсында біржола бөлінді)
1327-1328 ж Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырған хан? (Мүбәрәк)
1368-1369 ж Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырған хан? (Ұрыс хан)
1374-1375ж Ұрыс хан қай жерлерді бағындырды? (Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын орда астанасы Сарайды,Қажы Тарханды алып,Кама бұлғарларын бағындырды)
Әмір Темірді паналаған Түй Қожаның баласы (Тоқтамыс)
Тоқтамыс Темір Мәлікті жеңіп Сығанақты алған жыл? (1379 ж)
Ақ орда мемлекеті қалай құлады? (1428 ж Әбілқайыр хан өз мемлекетін құрды)
Ақ орданың шаруашылығы?(Көшпелі,жартылай көшпелі мал шаруашылығы,диханшылық)
Ерзен хан ұай қалаларда мешіт,медресселер салдырды? (Отырар, Сауран, Жент,Баршынкент)
Қай ханның тұсында қалалық мәдениет дамыды? (Ерзен)
Жазғы жайылым қай жерде болды? (Алтай,Ұлытау,Орал тауларының бөктерлерінде)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Мұғалім түсіндірмесі.
Топпен жұмыс.
1-топқа. «Моғолстанның құрылуы,жер аумағы»
2- топқа. «Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы»
3- топқа. «Моғол хандығының әлсіреуі»
Топтар постер қорғайды. Дайындыққа 7минут.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
«Қара жорға» биін Қазақстанға Арыстан қажы Шәдетұлы алып келген.13мың қытайлық бір мезгілде билеп Гиннестің рекордтар кітабына енген.Биді Қытайда денешынықтыру пәніне кіргізіп, сергіту сәті ретінде енгізілген.
Кестені толтыр.
Жылдар Оқиғалар
1348жыл Тоғылық Темір Моғолстан ханы болып сайланды
1360-1361жыл Тоғылық Темір Мауараннахрға жорық жасап баласы Ілияс Қожаны хан тағына отырғызды
1365жыл 22маусым Әмір Темір мен Ілияс Қожаның арасында «Батпақ шайқасы» болады
1371-1372жылдар Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы
1380-1390жылдар Әмір Темірдің 120мың адамдық екінші жорығы
1428жыл Хан тағына Уәйіс ханның отыруы
1433жыл Есенбұғаның хан болуы
Сабақты бекіту:
Түсіндірмелі сұрақтар
1.Моғолстан қай ұлыстың жерінде құрылды.Неліктен Моғолстан аталды?
2.Тоғылық Темір ханның ислам дініне көзқарасы қандай болды?
3.Әмір Темір жорықтарының қандай зардаптары болды?
Қорытынды: ХҮғ ортасында қазақ хандығының құрылуына Ақ орданың да Моғолстан хандығының да маңызды орны бар.Ақ орда құрамында болған тайпалар қазақ хандығының негізін құраса, Моғолстан ханы Есенбұға Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібекке батыс Жетісудан Қозыбасы,Шу аймағын береді.Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550жыл толып бұл айтулы мереке кең көлемде атап өтілді. (слайд көрсетіледі)
Үйге тапсырма: §25.
Бағалау:
Шүйішбекқызы Зәмзәгүл
Ұштаған орта мектебі
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы